Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар



Дата23.03.2018
өлшемі94,29 Kb.
#39457

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Айтпаева Майрагуль Алтынбековна

Шығыс Қазақстан облысы

Шемонаиха ауданы

Сугатовка жалпы білім беретін

орта мектебі

Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар

Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.

Білім беру жүйесін қазіргі уақытта одан әрі дамыту,әлемнің алдыңғы қатарлы беделді елдерімен бірдей жұмыс жасау,қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу әр ұстаздың алдындағы тұрған міндеттері деп айтсақ та болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген ғылыми зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылуда.

Жас мемлекетіміздің болашағы –бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып,олардың табиғи қабілеттерін,нақты мүмкіндіктерін анықтап,соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің негізгі мәселесі.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар-бұл білімнің,басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің,оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің,мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері,ақырында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Бүгінгі таңда дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, ізгілікті-тұлғалық технологиясы, оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және басқа да көптеген білім беру технологиялары кеңінен танымал.

Солардың ішінде, елімізде Ә.Жүнісбековтың, Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Дәстүрлі сыныптық сабақты құрастыру технологияларын қолданумен қатар, мұғалім келесідей педагогикалық технологияларды кеңінен пайдалануда. Мысалы: ойын технологиясы,проблемаларды оқыту,оқу зерттеуін ұйымдастыру технологгиясы,жобалау әдісі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Енді ойын технологиясы туралы айтатын болсақ,ойын- балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға және шығармашылыққа,белсенділікке,өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.Мысалы: «Мен оқушымын», «Мен кәсіпкермін», «Мен сатушымын», т.б.ойындар. Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі-жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және балалар үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, қажеттілікті, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ойын арқылы келесідей міндеттер: баланың қоғамдық ортаға бейімделуін, жалпы мәдени құндылықтары мен ір түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруін; баланың адамгершілігіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, Баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдық,шығармашылық,эмоцияналдық,коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әр түрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Орыс мектептерінде оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты- оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуіне, өз ойын басқаға жеткізе білуіне, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу.

Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін кірістіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Оқушылардың алған білімінің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады және оқушылар біліміндегі кемшілік элементтерін жояды.Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына, білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оқу үдерісінің деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын оқушылар түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді түрде жүзеге асыруына тиіс. Оқушылардың біліктілігін, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең қолайлы жолының бірі – сабақта ойындарды көбірек қолдануы. Оқушының негізі- білім, еңбек екенін, оның ойын арқылы табылуын көрсете кеткен де жөн болады. Ойын-әрқашан,бала кішкентай болса да, оны білім алуға,еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш немесе көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі. Әрбір сабақта азғантай болса да ойын элементтері сабаққа әр мен нәр беріп,сабақты қызықты етеді, оған эмоциялық әсер етеді. Оқушылар бір –бірімен пікір алмасады,дәлелдейді,қателеседі,өз ойларын ортаға салады,негіздейді,тексереді,қателерін түзейді.Оқушылар ойынның барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде,оқу материалдарын жылдамырақ игереді,қиындықтарды бірге шешеді. Білімдері жоғары оқушылардың тежелмеуін,білімі төмен оқушылардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей бір-бірімен бірлесетіндей жағдай жасау керек.Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес,тәрбиелеу қызметін де атқарады. Осындай сабақтардың жиі өтілуі нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесу мәдениеті,тәртіптілігі, сыныпқа және бір-біріне жауапкершілігінің болуы, менмендігі және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасуы айдан анық. Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы болып табылады. Дидактикалық ойындар байқампаздық,елестету,есте сақтау,сөйлеу,ойлау қабілеттерін,сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаттары мен міндеттері : жаңаша білім беру мазмұнына көшу,нақты іс-әрекет жүргізу,ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушыларды тәрбиелеу. Оқушылардың қызығушылығын арттыру,іскерлік ойындар ұйымдастыру,теория мен практиканы ұштастыру. Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушыларды бақылайды,бақылау нәтижелерін өңдейді,алған нәтижелерді хабарлайды. Оқушылардың іс-әрекеті: оқуға бар ниетімен қарау,жаңаны танып –білу,өз жетістіктерін өздері бақылау. Іскерлік ойындар: ұжымдық іс-әрекет,симпозиум. Іскерлік ойындардың құрылымы: оқушылардың талдауына мәселелер жасау,оқушыларды топқа бөлу,мәселелерді талдау,сынып алдында шешімдерді айту.

Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологиялары,көбінесе интерактивті әдістерді жиі қолдануы. Басқа ұлт өкілдерін оқытуда даралап және деңгейлеп оқыту әдістерін қолдану өте тиімді деп айтуға болады. Инновациялық әдіс-тәсілдерді ендіру арқылы мұғалім оқушылардың қызығушылығын,қабілеттілігін,белсенділігін,сабақтың сапасын көтереді.

Енді мен өз жұмысымдағы тәжірибеммен бөлісе кетейін.Мысалы үндестік заңы туралы түсінік беруде қазақ тіліне тән сөздерде жуан дауысты дыбыстардан кейін жуан дауыстылар,жіңішке дауыстылардан кейін жіңішке дауыстылар келетінін,тек араб тілінен енген сөздердің бұл заңға бағынбайтынын интеллектуалдық ойындар жүргізу арқылы меңгертуге болады. Интеллектуалдық ойын 4 кезеңнен тұрады.Оқушылар топқа бөлінбей ,барлығы жеке-жеке қатысады. Себебі бұл тәсіл оқушылардың бәсекелестік қабілеттерін арттырады. Алдымен слайдтан «Қазақстан халықтарының тілі» тақырыбындағы мәтін көрсетемін. Ондағы буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар ерекшеленіп көрсетілген. Бұл кезеңде ойынның мақсатын түсіндіремін. 1.Білімділік:мәтін мазмұнынан ой түйіп,өз пікірін айта білуге,нақты жауап беруге дағдыландыру. 2.Дамытушылық: сөздік қорларын байыту,сөйлеу дағдысын қалыптастыру,ізденімпаздық қасиеттерін,ой-өрісін дамыту. 3.Тәрбиелік:ізденуге ,еңбектенуге Отанды,тілді сүюге қастерлеуге тәрбиелеу. Жаңа сабақты М.Жұмабаев,А.Байтұрсынұлының өлеңдерімен бастаймын.Аталған жазушылардың тіл туралы өлеңдері, нақыл сөздері егеменді елдің ертеңін тәрбиелейді.Білімпаз халық өз ана тілінің ертеңін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс. Ойынның 1 кезеңі «Менің айтар сөзім» Слайдта әріптер берілген,сол әріптерден буын үндестігіне бағынбайтын сөздер құрайды.Әр оқушы бір-бір сөзден айтады,себебін түсіндіреді.


Қ

ө

Е

Б

Д



Ә

К

Н


2 кезең «Мен білемін» Ұяшықта буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мерілген .Әр оқушы осы қосымшаларды пайдалана отырып, мысал келтіреді.
-мек,-ен

-қор,таз,-қой

-нікі,-дікі,-тікі

-қана,-кел

-кер,-гер

-тай,-тас

,



3 кезең «Мен жылдаммын» Слайдта берілген сөздермен сөйлем құрау.
дәріхана

сәнқой

өнерпаз


білімқұмар

жемқор

маскүнем


4 кезең «Мен өнерлімін»
саудагер

жұмыскер

Туған тіл-...



білімпаз



Туған тілім-...



Ойын арқылы алынған білім-терең ,нағыз білім!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет