Әл-Фараби шығыстың ұлы ойшылы Тақырыбы: Әл-Фараби шығыстың ұлы ойшылы.
Мақсаты:Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.
Міндеті:Әл-Фарабидың қазақ халқының өмірінде алатын орнын көрсету.
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға білімге жетелеуіндегі.
Көрнекілігі:
Әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау.
Сабақ барысы.
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Миға шабуыл (Сұрақтар)
Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристолельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген.
Фарабидің толық аты-жөні -Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан Ұзлағ әл-Фараби ат Түрки. Ат Түрки-шыққан тегі түркі дегенді, әл-Фараби-Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Әл-Фараби түркі тайпасының әулетті отбасында дүниеге келген, әкесі әскер басы болған. Руы қаңлы-қыпшақ. Әкесі әскербасы болғандықтан, жас Мұхаммедтің де жауынгершілік, соғыс өнерінен хабары болған. Бала Мухаммед қала медреселерінің бірінен сауатын ашып, хат танып, Отырар кітапханасынан мол қорынан сусындап өскен. Тіл үйренуге жастай көңіл қойған. Араб тарихшысы ибн Халликан «әл-Фараби 70-ке жуық тіл білген» деп жазып қалдырған. Әсіресе түркі тілін, араб, парсы, грек тілдерін жетік меңгерген.
Әбу Насыр әл-Фараби 12.16 жасында ғылым-білім іздеп Әбу Насыр әл-Фараби өте кіші пе
йіл, барға қанағат қылатын, қарапайым киінген ер мінезді болған жан.
Қорытынды Олай болса балалар сендерге Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой да, даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңныңкепіліболмақ.
Кәне, балалар, кім өнер-білім туралы мақал-мәтел біледі?
Әл - Фараби бабамыздың аты 1150 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.