«Ана тілі» газеті, 13- сәуір 2016 жыл



Дата28.01.2018
өлшемі49,32 Kb.
#34120
««Аспандамаған ана тілі немесе әуе компаниялары мемлекеттік тілде

қалай қызмет көрсетеді?»

тақырыбындағы мақалаға талдау

(«Ана тілі» газеті, 13- сәуір 2016 жыл)

Әуежай – әр елдің табалдырығы. Жолаушы өзі келген ел жайлы соған қарап ой түйеді. Астана әуежайы кіре берісінде көліктер өткізетін бекет жарты жылдай бұрын ғана тұрғызылған. Сондағы түймешені басып, көліктер әуежайға кіруге рұқсат алады. Парламент Сенаты аппараты бөлім меңгерушісі  Бақтияр Өнербаев дәл осы бекеттен өткенде анықтамалардың алдымен орыс тілінде, сосын қазақ және ағылшын тілдерінде жазылатындығын аңғарыпты. Қазақстанда кез келген құжаттың, анықтаманың бірінші мемлекеттік тілде беріліп, сонан кейін өзге тілдерде жазылатындығы заңмен бекітілгенін айтады Өнербаев. «Қазақстан Республикасы Тілдер туралы» заңының 21-бабында көпшілікке арналған ақпараттардың жазылу реті анық көрсетілген: «Визуалды ақпараттар мәтіні мынандай тәртіпте берілуі керек: сол жағында немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жағында немесе төменде – орыс тілінде, бірдей өлшемде жазылады». Яғни әуежайға аяқ баспастан, заңсыздықты оның табалдырығынан таптық. Дәл осы құжаттың 24-бабында заңды бұзған заңды немесе жеке тұлғаларға жауапкершілік жүктелетіндігі де айқын жазылған. Оған қоса әуежайдағы анықтамадағы қатеге де назар аудартады Өнербаев. Мәселен, «пожалуйста, ждите» сөз тіркесін «өтінеміз, күтіңіз» деген ретпен аударыла салуы да мемлекеттік тілге немқұрайлықты аңғартса керек. «Осыларды көріп, Қазақстанның бас қаласына емес, Ресейдің Орынборына келгендей боларсың» дейді Сенат аппараты қызметкері. Мемлекеттік тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, мемлекеттің ұлттық нышандарының бірі. Олардың берілу реті елдің басымдылығын көрсетеді.

Алайда Астана әуежайы мемлекеттік тілін ғана емес, өзінің келесі бір ұлттық нышаны – Туын да... екінші кезекке қояды. Мәселен, әуежайдың ресми сайтын (www.astanaairport.kz) ашып қалсаңыз,  оның жоғарғы жағында сайттың тілін таңдайтын тұста үш елдің туы қатар берілген: біріншісі – Ресейдің, екіншісі – Қазақстанның, үшіншісі – Ұлыбританияның жалаулары. Осыдан кейін Астана әуежайының қожайындары «ресейліктер емес пе?» деген күдік ұлғая түседі.

Оған қоса әуежай өзінің атын да дұрыс жаза алмайтын тәрізді. Мәселен, «Әуежай туралы» деген бөлімді басып қалсаңыз, «ӘУЕЖАИ» деген сөзді оқуға болады. Ресми сайттың кейбір бөлімдерінде қазақша ақпараттар мүлдем жоқ. Айтпақшы, еліміздегі ең ірі әуежай басшыларының мемлекеттік тілді білу деңгейін аңғару үшін  басқарма төрағасы Қайрат Жаухановтың блогына кіру жеткілікті: «Сіздер өздеріңізді толғандырған жайларыңызды баяндап сұрақтарыңызды қоя аласыздар». Осы бір ғана сөйлемнен сауатты азамат орфографиялық және пунктуациялық қателерді таба алар еді.



Сақау «Скат» пен қағілез стюардессалар. Сонымен, әуежайға кіріп, қазақ тіліне қатысты «даудың басы» болған– «Скаттың» көк ұшағына» міндік. Кірген бетте қазақша сәлемімізге борт қызметкерлері «здравствуйте» деп бас изеді. Жолаушылар орындарына жайғасқаннан кейін әдеттегідей ұшу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріле бастады. Бірақ қазақ тіліндегі төл әріптердің бәрі бұзылып, «ұшу» «ушу»-ға, «қауіпсіздік» – «каупсыздык»-ке айналып, түсініктеме өрескел орфоэпиялық қателермен берілгендіктен, қазақтілді жолаушыға экипаждың не айтқысы келгенін тек топшылауға болатын еді. Сонда мемлекеттік тілді ғана білетін азаматтар ұшақта қауіпсіздік шараларынан бейхабар қалуы керек пе? Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан олқылық болып саналмай ма? Әрі қарай жолаушыларға шай-пай ұсынылды. Ең алдымен маған тақаған сары шашты жас қыздан «лимон қосылған шай» беруін сұрадым. Ол бір сәт маған өзге планеталықты көргендей аңтарылып, қарап қалды. Сосын ғана «Что?» деп үрке сұрады. Мен қазақша сұрағымды қайталадым. «Шай», «лимон» деген сөздерді түсінсе керек, ләм-мим деместен, өзінен кейінгілерге ымдап, нұсқады. Оның қатты сасып, үйрейленген кейпіне қарап, бұған дейінгі «Скатта» болған шатақ оқиғадан хабардар шығар деп топшыладым. Одан кейін оның артында ыстық шай әкеле жатқан жасы егделеу, славяндық келбетті стюардессаға қазақ тілінде өтінішімді айттым. Ол да бірер секунд  қалшиып тұрып қалғанымен, алдыңғы әріптесіне қарағанда тәжірибелі болса керек, есін тез жинады. «Бар, бар!» деді сенімді түрде. Сосын шай мен лимонды бере сала, тағы сұрақ қоймасын дегендей бетін басқа жаққа бұрып, алға қарай асықты. «Кешіріңіз, маған қант керек» дедім тағы да. Ол кері бұрылып: «Ия, ия. Біреу-екеу?» деп қазақша сөйлей бастады. Соған қарағанда, борт қызметкерлері ұлтына қарамастан, мемлекеттік тілде қызмет көрсете алады, тек оған ынта мен дайындық болса жеткілікті.

«Эйр Астана» және «көкірекше», «күрсі», «белдемше». Қайтар жолымызда ұлттық компания – «Эйр Астана» ұшағына мінген едік. Ондағы стюардессалар да жолаушылармен орыс тілінде сәлемдесті. Орныма жайғасқан бетте алдымдағы орындықтың артына ілінген анықтамаға көзім түсті. «Ұшу кезінде қауіпсіздік белдемшесін тартып алыңыздар» («Пристегните ремни безопасности во время полета»), «Құтқарушы көкірекше күрсіңіздің астында» («Спасательный жилет находится под вашим креслом») деген сөйлемдерді оқып, бірнеше жаңа «қазақ» сөздеріне қанық болдық.

«Эйр Астана» қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруі туралы мәселені сенатор Сәрсенбай Еңсегенов бұған дейін көтерген болатын. Көлік және коммуникация министрлігі жетекшілігімен кездесуде депутат өзінің аптасына бірнеше мәрте ұшатындығын айта келе, көптеген борт қызметкерлерінің қазақ тілін мүлдем білмейтігін мәлімдеген. Сенатордың сауалына орай «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер олардың қазақ тіліне оқытылатындығын айтқан. Сенатор содан кейін бірнеше рет ұшқан кезде осы компанияның борт қызметкерлерінің қазақша сәлемдесе бастағанын аңғарыпты. Сонымен бірге депутаттың айтуынша, осы әуе компаниясы ұшу кезінде жолаушыларға орыс және ағылшын тілдерінде ғана фильмдер ұсынады. Неліктен қазақша фильмдердің берілмейтіндігін сұраған кезде депутат «компанияның техникалық мүмкіндігі оған жетпейтіндігі» туралы жауап алыпты. «Егер басқа ұшақтарда өзбек, молдаван, грузин, түрік және басқа тілдерде кинолар көрсетілсе, неліктен фильмдерді қазақ тіліне аудару мүмкін емес?!» – дейді депутат. Ол «Эйр Астана» ұлттық компания болғандықтан, әрі жолаушылар бәрі бірдей жолақысын төлейтіндіктен, мемлекеттік тілде де толық әрі сапалы қызмет көрсетілуі тиіс деп есептейді. Отырған ұшақтағы жолаушыларға қауіпсіздік шаралары қазақ тілінде анық, әрі түсінікті баяндалды. Әдеттегідей шай әкеле жатқан қызметкерлерге бұл жолы да қазақша сұрағымды қойдым. Бірақ стюардессалар мүдірместен, қазақ тілінде еркін жауап берді. Олардың барлығы мемлекеттік тілді осылайша жетік меңгерсе, қаз-қатар тізіліп отырған бізге – өңкей қазақ жолаушыларына өз сауалдарын неліктен орысша қоятындығы түсініксіз. Егер стюардессалар керісінше, ең құрығанда қазақтарға ең алдымен мемлекеттік тілде қызмет көрсетіп, жолаушылар түсінбеген жағдайда, орыс тілін қолданса, өткен жолғы шатақ оқиғалардың ешқайсысы болмас еді. Оған қоса осылайша «Эйр Астананың» қазақ тіліне жетік борт қызметкерлері өздерінің ана тілдерінің қолданыс аясын кеңейтуге де үлес қосар еді.



Қорытынды:

Қазақстанның ішіндегі рейстерде борт қызметкерлерінің жолаушылармен мемлекеттік тілде сәлемдесуі талап етіліп, алдымен қазақ тілінде қызмет көрсету мәдениеті шынайы енгізілсе игі іс болар еді.


Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет