Ғалымдардың бойкот жариялаушылар және Сүннетті жақтайтын мұсылмандарды бидғаттарда айыптайтындар туралы айтқан сөздері мен пәтуалары



бет1/10
Дата04.10.2020
өлшемі225 Kb.
#63999
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10






Ғалымдардың бойкот жариялаушылар және Сүннетті жақтайтын мұсылмандарды бидғаттарда айыптайтындар туралы айтқан сөздері мен пәтуалары

www.svet-islama.ru

Салим Абу Умар әл-Ғаззи; қазақ тіліне орыс тілінен аударған: Абу Тәлха Қазақстани

(Баршаға) аса Мейірімді, (мүміндерге) ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мадақ! Біз Одан өзіміздің жамандықтарымыздан және амалдарымыздың жамандықтарынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолға салса, сол ешқашан адаспайды, ал кімді Ол көмексіз қалдырса, сол ешқашан Ақиқат Жолын таба алмайды!

Содан соң:

‘Убада ибн Самиттен (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Біздің арамыздағы үлкендерді сыйламайтындардың және кішілерімізге мейірімді болмағандардың, сондай-ақ білім иелеріне лайықтысын бермейтіндердің бізге қатысы жоқ». Бұл хадисті Ахмад және әл-Хаким жеткізген. Қз.: «Сахих әл-жәми' әс-сағир» (№5139)

Ғалымдарға лайықтысын беру – біздің міндеттеріміздің бірі, ол өзіне біз оларды құрметтеуімізді, бағалауымызды, қорғауымызды және жамандап-қараламауымызды қамтиды. Ибн Асакир бұл туралы: «Аллаһ сені рахымына бөлесін, ғалымдардың еті уланған екендігін біл, ал оларды сөгетіндермен Аллаһ не істейтіні белгілі!...», - деп айтқанындай.

Осы кезде біз мұсылман үмметінің салиқалы саләфтардың түсінуіне сәйкес Құран мен Сүннетке шақырудың, яғни игі-берекелі шақырудың тазалығына күйе жағудың үлкен қасіретіне куә болудамыз. Бұл нәрселермен басты қамы осы шақырудың ғалымдары туралы еріккен бос сөздер тарату болған адамдар айналысуда. Осындай адамдардың ғалымдар жіберген қателіктер мен кемшіліктерді ақтарып жүргендерін, сондай-ақ өрмекшенің өрмегінен де әлсіз дәйектерге сүйеніп, оларды қара ниеттілікте айыптап жүргендерін көруге болады. Олар салиқалы саләфтардан жеткен діни бидғаттардың жақтаушыларын сөгетін және олардан сақтандыратын деректерді (асарларды) қателік жіберген Сүннеттің жақтаушыларына қатысты қолданады. Іс тіпті үлкен ғалымдарға күйе жағуға дейін барды, ал мұның себебі діндар ғалымдардың пікірі осы адамдардың пікірімен бір болмай шыққандығында ғана! Мысалы, Пәтуалар жөніндегі Тұрақты Комитеттің мүшелері туралы олар: «Пәлен шейх шатасыпты», «Ол қазіргі қалыптасқан жағдай туралы білмейді», «Ол дінде босаңсуға жол береді», - деп, т.с.с. сөздерді айтады. Біз Аллаһтан құтқару мен кешірім тілейміз!

Бұл адамдар бүкіл нәрсені қамтушы Исламның мәні мен рухы болып табылатын Сүннетке шақыруды қатаң түрде белгілі бір адамдардың ғана түсінуіндегі қатаң түрде белгілі бір мәселелермен ғана шектейтін болды, әрі сол мәселелерге қайшы келетіндерді салиқалы саләфтардың жолынан ауытқығандар деп санайтын болды. Сондықтан да жиі жағдайда олар қандай да бір студентті мақтап, одан «көрнекті тұлға» жасап жатқандарын, сосын бір мезетте ол жан-жағынан оған қарай сынның жебелері қадалып жатқан «ақиқаттан тайған топтың (хизб) жетекшісіне» айналып кеткенін көруге болады. Әрі осының барлығы Сүннеттің жеңісі үшін және діни бидғаттардан сақтандыру үшін орын алуда-мыс!

Бұл қасіреттің теріс салдарының бірі ғалымдар туралы өсек сөздердің таралуы болып табылады. Ал осы өсектерді оларға осындай салмақты нәрселер туралы қалайша әңгіме жүргізу қажет екендігі туралы білімдері жеткіліксіз адамдар таратуда. Нәтижесінде олар әлсіз дәйектердің негізінде пайымдар шығарады да, пәленшенің – хизби, ал түгеннің – кутби, үшіншінің – жәми, ал төртіншінің – мадхали екендігін т.с.с. нәрселерді жалпыға естіртіп жариялайды. Олар осылайша Аллаһқа ғибадат жасап жатқандығын және осындай іс-әрекеттерімен Сүннетті қорғап тұрғандығын айтады.

Ал осындай адамдар туралы Ибн Асакир нендей тамаша сөздерді айтқан: «Ол өзінің айтқан сөгістері (Аллаһқа) жақындау, ал айтқан балағаттаулары жаза болып табылатындығына сенетіні таң қалдырады. Сонымен бірге ол Ұлы және Құдіретті Аллаһтан өзін ықыласты етуін және оған Өзінің разылығын сыйлауын сұрайды! Ал егер сіз оның айтқан сөздеріне ой шолсаңдар, оның ақылы парықсыз, ал сөздері өтірік екендігі айқын болады!

Біз қашан балағаттау мен ұрысу арқылы Аллаһқа ғибадат жасадық? Ол қай жерде бізге өздерімізді жала мен жазғыруларға бағыштауымызды бұйырды? Аллаһ бізге лағынеттеуге салынуды рұқсат етті ме? Немесе ол бізді өсек-аяңдармен және біреуге күйе жағумен айналысуға шықырды ма? Немесе Өзінің Кітабында біреудің намысын қорлайтындарды мақтады ма? Немесе, бәлкім, Ол қателіктерді ақтарушыларға және жаман сөз таратушыларға мақтау айтқан шығар!

Егер сіздер, Аллаһ сіздерді рахымына бөлесін, Ұлы Құран үстінен ойлансаңыздар, оның аяттары мен дана Ескертуін түсініп-ұғынсаңыздар, оларда осының барлығына деген тыйымды әрі осының барлығынан - мейлі олар шағын, не көлемді нәрселерде болсын - аулақ болуға деген бұйрықты таба аласыздар. Бұдан қалса, Ұлылық пен Жомарттық Иесі тіпті Өзінен басқа құлшылық жасалатын пұттарды қорлауға тыйым салып, былай деді: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаһқа тіл тигізеді» («Әнғам» сүресі, 108-аят). Сондықтан да Аллаһтың құлдарын боқтап-қаралаумен айналысатындар ұмытшақтығы және білместігі себепті Аллаһқа мойынсұнбады. Өйткені егер Аллаһ тастар мен ағаштарды боқтауға тыйым салған болса, онда ненің негізінде сендерге ең жақсы ғалымдарды қорлауға рұқсат етіледі?!1». Қз.: «Табййин кәзиб әл-муфтари фима насаба ли-ль-имам әл-Хасан әл-Ашари» (377-380-беттер).

Имам әз-Захаби (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «Хадис жеткізушілер туралы айтқанда наз бен ұнатушылықтан аулақ болып, толық бейтараптық (әділдік) сақтау қажет. Сондай-ақ хадистер туралы, олардың жасырын кемшіліктері мен жеткізушілері туралы терең білімге ие болу қажет». Қз.: «Әл-Мауқиза» (28-бет).2

Дәл сондықтан да мен осы мақаланы жазып, онда ислам ғалымдарының мұсылмандарды діни бидғаттарда айыптауға әдеттеніп кеткендерге, осы мәселеде асығыстық жасап, осы манхажды Сүннетті жақтаушыларға теліп, соған ілесетіндерге қатысты пікірлерін келтіргім келді. Нәтижеде осы нәрсе ислам шақыруындағы бөлінуге алып келді әрі барлық қалалар мен елді-мекендерде оның тазалығына нұқсан келтірді. Істің жай-күйі тіпті осы шақырудың шейхтары мен олардың шәкірттері арасында алдын көз көрмеген бүліктің туындауына дейін жетті, Аллаһ Тағаладан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ!

Ал мұндай істерде аса ірі діндар ғалымдардың пікіріне қайту Шариғат тұрғысынан міндетті болып табылады, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Егер білмесеңдер Ескерту (Зикр) иелерінен сұраңдар» («Әнбия» сүресі, 7-аят). Әсіресе бұл мұсылмандардың жүректерінде олар туралы келіспеушіліктер жоқ ислам ғалымдарына қатысты, мысалы, Ибн Базға, Ибн Усайминге және әл-Әлбаниге (Аллаһ оларға рахым етсін)!

Мен жастарымызға, олар қай жерлерде өмір сүрсе де, ұлы ислам ғалымдарының төңірегіне бірігуге, жүректерімізді олардың сөздерімен нұрландыруға, әсіресе, студенттер арасында туындап жатқан қиын мәселелерде, әрі оларға қатысты болмаған істермен айналыспауға насихатты түрде кеңес беремін. Өзімізді Аллаһ Тағаладан кейін ең сенімді қамал болып табылатын сенімді және пайдалы білімдер алуға бағыштауымыз керек, сондай-ақ кез келген күмәндар мен құмарлықтардан өзімізді шеттетуіміз қажет. Біз Аллаһ Тағаладан қауіпсіздік пен есендік беруін тілейміз! Және сөзіміздің соңында Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ айтайық!


Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет