Қорытынды
Мұғалім: Ұлы тұлға, халқының ойшыл данасы,
Қазақтың дара туған баласы.
Өзге түгілі, өзіңе жұмбақ нар едің,
Арысты туған киелі қазақ даласы!
Ұлы тұлғаларымыз Абай мен Әл-Фараби естен кетпес бейнедей жүрегімізде әрқашан сақталады.
Тәрбие сағаты
Сынып: 5
Күні: 23.11.2020ж
Сабақтың тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағытын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге дағдыландыру.
Түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс жасату, (миға шабул жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Достарыңызбен бөлісу: |