1 тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі (1 сағат)


- ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚТЫ ЕҢБЕКПЕН ҰТЫМДЫ ҚАМТУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ



бет11/23
Дата11.05.2022
өлшемі78,25 Kb.
#142227
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
ЭМР дәріс

8 - ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚТЫ ЕҢБЕКПЕН ҰТЫМДЫ ҚАМТУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
(1 сағат)
Жоспары:
1. Жұмыспен қамтудың әлеуметтік-экономикалық мәні.
2. Еңбек рыногы субъектілері, объектілері, реттеу механизмі.
3. Жұмыссыздықтың түрлері мен оның негізгі себептері. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты.
4. Әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері.
5. Адам капиталын қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі.
6. Денсаулық сақтау мен білім беруді мемлекеттік реттеу.


1. Жұмыспен қамтуды қамтамасыздандыруға бағдарланған экономикалық өсу мен экономикалық өсу стратегиясының аясында жұмыспен қамтуды ұлғайтуға бір мезгілде қатар қол жеткізуге арналған әмбебап рецепт жоқ екені анық. Сонымен бірге, егер осы салада жетістіктерге жеткен елдердің тәжірибесіне зейін аударсақ, онда осындай стратегияға енгізуге болатын кейбір маңызды компоненттерді байқауға болады, олар:
Толық жұмыспен қамтуды қамтамасыздандыруға бағытталған айқын саясат ұстау.
Жұмыспен қамтуды қамтамасыздандыруға бағдарланған жеделдетілген өсу. Адам дамуын қамтамасыз етуге қаражаттарды біртіндеп жүйелі бағыттау-біліктілік деңгейін көтеруге, өнімділік пен жалақыны өсіруге апаратын жол. Жұмыспен қамтуды ұлғайту мен еңбек рыногына ықпал етудің өзге де іс-шараларын ынталандыру.Өндірістік қорларға қол жеткізудің тең құқылы мүмкіндіктері.Әлеуметтік қызмет көрсетулерге тең құқылы мүмкіндік жасау. Халықтың әлсіз топтары үшін мүмкіндіктер жасауды ұлғайту
2. Еңбекке жарамды тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша шараларды іске асырарда мемлекет еңбек нарығын реттеуге байланысты әдіс тәсілдерін пайдаланылады.
Еңбек нарығында мемлекет реттеудің ең басты мақсатына жұмыссыздық жалғасу деңгейін тоқтату жатады. Соңғы жылдары жұмыссыздардың жұмыспен қамтылмаған уақыт кезеңі өсуде. Бұл деген өсе берсе еңбек ресурстарының сапасы төмендеп, елдің еңбек потенциалы азаяды. Жалпы жұмыссыздықты реттеуде әлемдік тәжірибеге сәйкес жұмыссыздықтың тиімді деңгейін қалыптастыру мәселесі тұрады. Бұл деңгейде экономикалық белсенді тұрғындардың 1-5 пайызы дейінгі мөлшері құрайды. Бұл деңгейде жұмыссыздық көлемі төмен болса, жұмыс күшіне сұраным толық деңгейде қанағаттандырылмай еңбек нарығында тапшылық туындап, нәтижесінде елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын тежейді. Жұмыссыздықты мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі бұл- барлық мамандықтар жұмысшылардың тек ішкі нарықта ғана емес, басқа елдердіғ жұмыс күштеріне салыстырғанда бәсеке қабілетті болатындай етіп, еңбек ресурстарының сапасын жоғарылату, жұмыссыздықты алдын- алу үшін еңбекақы мөлшерінің жұмысшы күшінің құнына барынша толық сәйкестігін қамтамасыз ету болып саналады.
3. Жұмыссыздық дегеніміз – жұмыс күші бір бөлігінің өндірісте еңбекке араласпағандығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бұл еңбекке деген ұсынымның сұранымнан артып кеткенін сипаттайтын ауытқымалы құбылыс. Халықаралық еңбек ұжымының анықтамасына сәйкес, жұмыссыздарға жұмыс орындарының жетіпеуінен жұмысқа орналаса алмай өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдарды жатқызамыз.
Жұмыссыздықты болдырмау шараларына (теорияларына) төмендегілер жатады:
1. Классикалық теория. Егер еңбек ақы W1 –ден W2 –ге дейін өскен уақытта еңбекке деген сұраным L1 –ден L2 –ге дейін төмендейді. Ал бұл жағдайда ұсыным керісінше өседі. Яғни, еңбекке ұсынымның сұранымнан артып кетуі жұмыссыздықты білдіреді. Сондықтан да екбек ақыны төмендету арқылы жұмыссыздықты азайтуға болады.
2. Қазіргі Мальтустық теория. Жұмыссыздықтың пайда болуына тұрғындардың өсуі әсер етеді. Жұмыспен қамтудың тұрақтылығын адамдардың дүниеге келуін шектеу саясатын ұстанумен қамтамасыз етуге болады.
3. Кейнстік теория. Жиынтық сұраным өнім көлемін анықтайды. Яғни, бұл жерде жұмыс күшіне сұранымды анықтайды. өндіріс және жұмыспен қамту мөлшері төлем қабілеті бар сұраным факторымен анықталады. Жұмыссыздықты болдырмау үшін мемлекеттік шығындарды көбейту, салықтарды азайтып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
4. Әлеуметтік саясат экономиканың мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Ол мемлекеттің өз тұрғындары мен қоршаған ортаны жалпылама жоғары және жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ішкі саясаттың маңызды бөлігі. Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік саясаты, әлеуметтік стратегияны іске асыру үшін қажет. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы оның жұмысшы күшінің ұдайы өндіріс процесіне еңбек өнімділігінің жоғарылауына еңбек ресурстарының білімділігі мен біліктілік деңгейіне өндіріс күштерінің ғылыми техникалық даму деңгейіне қоғамның мәдени және рухани өміріне әсер етумен анықталады және берілген саясат еңбек және күнделікті өмір жағдайын жақартуға, дене шынықтырумен спортты дамытуға бағытталған.
5. Адам потенциалының қалыптасуының базалық көрсеткіштері адам дамуының негізгі үш компанентіне сәйкес келеді, олар – ұзақ жасау (ұзақ өмір сүру), білімділік және тұрмыс деңгейі. Адам потенциалын қалыптастырудағы осы компаненттердің әрқайсысы тұтас алғанда бірнеше маңызды адам мүмкіндіктерін қамтиды. Мәселен, ұзақ өмір сүру – ұзақ және салауатты ғұмыр сүруді, білімділік – білім алуды, қарым-қатынас жасау– қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі – лайықты тұрмыс үшін қажет ресурстарға қол жеткізуді, аумақтық және әлеуметтік жинақтылық үшін жағдайлар иеленуді, қоғам өміріне қатысуды т.б.білдіреді.
Қазіргі таңда әлемнің қандай да болмасын елін алып қарайтын болсақ, жалпы елдің, мемлекеттің басты, баға жетпес байлығы – адам болып табылады. Адами ресурстардың саны мен сапасы кез келген елдің болашағын айқындайтын негіз құрушы, ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Адами капитал – бұл инновациялардың және экономиканың тиімділігін арттырудың негізгі қозғаушы күші. Сондықтан да әр мемелекет осы бағыттағы саясатты барынша қолдап, адами ресурстарының саны мен сапасын жетілдіруге, одан әрі қарай дамытуға бар күш жігерін салатын кадрлық саясатты жүзеге асыруы қажет.
6. Адам потенциалының дамуы өзгелерінің арасынан білімге, денсаулық сақтауға және тамаққа едәуір күрделі қаржы жұмсалымын талап етеді. Соның нәтижесінде экономикалық өнімді жұмыспен айналысуға қабілетті денсаулықтары берік және білімді халық қалыптасады.
Білімділікті сипаттайтын көрсеткіштер. Білімділік 15 жастағы және одан ересек сауатты халықтың үлесімен, сондай-ақ 5-24 жастағы адамдарды оқумен қамту көрсеткішімен бағаланады.
Мемлекет денсаулығы бұзылған, аз қамтамасыз етілген отбасындағы және тәуекел топтарға жататын балалар үшін білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.
Адами капиталдың сапасын арттыру мақсатында медициналық көмек көрсетуді жақсарту және салауатты өмір салтын ұстануды уәждеме қалып тастыруға бағытталған азаматтардың денсаулығын нығайтудың саясаты жүргізіледі.
Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы денсаулық сақтау жүйесінің бірінші кезектегі міндеті болады. Бұл үшін мемлекеттік медициналық ұйымдарды басқару және денсаулық сақтау жүйесіндегі инвестициялық саясатты жүргізу тәсілдері қайта қаралады, нәтижелерге бағдарланған медициналық қызметтерге ақы төлеу және қаржыландыру жүйесі енгізіледі, дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етудің сапалы жүйесі құрылады.


Бекіту сұрақтары:
1. Жұмыспен қамтудың әлеуметтік-экономикалық мәні ашып көрсетіңіз.
2. Еңбек нарығы түсінігіне тоқталыңыз және оның объектілері мен субъектілері не жатады?
3. Жұмыссыздықтың қандай түрлерін білесіз және мемлекеттің жұмыспен қамту саясатының бағыттарына тоқталыңыз?.
4. Әлеуметтік саясаттың қандай бағыттарын білесіз?


Әдебиет:
(6,8,9,10,11,12,13,14)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет