Сабақтың тақырыбы. Туған жер. Ө. Қанахин.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға әңгімені талдата отырып, шығарманың мазмұнын ашу. Оқылған шығарма туралы өз пікірін,ойын айтып оны дәлелдеуге үйрету.
Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту; тез, өнімді жұмыс арқылы уақытты үнемді пайдалана білу мүмкіндігіне дағдыландыру.
Тәрбиелік: өзгенің де пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жағдай туғызу; туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тек қана туған тіл арқылы ғана жеткізуге болатынын сезіндіру.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: табиғат суреттері, ақ қағаздар, маркерлер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Топтау» сызбасы, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Әуенмен бой сергіту.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
1.Сурет көрмесін ұйымдастыру.
Оқушыларға өткен сабақта туған жерім тақырыбында сурет салуға берілді. Сол суреттерді
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
көрмесіне қойып, сурет сюжеті бойынша әңгімелеп беруге тапсырма берілген. Оқушылар өз суреттері бойынша сөйлейді.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Туған жер. Ө. Қанахин.
Автор туралы түсінік беру
Өтебай Қанахин(1923-1990) - 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді.
Сөздік жұмысы:
Киелі –ерекше қасиеті бар.
Ризық-бұйырған нәсіп, ырыс.
Маңғаз-кербез.
Зеңгір-аспандай биік.
2.Мағынаны тану.
Туған жер мәтінін оқушылардың өздеріне оқыту.
Жеке жұмыс: Мәтінді іштей толық оқыту.
2.Жұппен жұмыс: бір-біріне мазмұнын айту.
3. Топпен жұмыс: барлығы топта мазмұнын айтады.
4. Әрқайсысы бір сұрақтан дайындайды.
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу
І топ.
«Туған жер» сөзіне синонимдік қатар құрастыру
Қазақстан Туып-өскен жер
Туған ел Туған жер Отан
Атамекен
ІІ топ. «Туған жер» сөзіне қандай ? сұрағына жауап болатын сөздермен топтастырып жаздырту
Ыстық
Байтақ Туған жер Әсем
Қадірлі Қымбат
Тақтаға шығып жазғандарын қорғап, айтып береді
Ү. Қорытындылау.
3.Шығармашылық жұмыс
А) «Туған жер» туралы мақал- мәтел айту
Б) Туған жер, дала, байлық, қорғау
Осы төрт сөзді пайдаланып, 5-6 минутта қысқаша мәтін құрастырып дәптерлеріне
жазып шығу.
Жазылған мәтінді оқушылар оқып, талдайды .
4. Сұрақ-жауап:
-Бүгінгі сабақта өткен тақырыбымыз қандай?
-Авторы кім, қай жылы туған, туған жері қай жер?
-Азаматтық парыз, борыш дегенді қалай түсінесіңдер?
- Туған жер туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
5. - Иә, ақындар өлең арнап, композиторлар ән шығарып, туған жерін әркім еске алып отырған. Ендеше, барлығымыз бірігіп туған жер туралы ән орындайық , сабақты көңілді әнмен аяқтайық.
Сабақта алған әсерін стикерге жазып «Рефлексия алаңына» жапсырады.
ҮІ.Үйге тапсырма: «Ауылым- туған жерім» тақырыбында шығарма жазу.
«Туған жер» тақырыбын оқу, түсінігін айту.
ҮІІ.Бағалау:Оқушылардың өздеріне бағалату.
Тексерілді:
Өтебай Қанахин
(1923-1990)
Қанахин Өтебай (1923–1990) - 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Әдебиетке елуінші жылдары келді. 1953–1960 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, 1960 жылдан Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, мәдениет секторының меңгерушісі, 1963–1966 жж. «Жазушы» баспасында бас редактор, 1966–1969 жж. Қазақстан КП ОК-нің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969–1970 жж. «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс» журналында бөлім меңгерушісі, 1975–1982 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық редакциялық алқасының бас редакторы қызметтерін атқарды.
Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді. «Ауыр күндер», «Мұрагер» (1958), «Көл жағасында» (1960), «Маздақ» (1964), «Тұңғыш махаббат» (1966), «Жас дәурен» (1966), «Жер басып жүрсем» (1968), «Дәмелі» (1962), «Жүрек қалауы» (1974), «Бақыт бәйшешегі» (1976), «Құдірет» (1979), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986), «Ата қоныс» (1990), т.б. кітаптардың авторы.
Жолдыбай негізгі мектебі
Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ
Авторы: Өтебай Қанахин
Өткізген: Шамиғанова Д.Ғ.
3-сынып
Достарыңызбен бөлісу: |