Сабақ жоспары
Күні: 01.09.2020
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: “Ұлы тұлғалар -Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы ”
Сабақтың мақсаты:
а) Ұлы ақын Абайдың даналық сөздерін талдап, мағынасына көңіл бөліп, есте сақтап,парасатты ақын екендігін дәлелдей отырып насихаттау. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу
ә ) Шәкірттерге бабаларымыздың ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ой - толғауларын сезіндіре отырып, оларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа және адамдық асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың ақыл - ойын, белсенділігін, еске түсіру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, жүйелі шешен сөйлеуге дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |