Салиқалы саләфтардың ғалымдардың қателіктеріне деген қатынасы
«Құтылған топ» (әл-фирқа ән-наджийа) терминін дұрыс түсінуге қатысты ереже
Шейхуль-ислам Ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) Сүннетті жақтаушылар құтылған топ болып табылатындығын айтқан. Ол сондай-ақ бұл анықтаманың «Егер құтылған топтың сенімі осы болғанда, онда оған ашарилерден, матурудилерден т.с.с. пәлсапашылардан болған осылай деп айтпайтын адамдар кірмес еді» деп тұжырымдайтын қарсыластарына жауап та берді.
Осы адамдардың келіспеушіліктеріне жауап беріп, Ибн Таймийя былай деп жазады: «Кейін мен оларға былай дедім: “Осы сенімдердің қайсыбіреуіңе болса да қайшы келетіннің әрбірі осы себепті құрыған адамға айналуы міндетті емес. Өйткені айтысушы (ғалым) қателескен мужтахид болып табылады ғой, әрі Аллаһ оны қателігі үшін кешіреді, өйткені оған осы мәселе бойынша ол дәйек ретінде қолдана алатын білім жетпеді. Бұдан тыс, оның жаман істерін өшіріп тастайтын игі істері де бар ғой. Ал егер Аллаһтың жазасы жөніндегі қорқыту сөздері игі істері бар, (Аллаһтың) кешіріміне ие т.с.с. бұрыс түсіндірме (тауиль) жасайтын және құдайшыл адамға қатысты қолданылмайтын болса, онда олар сенімге ие болып, сол сенімнен құтылу тапқан (адамға) қатысты тіпті қолданылмайды. Ал кім осыған карама-қарсы нәрсеге сенген болса, не құтылады, не жоқ, өйткені «Кім үндемей қалса – сол құтылды!» деп айтылады ғой». Қз.: «Мажму әл-Фатауа» (3/179).
Ибн Таймийя сондай-ақ былай деді: «Егер көптеген пәтуалар шығаратын ғалымға бірқатар мәселелер бойынша Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді Сүннетіне қайшы келетін әрі салиқалы халифалар ұстанатын нәрселерге қайшы келетін пәтуалар шығару жазған болса, мұндай адамға жалпы қандай болсын пәтуалар шығаруға тыйым салуға болмайды. Жоқ, керісінше, оған оның Сүннетке қайшы келетін қателіктерін түсіндіру қажет. Сахабалар мен табиғиндердің кезінен бастап әрбір заманда осындай жағдайға түскен мұсылман ғалымдары болатын. Мысалы, Ибн ‘Аббас (ол екеуіне Аллаһ разы болсын) сахих Сүннетке қайшы келетін кейбір нәрселер туралы айтатын3. Сахабалар оған келіспеушілігін білдіретін, алайда оған мүлде пәтуа шығаруға тыйым салмайтын. Жоқ, олар оған оның сөздері қайшы келетін Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін түсіндіретін». Қз.: «Мажму әл-Фатауа» (3-том).
Шейхуль-ислам Ибн Таймийя сондай-ақ былай деп жазады: «Алайда жахмилердің көзқарастары таралған кезде, бір топ (Адамның) бейнесі туралы хадисте өздік есімдікті Аллаһ Тағалаға қатысты етпейтін болды. Істің жай-күйі көптеген нәрселерде өздерінің білімдерімен және Сүннетті жақтаушылығымен танылған Абу Саур, Ибн Хузайма, Абу Шейх әл-Исфахани сынды т.б ғалымдардың тұтас тобынан да бұл туралы жеткізілетіндігіне дейін жетті. Сондықтан да ислам дінінің имамдары мен Сүннеттің басқа ғалымдары оларға теріске шығару жасады». ‘Абдуллаһ әл-Гунайман «Шарх Китаб әт-Таухид мин әл-Бухари» (2/69).
Сол туралы Ибн әл-Қаййим әл-Жаузия да (Аллаһ оны рахым етсін) өзінің шейхы Абу Исмаил әл-Харауидің «Үміттің дәрежесі қалаушылардың дәрежесінен әлсіз» деген сөздерін келтіргеннен соң айтқан болатын. Ибн әл-Каййим бұл сөздерге сөгіс білдіріп: «Ақиқатында, шейхуль-ислам бізге қымбат, алайда ақиқат біз үшін қымбаттау», — деген болатын, содан соң ол: «Бұл естен кету (транс) күйлері (шатахат) екі топты азғырып алдады. Олардың біріншісінің назарынан адамдардың жақсы жақтары, олардың күнделікті тіршіліктегі жұмсақтығы және шыншылдығы көрінбей тыс қалды. Сондықтан да олар осы адамдарды өздерінің осындай естен кету (транс) күйіне түскендіктері себепті мүлдем ұмытты, оларға өте қатты сөгіс білдірді және олар туралы өте жаман ойға барды. Ал бұл өшпенділік пен шекке шығушылықтың нағыз өзі. Өйткені егер бір нәрсені дұрыс істемегеннің немесе қателік жасағанның әрбірін жаппай түрде тастап-қалдыратын және оның жақсы істерін ұмытатын болғанда, онда ғылымдар, кәсіптер, билік жарамсыздыққа келер еді, сондай-ақ олардың сипаттары да жойылып кетер еді.
Екінші топқа келер болсақ, адамдардың жақсы істерін, жүректерінің тазалығын, сүйіспеншілігінің шынайылығын және күнделікті істердегі шыншылдығын көрген кезде, олардың назарынан олардың (есі кеткен) транс күйлеріндегі жарамсыз қылықтары мен кемшіліктері көрінбей тыс қалды. Сондықтан да олар оған артық жақсы істерді теліді және өзінің (өзін-өзі жетілдіруге алып барар) жолында оның қолдауын пайдаланып, оған қатысты қабылдау және қорғау үкімін қолданды. Мұндай адамдар да шекараларды бұзып шаққандар және шектен шығушылыққа түскендер болып табылады.
Үшінші топты әр адамға лайықтысын беретін және оған ол соған тұрарлықтай қарым-қатынас жасайтын әділ және алалықсыз адамдар құрайды. Олар сау адам туралы науқас адам туралы пайымдағандай пайымдамайды, әрі тура сол сияқты науқас туралы да сау адам сияқты тұжырым жасамайды. Жоқ, олар қабыл болатын нәрсені қабыл етеді де, тәрк етілетін нәрсені тәрк етеді». Ибн әл-Қаййим «Мадариж әс-саликин» (40-41 беттер).
Ибн әл-Каййим сондай-ақ былай деді: «Кім Шариғат туралы және істердің шынайы жағдайы туралы білімге ие болса, сол Исламдағы ізгілікке және жақсы амалдарға ие болған лайықты адам ең жақсы мұсылмандардың қатарынан бола тұра, қандай да бір кемістік жіберіп алуы және қателесуі мүмкін екенін нақты біледі. Алайда осы орайда ол ақталады және тіпті, бұған қоса, өзінің ижтихад жасауы себепті марапатталады да. Сондықтан да оған осы қателігінде ілесуге болмайды, бірақ сонымен бірге оның жоғары мәртебесін, жетекшілігін және мұсылмандардың жүректеріндегі беделін түсіруге болмайды». Қз.: «Иъләм әл-мууақиин ән рабби-ль-аләмин» (3/283).
Бұдан тыс, Ибн әл-Каййим Абу Исмаил әл-Харауимен (Аллаһ оны рахым етсін) тәубенің кейбір мәселелері туралы пікір-талас жүргізгеннен кейін былай деген: «Шейхуль-исламның4 бұл қатесіне бола оның жақсы істері туралы ұмытуға және ол туралы жаман ойлауға болмайды. Өйткені оның білімге, (мұсылмандардың) жетекшілігіне, хабардар болуға және (өзін-өзі жетілдіру) жолымен жүруге қатысты алар орыны баршаға өте жақсы белгілі. Күнәсіз Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге кез келгеннің пікірін алуға және тәрк етуге болады. Ал кемелдікке өз қателіктерінің есебін жүргізетін (адам) ғана жетеді». Ибн әл-Қаййим «Мадариж әс-саликин» (1/198).
Достарыңызбен бөлісу: |