«Табасты зерттеу аймағы» жобасы бойынша өтетін оқушылар арасындағы пікірсайыс дебат ережесі і-тарау. Жалпы ережелер



бет2/3
Дата06.05.2024
өлшемі30,13 Kb.
#201810
1   2   3
Байланысты:
Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл пікірсайыс турнирінің ЕРЕЖЕСІ (1) (1)

ІV-тарау. Дебат қарары

  1. Бұл палата Ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жаңа жобасын ұсынады.


Америкалық парламенттік формат


Америкалық парламенттік формат (АПФ) – бұл Парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар таңдап алынады. Пікірсайыс барысын Палата Спикері басқарады, сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін атқарады.
АПФ-та дәл зерттеу мен дәлелдер жинауға емес, тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделген.
Қарар – Пікірсайыстың тақырыбы. Пікірсайыстағы пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары – бұл Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуі, бұл әрбір азаматтың елдің серпінді дамуына жеке қатысуы, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге деген ықыласы мен қабілеті, туған ел игілігі үшін балалар мен жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру, Қазақстанның дәстүрлерін сақтау және мәдени мұрасын көбейту.
Спикер және оның сөзі:
Премьер-министрдің (ПМ) конструктивті сөзі - 6 минут: Бірінші спикер пікірталастың анықтамасын (немесе моделін / механизмін) белгілейді, олар оппозиция командасына пікірталасқа қолайлы орын беру үшін тақырыптың қарапайым мағынасына жақын болуы керек; өзінің кейсін нақты және айқын таныстырады; кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.
Оппозиция көшбасшысының конструктивті сөзі (ОК) – 7 минут: Үкіметтің механизміне, анықтамасына, қалыптасқан жағдайына қарсы шығуы мүмкін, бірақ сіздің механизміңіздің, анықтамаңыздың, қалыптасқан жағдайдың шын мәнінде сәйкес келетінін анық түсіндіру қажет; үкіметтің дәйектерін терістейді; өзінің кейсін нақты және айқын таныстырады; кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.
Премьер-министр орынбасарының конструктивті сөзі (ПМО) – 7 минут: Оппозицияға шабуыл жасайды; үкімет кейсін нығайтады; жаңа дәлелдер келтіре алмайды.
Оппозиция көшбасшысы орынбасарының конструктивті сөзі (ОКО) – 7 минут: үкімет мүшесіне қарсы; үкімет кейсін нығайтады; жаңа дәлелдер келтіре алмайды.
Парламенттен сөз сөйлеу (әр адамға сөз сөйлеуге 1 минут, 3 көрерменнен артық емес, әр парламентарий екі позицияға да қатысы жоқ өзінің субъективті пікірін білдіреді);
Оппозиция Лидерінің сараптамасы (ОЛ) – 4 минут (жаңа дәйектерге және ребатлға тыйым салынған): пікір таластың негізгі тақырыптарын айтып шығады; оппонентке қатысты өз кейсінің айқын артықшылығынк өрсетеді;
Көзқарастар қақтығысының нақты көріністерін береді (дихотомия); қорытынды шығарады.
Премьер-министрдің (ПМ) талдауы – 5 минут (1 мин. ребатл, 4 мин. сараптама, жаңа дәйектерге тыйым салынған); раундтың қорытындысын шығарады; раундтың негізгі және сыни кезеңдерін айтады; оппонентке қатысты өз кейсінің айқын артықшылығын көрсетеді; көзқарастар қақтығысының нақты көріністерін береді (дихотомия); қорытынды шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет