Ойлы болсаң, озып көр /интеллектуалды ойын/ Мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі67,18 Kb.
Ойлы болсаң, озып көр

/интеллектуалды ойын/


Мақсаты: Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа,жылдамдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту, білімді, дарынды, озық болуға жетелеу, пәнге деген қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт

Көңілді тапқыштар, алғырлар,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады - дей отырып, біздің сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік ойынымызды бастаймыз.

Осы сайысқа сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.

1-топ- ____________, топ үшелері: Гүлім, Ақмарал, Әлия, Азамат, Диас

2-топ ____________, топ мүшелері: Нұрдәулет, Айзат, Алуа, Ануар,

Топ мүшесімен танысып болсақ,

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей отыра әділ - қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.


Ендіге кезекте ойыншыларымызды «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынының өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін. Ойын бірнеше айналымнан тұрады. Әр айналымның атына заты сай тапсырмалары бар.

І айналым: «Зымыран сұрақтар» деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында әр түрлі пән бойынша әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1-топтың сұрақтары

1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоқсан 1991ж)
2. Қазақ батырларын ата. (Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Қабанбай, Абылай)
3. Қысқартылып жазылатын ұзындық өлшем бірліктерін ата? (см, дм, м, км)
4. Даусты дыбыстар нешеге бөлінеді? (3-ке)

5. Әдемі, сұлу, келбетті қандай сөздер? (синоним)

6. Жылдың 4мезгіліне өлең жазған кім? (Абай)

7. «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап? (батыл, ер жүрек)

8. Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)

9. Мәтіннің түрлерін ата (баяндау, сипаттау, пайымдау)

10. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

2 - топтық сұрақтары.

1. Біздің мемлекеттік туымызда нелер бейнеленген? (Күн, бүркіт, ою - өрнек)

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

3. Уақыт өлшем бірліктері (Жыл, ғасыр, апта, секунд, минут, ай, тәулік, күн)

4. Садақ, жебе, саут, найза – қандай сөздер? (көнерген сөздер)

5. «Абай жолы» роман – эпопеяның авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

6. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)

7. Қазақстанның тауларын ата. (Көкшетау, Ұлытау, Алатау)

8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді (3-ке)

9. Судың үш күйін ата? (Қатты, сұйық, газ)

10. Абайдың әжесі кім? (Зере)


ІІ айналым «Сөз ойла, тез ойла» деп аталады. 2 әріп А және Қ әріпі беріледі. Сұрақтың жауабы сол әріпке байланысты болады.

Мысалы мен Тау десем – Алатау, құс – қарлығаш деп жауап беру керексіздер. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

1.ҚР астанасы. 1.Үлкен кісі  (Астана – қарт)

2.Қадірлі жан. 2.Ұлт  (ана – қазақ)

3.Әкесінің әкесі. 3.Математикалық амал  (ата-алу)

4.Математикалық амал. 4.Оқулық (алу – ана тілі)

5.Ер қанаты- 5.Сүттен жасалған тағам (ат – құрт)

6.Оқулық 6.Жылқының сүті  (ана тілі- қымыз)

7.Жеміс-жидек атауы 7.Музыкалық аспап (алма – қобыз)

8.Адамның аты. 8.Көкөніс түрі (Анар – қауын)



ІІІ айналым «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Жұмбақ тар мен өлең жолдарының түсіп қалған сөздерін ұйқасын табасыздар, дұрыс жауап 10-ұпай.

Суға қармақ салып, 

Ұстап алдық ............. (балық) 

Тыңда тұяқ дүбірін, 

Тұр-ау тыста кісі кеп. 

Кенет менің құлыным 

Қоя берді ................ (бісінеп) 

... бала әрқашан, 

Қуантады ... . 

Құлыным деп анасы, 

... баласын. (Жақсы,анасын,жұбатады) 
Қоңырауы жеттеп, 

Шақырады ............. (мектеп) 


Кеше ойнап секіріп, 

Жанат алды-............. (екілік) 

... қошақан

... қалмайды. 

Сүп-сүйкімді момақан, 

... аумайды. (әп-әдемі,соңымнан бір,анасынан) 



ІY айналым «Ана тілім-айбыным» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа 3 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме, ертегі) беріледі. Сол шығарманың авторын, атын табу керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Топ дайын болса, шығарманы оқимын мұқият тыңдап, дұрыс жауап беруге тырысамыз.

1-топ.

1. Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай,



Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай.  (Сүйінбай Аронұлы, «Жақсы мен жаман адамның қасиеті)

2. Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біреудің сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы - тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы - сауысқан деймін. (Халық ауыз әдебиеті, «Аяз би» ертегісі)

2-топқа.

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай —


Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай. (Абай Құнанбаев, «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай»)

2. Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты; «Шалқұйрыкты сұрағаным, ерге лайық ат еді, ер мінсін деп едім; Құба інгенді сұрағаным, ер қосын артсын деп едім; Ақсырмалды сауытты сұрағаным, қосылған адамым ер еді, сол ер кисін деп едім»,— депті. 

Әкесі қызының сөзінен жеңіліп, сұрағандарын беріпті. «Қызыма сәлем айт, Сорқұдықтың басына көшін қондырмасын, қондырса кесір болады»,— депті.  (Халық ауыз әдебиеті, «Ер Төстік»)

Ү айналым«Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл жерде сіздерге мақал, мәтелді тиісті бағанға орналастыру керексіздер. Және тұрақты тіркесті толықтыру керксіздер

Мәтелдер: Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас – бір жартас. Ит ашуын тырнадан алады. Біреу тойып секірсе, біреу тоқып секіреді. Біреу ай нұрына малынса, біреу күн нұрына зәру. Қалауын тапса, қар жанар. Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады. Екі жарты -бір бүтін. Ер мойынында қыл арқан шірімес. Дүние — ақсақ елік жеткізбейді 

Мақал:

Жаңбыр жауса, жер ырысы,



Батыр туса, ел ырысы.

Білімді өлмес – қағазда аты қалар,

Ұста өлмес – істеген заты қалар

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

Ағаш тамырымен, адам жолдасымен мықты

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Күлме досқа келер басқа

Денсаулық – зор байлы

Дос жылатып айтар,

Дұшпан күлдіріп айтар

Батыр туса – ел ырысы,

Жауын жауса жер ырысы




Тұрақты тіркестер

Мағына

Тілі шығу

Ит арқасы қиянда

Қоян жүрек

Таяқ тастам жерқ

Көзді-ашып жұмғанша


Сөйлеу

алыста


қорқақ

жақын


лезде




Тұрақты тіркестер

Мағына

Көзге түртсе көргісіз Күлін көкке ұшыру

Бетінен оты шықты

Қолды болды

Беті бүлк етпеді .



қап-қараңғы

құрту


ұялды

ұрланды


ұялмады

Сайыстың соңғы кезеңі аяқталған соң, әділқазылар алқасы ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады. 
Ренжімей тараса, озбағандар жарады. 
Жарыс заңы ежелден- жеңімпазды анықтау, 
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау-деп оқушылардың ұпай санын есептеп болған әділқазыларға сөз беріп, жеңімпаздың есімін еститін кезге де жеттік. (Жеңімпаз анықталып, марапатталады).

Білімнің мініп алып тұлпарына 
Қиналмай шықтық, міне, шыңдарына 
Жер бетінде адам өмір өткізер, 
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер 
Бар ізгілік тек білімнен алынар 
Білімменен аспанға жол салынар,- дей отырып, бүгінгі «Ойлы болсаң, озып көр» атты интелектуалдық сайысымызды аяқтаймыз.
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу