Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі: Күні: 20.10.2017ж.
_________ Аңдамасова.Д.А. Сыныбы: 6.
20.10.2017ж.
Сабақтың тақырыбы: Ағаш ою тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Ағаш ою тәсілдері сарамандық негізінде әрлеу жұмыстарын меңгеру.
а) Білімділік: Ағаш ою тәсілдері туралы толық мағлұмат беру. .
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін есте сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, баяндау, сұрақ жауап.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Ою-өрнек суреттері.
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
а.Оқушылармен амандасу.
ә.Түгендеу.
б. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
§6.
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Балалар біз бүгінгі сабағымызда ағаш ою технологиясымен ағаштан жасалған бұйымдарға ою салу технологиясымен танысып жасаймыз. Өздеріңіз өмірден көріп жүргендей әр мамандықтың өзінің қыры мен сыры, технологиясы болады. Әрбір кәсіп иесі өзі таңдаған мамандығын меңгеріп алып өмірде кәсіпке айналдырады. Сол сияқты ағаш ұсталары да ағаштан түйін түйіп түрлі бұйымдар жасайды.
Мысалы, ағаштан жасалынатын, домбыра, қобыз, қазақтың келі-келсап, қасық, астау т.б. Бұл бұйымдарды өңдеуді өзі аса шеберлікке келеді. Бұл оюларды ойған кезде көп қателіктер кетіп жатады. Мысалы, қасық тігінен ойылмайды, оның басы қайқы келеді.
Бүгін біздер қасықты ермексаздан, саз балшықтан жапсырмалаудан бастаймыз. Алдымен кішкентай қасықты ермексаздан нақтылы бейнесін жапсырмалап келтіріп аламыз. Қасықтың жалпы құрылысы, ойылу қалыңдығы әзірленгеннен кейін тексертеміз. Өлшемі темір шай қасығымен бірдей болу керек. Айырмашылығы тереңдеу болады.
Жапсырмалау кезінде ойылатын қасықтың құрылымы, өлшемі анықталады, қателері түзетіледі. Түзетуден өткеннен кейін, ағаш ойылады. Балалар, күнделікті өмірде біз қасықты жиі пайдаланамыз. Енді қасықты ағаштан ойып аламыз.
Кішкентай шай қасық диаметрі 30-35 мм қатты ағаш бұтағынан ойып аламыз. Жұмыс жасаған қауіпсіздік ережесін сақтаймыз. Егер ағаш кепкен болса ол оюға жеңіл болады. Таңдаған бұтақ кесіндісі сыртқы қабығынан тазартылады, қарындашпен қасық бейнесі сызылады. Оның кескіні арнаулы қысқышта өңделеді. Қасықтың жоба сызығына дейін арамен араланып өткір пышақпен шекара сызыққа дейін алынады. Жобасы келтірілгеннен кейін, қасықтың іші науаша ыңғырумен ойылады, содан кейін сырты өңделеді. Қасықтың басы дәлірек өлшеммен дайын болған соң, оның сабы өңделеді.
Егер қасық бұйымы жаңа кесілген су ағаштан жасалса, өңделген бұйымның пішінін бормен тұлшалап жағып қою керек.
IV.Машықтық кезең.
. Жұмыс барысында қандай әдіс тәсілдерді, құрал-саймандандарды пайдаланғанын айту, әрбір оқушы өзінің жұмысын қорғайды.
V.Қорытынды.
Ағаш бетіне ою – өрнекті қандай құралдармен салады?
Ою – өрнек неше түрге бөлігнеді?
VI.Бағалау.
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалау, мадақтау.
VII. Үйге тапсырма.
§7.
Достарыңызбен бөлісу: |