Ғалымдардың бойкот жариялаушылар және Сүннетті жақтайтын мұсылмандарды бидғаттарда айыптайтындар туралы айтқан сөздері мен пәтуалары



бет6/10
Дата04.10.2020
өлшемі225 Kb.
#63999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мұндай мінез-құлық одан жастарды және өзге адамдарды, олар жоғарыда аталған ереже бойынша іс-әрекет жасауы үшін, сақтандыру қажет болған қателік болып табылады.

Әрі бүгін, өкінішке орай, біз осындай қателіктің салдарынан әһлю-Сунна уәл-жама’а жастары арасында көріксіз нәрселер орын алып жатқанын көрудеміз: олар дін, ижтихад және Ұлы әрі Құдіретті Аллаһқа шақыру мәселелері туралы айтысуда.

Біз олардың осы мәселелер туралы айтысып, әһлю-Суннадан болған өздерінің қарсыластарына толық жатсыну және бас тарту танытып жатқанын көрудеміз: олар оларды жек көреді, оларға жала жапсырады, олар туралы жаман сыбыстар таратады, сондай-ақ, Аллаһтың сыйын үміттеніп, оларға қарсы дұға жасайды, оларды қаралайды және олардан өзгелерді сақтандырады.

Ал бұл Шариғаттың негізінің өзіне қайшы келеді ғой! Иә, қателік жасағандарға назар аудару қажет, бірақ сонымен бірге олардың артықшылықтарын (жақсы жақтарын) мойындау қажет, әрі осыда оларға лайықтысын беру керек. Дәл осылай істеу қажет, әйтпесе мүміндер арасында бүлік (фитна) орын алады.

Тура сол сияқты егер біреу (Сүннетке) қайшы келіп жатса, сен оған оның пікірі (Сүннетке) сәйкес келетін нәрселерде онымен келісетініңді әрі оның пікірі (Сүннетке) қайшы келетін нәрселерде онымен келіспейтініңді нұсқауың қажет. Кейбір надандар істейтіндей, адамдарда бір-біріне деген ыза оятпаңдар. Мен сендерге нақты мысал келтіремін. Егер сені мен бауырың арасында келіспеушілік орын алған кезде, сен оның қателігін немесе кішігірім діни бидғатын байқасаң, онда егер оның түсінігін өзгерте алмасаң, оған ақтау тапқаның адам табиғаты (фитрасы) бойынша да, шариғи әдеп бойынша да әбден дұрыс болады, бірақ ол бұрыс түсінгендігі (тауиль жасағандығы) себепті қателескен болса. Сен оған: «Мен сені Аллаһ үшін сенің бойыңда игіліктер мен ақиқат жолына ілесуден болған нәрселерде жақсы көремін!», - деп айтсаң, бұда қорқынышты еш нәрсе жоқ!

Ол тіпті қателессе де оны жақсы көр, өйткені осындай қарым-қатынастан жүректер түзеледі, кейбір мүміндер бір-біріне қатысты сезінетін ыза жойылып, ашу кетеді. Ал надандарға келер болсақ, олар кәпірлерден және ауыр діни бидғаттарды жасап жүргендерден бас тартуды ұмытады да, бас тарту туралы шариғи мәтіндерді өздерінің діндегі бауырларына қатысты қолданады. Мен егер олар ақиқатқа және Сүннетке ілесу жолына қайта оралмаса, онда олармен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір бидғатшыл топ туралы айтқан
Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет