Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер» өлеңі. 8-сынып Сабақтың мақсаты



Дата08.11.2016
өлшемі29,62 Kb.
#1298

Сабақтың тақырыбы:

  • Әбу Насыр әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер» өлеңі.
  • 8-сынып

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың міндеттері:

  • 1. Білімділік: әл-Фарабидің өмірі, туған жері, өлеңдері мен ғылыми еңбектерімен танысу, «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі туған жерге сағынышы туралы әңгімелеу.
  • 2. Дамытушылық: мәтінді, өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой-өрісін, тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, ізденуге жетелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыруға ықпал ету.
  • 3. Тәрбиелік: ақынның өлеңінің мазмұнын талдата отырып, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, өмірбаянын негізінде жан-жақты білімді тұлғаны тәрбиелеуге жағдай жасау.

Сабақтың түрі: шығармашылық жұмыс.

  • Сабақтың түрі: шығармашылық жұмыс.
  • Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау, Венн диаграммасы.
  • Көрнекілігі: интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты слайд-шоу.
  • Пәнаралық байланыс: тарих, география
  • Күтілетін нәтиже: тақырып бойынша әңгімелеу, қорытынды жасау.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Жаңа сабақ.
  • Білемін
  • бөлімі
  • Білдім бөлімі
  • Білгім келеді бөлімі

Білемін бөлімі. «Ой шақыру». Сұрақтарға жауап беріңдер

  • Қазақ әдебиеті қандай мұра?
  • Қазақ әдебиеті даму барысында қандай кезеңдерді қамтиды?

Қазақ әдебиетінің кезеңдері

ІІ-бөлім. Білдім

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

  • Әбу Насыр әл-Фараби – ұлы ірі тұлға, энциклопедист ғалым, данышпан, философ, әдебиетші, ақын. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Турки. 1. ат-Турки – шыққан тегі түркі дегенді білдіреді. 2. әл-Фараби – Фараб қаласынан шыққан деген сөз. 3-5. ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ –ұлы ғұламаның әкесінің аты – Мұхаммед, атасының аты – Тархан, бабасының аты – Ұзлақ. 6. Ұлы ғұламаның өз аты –Мұхаммед. 7. Әбу Насыр – Насырдың әкесі дегенді білдіреді. .

Ежелгі Отырар

Дамаск қаласы

Бағдад қаласы

“Екінші ұстаз”

“Екінші ұстаз”

Шығармашылық жолы

Әл-Фараби -философ.

  • Фарабидің философиялық еңбектері:
  • “Ақылдың мәні туралы тарихтан”, “Данышпандықтың інжу маржаны”, “Ғылымдардың шығуы”,
  • “Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, “Аристотель еңбектеріне түсіндірме”

Әл-Фараби -ғалым

  • Әл-Фараби - ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Ол
  • музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді,
  • математикада үлкен жаңалықтар ашты,
  • астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды,
  • физика ғылымын жаңа идеялармен байытты,
  • медицина, химия, минерология, жаратылыстану ғылымдары бойынша еңбектер жазды.

Әл-Фараби - математик

  • Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.
  • Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.

Әл-Фараби және медицина

  • Медицина саласында Бағдат дәрігерлері оны өздерінің басшысы деп санаса, кейін медицинаның атасы атанған Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) өзін оның шәкіртімін деп есептеген. Әл-Фараби: «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Медицина бойынша жазған ең күрделі шығармасының бірі: "Медицина каноны"

Әл-Фараби және музыка «Музыка туралы трактат» кітабынан зерттеулері

Әл-Фарабидің өзі жасаған аспабы

қорқыт

Фараби танушылар

  • Қаныш Сәтбаев

Венн диаграммасы

  • Әл-Фараби
  • Абай

ІІІ-бөлім

  • Білгім келеді.

Әдебиет теориясы.

  • Лирикаадамның көңіл-күйін, сезімдерін бейнелейтін жанр.
  • Лирика бес түрге бөлінеді: 1. Табиғат лирикасы 2. Махаббат лиракасы 3. Философиялық лирика 4. Саяси лирика 5. Көңіл - күй лирикасы
  • Әл  – Фараби  өлеңдерінің  негізгі тақырыбы - өмірдің мән – мағынасы туралы толғау , оқу мен білімді мадақтау , адамгершілікке шақыру.
  • Әл-Фарабидің лирика жанрында жазған өлеңдерінің бірі: «Қашықтасың туған жер»

Қашықтасың туған жер - қалың елім, Не бір жүйрік болдырып жарау деген. Шаршадым мен, қанатым талды менің, Шаңқыт жолға сарылып қарауменен. Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, Қасіреттің жасына көз жуынар. О, жаратқан, көп неткен ақымағың, Құм сықылды тез ысып, тез суынар. Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Әкімдікке күллісі жүгіреді. Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, Жаным менің түршігіп, түнереді.

  • Қашықтасың туған жер - қалың елім, Не бір жүйрік болдырып жарау деген. Шаршадым мен, қанатым талды менің, Шаңқыт жолға сарылып қарауменен. Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, Қасіреттің жасына көз жуынар. О, жаратқан, көп неткен ақымағың, Құм сықылды тез ысып, тез суынар. Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Әкімдікке күллісі жүгіреді. Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, Жаным менің түршігіп, түнереді.

Бұл өлең не туралы?

  • Бұл өлең не туралы?
  • Неліктен сағыныш туралы?
  • Автор нені аңсайды?
  • Әл-Фараби: «Мен Қыпшақ елінен ешқандай атақ-даңқ іздеп келген жоқпын. Мен білім іздеп келдім, сол білімді араб елінен таптым, бірақ менің Қыпшақ еліне сүйіспеншілігім шексіз», – деп, өзінің туған жерге деген сағынышын өлеңге түсірген.

Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдаудың толық үлгісі 1. Авторы 2. Тақырып 3. Жанр түрі 4. Идеясы 5. Шумақ

  • Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдаудың толық үлгісі 1. Авторы 2. Тақырып 3. Жанр түрі 4. Идеясы 5. Шумақ
  • 6. Тармақ 7. Бунақ 8. Буын саны
  • 9. Ұйқас 10. Түсіндірме сөздік 11. Өлеңнің негізгі ойы.

Әл-Фараби лирикасын осы анықтама тұрғысынан қарап көрейік.

  • Әл-Фараби лирикасын осы анықтама тұрғысынан қарап көрейік.
  • «Қашықтасың туған жер» өлеңін сызба бойынша талдау
  • 1. Авторы: Әл-Фараби
  • 2. Тақырып: туған жеріне сағыныш.
  • 3. Жанр түрі: лирикалық өлең
  • 4. Идеясы: жылдар өтіп бара жатқан сайын, таза пейілді адамдардың қатары азайып қалуы.
  • 5. Шумақ – 3 шумақты
  • 6. Тармақ - 12 тармақтан тұрады
  • 7. Бунақ – 3 бунақты
  • Буын саны –11
  • 8. Ұйқас - кезекті ұйқас (- а - б - в - б)

9. Әдеби теориялық ұғымдар.

  • 9. Әдеби теориялық ұғымдар.
  • 1. Эпитет – туған жер-қалың елім, жолға сарылып қарауменен, қасіреттің жасына көз жуынар, жаным менің түнереді.
  • 2. Теңеу – қанатым талды менің, жылдарым жатыр ағып, құм сықылды тез ысып, тез суынар.
  • 10. Түсіндірме сөздік Қашық-алыс(далеко) шаңқыт жол –пыльная дорога қасірет-горе
  • түршігіп-содрагаясь
  • түнереді-хмурится
  • 11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Туған жерін, туған елін қашықта жүрсең де, ешқашан ұмытпау. Әл-Фарабидің патриот екенін көрсетеді.

Үй жұмысы:

  • «Қашықтасың туған жер – қалың елім» өлеңді жаттау.
  •  

«Блиц-турнир»

  • Әл-Фараби кім?
  • Әл-Фараби қайда туды?
  • Білімін жетілдіру үшін қайда барды?
  • Әл-Фараби қай салаларда еңбектер жазды?
  • Лирика дегеніміз не?
  • Әл-Фарабидің лирика жанрында жазылған шығармасын атаңдар?
  • Лирика неше түрге бөлінеді?
  • Лирика жанрында жазылған Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер?
  • Бұл өлеңдер лириканың қай түріне жатады?

Рефлексия

  • Рефлексия

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет