КЕЛІСІЛДІ БЕКІТІЛДІ
Қабылдау комиссиясының С. Торайғыров атындағы ПМУ
жауапты хатшысы қабылдау комиссиясының
Захаров И. В төрағасы проф. Арын Е.М.
«___» _____________ 2009 ж. ____________________
«__» __________ 2009 ж.
050402 «Аспаптық орындау»,
мамандығы бойынша шығармашылық қабылдау емтиханның
бағдарламасы
Түсініктеме
Бағдарламаның мақсаты – шығармашылық, орындаушылық қызметті жүргізу, әртүрлі жанрлардағы, стильдердегі, халықтардың, композиторлардың музыкалық шығармаларын орындау, шығармашылық және педагогикалық қызметтің түрлері мен әдістерін жасау.
Талапкерлердің жеке білім бағдарламаларын іріктеу, жоғары кәсіптік білімнің деңгейіне сай мақсатқа жетудегі мамандық пәнінен ойнау шеберліктерін тексеру – шығармашылық емтихан қабылдаудың қажетті бөлігі.
2. Екінші шығармашылық емтихан теориялық пәндер. Емтиханның талаптары:
а) музыкалық диктант
ә) гармония пәні бойынша музыкалық тапсырмалары
б) коллоквиум
Бұл дайындық курсының соңғы бөлімі – мамандық бойынша мемлекеттік емтихан жеке бағдарламаны орындауды көздеуі керек, оған мыналар енеді: кемінде төрт шығарма, соның ішінде ірі түрдегі шығарма, виртуоздық, классикалық стильдегі және Қазақстан композиторларының пьесалары, ұзақтығы жиырма минуттан кем болмауы тиіс.
Шығармашылық еитихан бойынша талапкер білімі мынадай
талаптарға сайкес болуы керек:
музыкалық терминалогия
музыкалық стиль, музыкалық жанр
шығармаға музыкалық талдау жасау
Талапкер білуге тиіс:
аспапта арнайы бағдарламаны орындау
музыкалық шығарма (үзінді) орындау
тыңдау арқылы музыкалық аккордтарды ажырата білу
әуенді гармонизациялау
шығармаға музыкалық талдау жасау
Арнайы аспапта музыкалық шығармаларды орындауға арналған
әдістемелік нұсқау
Кәсіби орындаушылық шеберлігі негіздерін тәжірибеде меңгеру, шығарманың мәнін ашу, түрлі стильдердің, жанрлардың, орындаушылық тембрлік дыбысының өрнектік мәнін ой елегінен өткізу.
Мәселені эмоционалдық–экпресивтік көркем тілмен жеткізе алуы қажет.
Орындаушыға қойылар басты талап – ойнау шеберлігі, шығарманың мазмұны мен формасын білу, түрлі жанрлар мен дәуірлер шығармаларының дәстүрін игеру.
Жұмыс тәртібі:
шығарманы орындау;
шығарманың тақырыптық бейнесін анықтау;
шығармаға музыкалық талдау жасау;
шығарманың көркем образдық сырын ашу;
орындаушылық дағдылырын меңгеру.
Аспаптың техникалық көркемдік мүмкіншілігін білу.
Орындаушылық өнердегі көркемдік ой қызметінің ерекшелігі
Қойылатын талаптар:
Орындаушылық өнердің жалпы қағидалары мен әдістері.
Әр жоғарғы көркемдік деңгейдегі концерттік репертуарды шығармашылық тұрғыда игеру.
Ірі көлемді шығармалар және оның ойнау ерекшіліктері.
Аппликатура. Позиция.
Транспозиция (музыкалық шығарманы бір тональностен екіншісіне көшіріп ойнау.
Нотаны бірден ойнап кету үшін жаттығулар.
Музыканттың шығармашылық инициативасын дамыту үшін жұмыстар.
Пьеса орындаудағы кейбір апликатуралық ерекшіліктер.
Позициядан позицияға ауысудың негізгі әдістері.
Флажолет, жасанды флажолеттің орындалуы.
Альтерация динамикалық белгілері.
Қазақстан композиторларының пьесаларын ойнау.
Ырғақтың ерекше түрлері.
Күрделі шығармаларды ойнау.
Аралас өлшем. Аралас өлшемдерді ойнау.
Позиция. Метр.
Гамма. Хроматикалық гаммалар.
Модуляция.
Мелизимдер.
Ауытқу. Халықтық әуездер
Музыкалық терминология.
Шығармашылық репертуар.
Бірінші шығармашылық емтиханның балл көрсеткіштері
Балдың ең жоғарғы саны – 25
Ірі көлемді музыкалық шығарма – 8
Полифония - 7
Шетел, орыс композиторлар шығармалары – 5
Қазақстан композиторларының шығармалары – 5
Мамандық пәні бойынша шығармашылық емтихан
Түсініктеме
Мамандық пәні бойынша емтихан мынадай талаптарға сайкес болуы керек:
- орындаушылық шеберлік;
концерттік өнер;
эстетикалық көрінісі мен мазмұны және форма бірлігі.
шығарманың жанрлық сипаттамасын ашу;
музыкалық көркемдік техникалық жетілуінің біртұтастылығы.
Орындаған шығарманың идеясын ашу.
Шығармаға музыкалық талдау жасау.
Орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлу.
Транспозиция. Импровизация
Жалпыға бірдей аспап қойылымының дұрыстығы.
Мамандық пәні бойынша шығармашылық емтиханға тапсырма
Орындаған шығармаға төмендегі жоспар бойынша талдау жасау;
Орындаған шығарманың идеясы мен мазмұны;
Композитордың шығармашылық өмірбаяны, шығарманың шығу тарихы;
Аспап қойылымының түпкілікті үйлесімді қойылымы;
Талапкердің орындаушылық шеберлігі;
Екінші шығармашылық теориялық емтиханның талаптары
Музыкалық диктант
Гармония пәні бойынша музыкалық тапсырмалары
Коллоквиум
Екінші шығармашылық емтиханның балл көрсеткіштері
Балдың ең жоғарғы саны – 25
1. Музыкалық диктант – 10
2. Гармония пәнінен есеп -10
3. Коллоквиум – 5
Коллоквиум сұрақтары
Орыс классикалық музыканың негізін салушы кім?
Вен классиктерін атаңыз
«Травиата», «Риголетто», «Аида» операларының авторын атаңыз
Польша пианист композиторын атаңыз
Этюд-сурет жанрының шығарушысы
Циклді формаларды атаңыз
Классикалық симфонияның бөлімдерін атап беріңіз
«Увертюра», «интродукция», «пролог» ұғымдарының айырмашылығы неде?
Опера реформаторы, романтикті атаңыз
Тақырыпты бес бөлімді симфонияның авторын атаңыз
Сонаталық аллегро формасын баяндаңыз
Үйлену маршының авторы
Ең әйгілі итальян скрипач, 24 «капристің» авторы кім?
Аккордтар туралы түсінік
«Борис Годунов» операсының авторы
Симфониялық оркестрдің аспаптар топтарын атаңыз
Камералы музыка нені білдіреді және оның ерекшеліктері?
XIX ғасырдың басында Еуропа мәдениетінің көркемдік бағыты
Камертонды кім жасады?
Метроном дегеніміз не?
Светомузыканың негізін салушы
Үрлемелі аспап - саксофонды кім құрастырды?
«Евгений Онегин», «Пиковая дама» операларының авторы кім?
«Подвижный контрапункт строгого письма» еңбегінің авторы, полифония шеберін атаңыз
«Баба яга», «Волшебное озеро», «Кикимора» симфониялық миниатюраларын шығарған орыс композиторын атаңыз
Орыс композиторлары, «Құдіретті топ» мүшелері
Полифония дегеніміз не және оның гомофониядан айырмашылығы?
Қазақ ұлт аспаптар оркестірінің негізін салушысы кім?
Алматы Ұлттық консерватория кімнің атында?
«Қазақ халқының 1000 өлең және күй» жинағының авторы кім?
Көптеген қазақ аспаптарын өмірге келтіріп, жинаған кім?
Операның туған жерін атаңыз.
Л.В. Бетховен өзінің 9 симфониясының финалында не енгізді?
«Кармен» операсының авторы кім?
Вальстің королі кім?
Музыкадағы имприссионизм өкілдерін атаңыз.
Батыс Еуропа музыкасының романтизм өкілдері
«Орфей және Эвридика» операсының авторы кім?
Қайта өрлеудің басқаша атауы не?
«Болеро» авторы кім?
Қазақстанның қазіргі композиторларын атаңыз
Қазақ аспаптарын атап шығыңыз
“Сал” және “сері”атаулары кімдерге беріледі?
Алматы Ұлттық консерваториясының ректоры кім?
Қазақ Ұлттық академия музыкасының ректоры кім?
Алматы театр, опера және балет кімнің атында?
Астана театр, опера және балет кімнің атында?
«Біржан мен Сара» операсының авторы кім?
Америка композиторы, «Рапсодия блюз стилінің» авторы кім?
Венгр композиторларын атаңыз.
Ғазиза Жұбанованың симфониялық шығармаларын білесіздер ме?
Ғ.Жұбанова қазақ музыкасында жанрдың қандай алғашқы үлгісін шығарды?
Ғ.Жұбанованың операларын атап шығыңыз
Қандай салт-дәстүрлі әндерді білесіздер?
Сармалай қай аспапта ойнады?
Орыс композиторы, 15 операның авторы кім?
«Хочу правды» - қай орыс композиторының сөзі?
Естайдың өлеңдерін атаңыз
«На земле весь род людской чтит один кумир священный» - сөздері қай операдан алынған?
«Что наша жизнь? Игра» - сөздері қай операдан алынған.
Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қаралып, бекітілді.
27.03.09 ж. №8 хаттама
каф. меңгерушісі п.ғ.д., профессор Е. Жұматаева
Достарыңызбен бөлісу: |