І-тарау. Жалпы ережелер Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Табысты зерттеу аймағы» жобасыбойынша 8-11 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік пікірсайыс дебаты өткізіледі.
ІІ-тарау. Дебаттың мақсаты мен міндеттері: Өскелең ұрпақтың елімізге деген патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шеше білуге деген сезімін тәрбиелеу; республикамыздағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Демократиялық қоғамда оқушылардың өмірлік іс-әрекеттерінде азаматтық ұстанымы мен дағдыларын қалыптастыру.
Жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасында академиялық білім деңгейін арттыру, шешендік шеберлігі мен сенім дағдыларын қалыптастыру.
Зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктіліктерін дамыту.
Оқушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау, өз ұстанымын білдіру дағдыларын, құрылымды диалог пен пікірталас жүргізудің парламенттік мәдениетін, дәлелдеу өнерін ашу.
Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті ахуалдық жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы жастардың қоғамдық саяси өзекті тақырыптарға пікірталасқа тарту арқылы жұмысты жандандыру.
Оқушылар арасында пікірталас ойындары мен сындарлы пікірталастарды насихаттау, ауданның пікірсайыс клубтары арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдесу.
ІІІ- тарау. Дебатты өткізудің тәртібі мен шарттары: Дебатқа жалпы орта білім беру ұйымының 8-11сынып білім алушылары қатысады.
Дебатқа қатысушылардың саны: 1 фракция 2 қатысушыдан (2 адамнан 1 команда) құралған команда: қазақ тілді командалар міндетті болып табылады.
Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ)
Төрешілік пікірсайыс клубтарының тәжірибелі пікірсайысшылары арасынан төрешілер алқасы арқылы жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылар төрешілердің бірін турнирдің бас төрешісі етіп анықтайды. Дебаттың бас төрешісі ойындардың кестесі мен тақырыбын айтады, төрешілерді ойындар бойынша бөледі, ойындардың барысын қадағалайды, ойында төрешілік етуге құқылы.
Ойын төрешісі пікірталасқа қатысушыларды АПФ регламентіне сәйкес шақырады, ораторлаға орын алуды ұсынады, ойын жүргізеді, ойын қорытындылары туралы шешім қабылдайды, шешім бойынша түсініктеме береді.
Ойын барысында төреші Тайм-кипер қызметін атқарады. Тайм-кипер міндеті: презентациялық немесе конструктивті сөйлеудің бірінші минуты өткеннен кейін және оның аяқталуына бір минут қалғанда үстелді ұрып тоқтату, тиісінше сөйлеушіге сұрақтар қою немесе түсініктемелер беру мүмкіндігінің пайда болуы / жоғалуы туралы белгі беру; - сөз сөйлеушілерге олардың қанша минут сөйлеп тұрғанын/сөйлеуге қанша уақыт қалғанын (саусақпен немесе белгімен) көрсетеді; - үстелді екі рет ұру арқылы сөз сөйлеуші қатысушының сөзіне бөлінген уақыт өткені туралы белгі береді; - егер қатысушы уақыт лимитінен 30 секундтан асып кетсе, төрешіге хабарлайды. Төреші оның репликаларын жазуды тоқтатады және сөйлеушіні сөзін аяқтауға және өз орнына орналасуына шақырады.
Ойыншылар үшін ақпараттың жалғыз көзі – серіктесі және кез-келген алдын ала дайындаған жазбаша материалдар. Ойын барысында интернеттен ақпарат іздеуге және жалпы электронды құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.
Төрешілік өлшемдері:
1) релеванттылығы;
2) дәлелденуі;
3) маңыздылығы;
4) шынайылығы.
Төрешілер кейстердің сапасын және мазмұнын бағалайды. Командаларға аргументтер, фактілер және ақпараттың үлкен көлемі үшін басымдылық берілмейді.
Жеңімпаздар командалық және жеке спикерлік сынақтарда анықталады.
Спикерлік сөз сөйлеулер 20-дан 25-ке дейінгі балдық жүйемен бағаланады.
Балл саны бойынша әр тіл тобында Турнирдің үздік спикерлері анықталады.
Бас төреші жеребе тастау арқылы командалардың өнер көрсету тәртібін, турнирді өткізу регламентін, оқу кабинетінің санын айқындайды.
Турнир ұйымдастырушылары мен бас төреші ойын барысын бақылайды.