* Тілге құрмет елге құрмет



Дата08.06.2018
өлшемі16,88 Kb.
#41845
* Тілге құрмет - елге құрмет *
«Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт»-деп Халел Досмұхамедұлы айтқан нақыл сөздеріне толықтай қосыламын.Өйткені тілін білмеген адам- надан деп есептеймін.

Тілді өркендету - баршаның ісі. Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға,мемлекеттік тілде сөйлеу басты назарда айтылып келеді.Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.


Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарымыз 90 - жылдарға қарағанда әлдеқайда «қазақша сайрап тұр» десек болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны.Сонда да тіліміз қазір ақсап жүр.
«Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деп Ғ. Мүсірепов айтқандай елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті.Менің сүйіп оқитын ақыным - Мұқағали Мақатаев.Ол кісі:

Ал екінші бақытым – тілім менің 

Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 
Кей-кейде дүниеден түңілсем де, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім…деп жырлап кеткен.

Тағы да сүйіп оқитын ақыным патриот ақын деп айтсам қателеспеймін ол-Мұхтар Шаханов – қазақтың ақыны, драматургі, қазір депутат болып жүр.

Ақынның:




"Тарихын тұр санаңа өткел тастап, өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап, Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер. Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер. Қатенді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік. Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық, Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық. Өз тіліңді жерсінбеудің, Өз анаңды менсінбеудің, Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық? Ол — рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық"




— деген тұжырымдамасын 20-ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған. М.Шахановтың сөзімен айтсақ: Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау — туған анасының жүрегіне тебумен бірдей.

2006 жылы ақынның "Тілсіздендіру анатомиясы" атты кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа тіл, ұлттық рух, космополиттік ағым төңірегіндегі жазылған бірнеше эссе-поэмалары енген.Мысалы мына бір өлеңінің мағынасы қандай тамаша:



Тіл -рухи күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ
Тіл шегінсе, ұлт мүлде жоқ, әрі ұлттық сана жоқ
Өз анасын шетке тебу, рухсызға бақ па екен,
Бұл ғасырлық зұлымдықты қай қу ойлап тапты екен?
Өз перзентін тек орысша оқытса ата-анасы

Ана тілін ардақтауға жетпегені шамасы
Егер тамыр жая алмаса бала ана тілінде
Туған тілін тұңғыш тұғыр ете алмаса білімге
Ол әрине, орысша ойлап тек орысша түс көрер.
Оны баба табиғатқа бұру қиын күшпенен
Ана тілсіз дамыған соң сезім, ойы, санасы
Түрі қазақ болғанымен, ол- орыстың баласы.
Өмірінен ана парқын шегергеннің бәрі де,
Басқа анаға, басқа ұлтқа кеткен жандар бала боп
Өз халқына олар енді жарытпайды пана боп – деп Мұхтар Шаханов күйіне жырлайды.

Мақаланы қорыта келе айтатын сөзім:

Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,

Айтады ана тілсіз кім түбіңді?

 Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе,

 Жүрегім біз сұққандай мың тілінді.



Тіл-ұлттың жан дүниесі,халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тіліміз. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз- қазақ тілі.Сондықтан да өз тілімізде сөйлейік, ағайын!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет