Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы



бет1/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#6237
  1   2   3



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «доп»

Мақсаты:    Доп туралы жалпы түсініктерін кеңейту, ермексаздан жұмыр пішінді ойыншық доп жасауды үйрету; қол қимылының үйлесімділігін, домалақ пішінді жасауды дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, доп, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: домалақ

Билингвальды компонент: доп мяч.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, «Кім епті?» ойынын ұйымдастырады.
Тәрбиеші ортада тұрып, балаларға допты кезек кезек лақтырады. Балаларға үлестірмелі материалдағы сурет бойынша қысқаша әңгіме айтып береді.

Билингвальды компонент: доп мяч.

 Балалар допты қолдарымен қағып алып, қайтадан тәрбиешіге лақтырады.

Әңгімені мұқият тыңдайды.

Тәрбиешінің соңынан «доп мяч» сөзін қайталайды.


Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

Сөздік жұмыс: домалақ

Доптың пішіні қандай?

Доптың түсі қандай?

Доп қатты ма жұмсақ па?

Доп жеңіл ме ауыр ма?

Доп бізге не үшін керек?

Топта доптың көп болғаның қалайсыңдар ма? Ендеше, өзіміз доп жасап алайық.

Саусақ жаттығулары.

Қолымыздың саусақтарының көмегімен үлкен және кішкентай доп жасап көрейік.

Ермексаздан доптың қалай жасалатынын көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды таңдап аламыз

Ермексазды алақан арасына салып, айналмалы қимыл қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз;

Басқа түсті ермексазбен әшекелейміз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Тәрбиеші қажет жағдайда қиналып отырған балаға допты әшекейлеуге көмектеседі.



Сергіту сәті.

Добым менің, добым менің

Добым неткен көңілді едің

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Менен қашып құтылмайсың.

Ш. Смаханұлы.



Жұмбақ

Ұрсаң қатты зырлайды

Жерге қарғып тұрмайды

Тиәп кетсе басыңа

Ешбір зиян болмайды.

(доп)


Домалақ


Қызыл, сары.

Жұмсақ


Жеңіл

Ойнау үшін

Иә

Екі қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, домалақ пішінді үлкен допты көрсетеді. Бір қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, кішкентай допты бейнелейді.


Педагогтің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.
Балалар ермексаздан допты мұсіндейді.
Өлең жолдарын бәрі бірге қосылып, қимыл қозғалыстар жасайды.

Жұмбақты шешуге тырысады.

Жауабы: доп.



Рефлексиялық-түзетушілік

 Бірнеше сұрақтар қойып пысықтайды.

Балалар, бүгін не жасадық?

Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суреттегі балалардың қуанғанын айтып, осы суретке жасаған жұмыстарын қойып ойнауды ұсыну.

Балаларды мадақтайды.




 Доп жасадық.

Балалар жасаған жұмыстарын үлестірмелі материалдағы суретке қойып, ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ермексаздан домалақтау тәсілімен жасалған допты басқа түсті ермексазбен безендіріп;

Игереді: доптың ерекшеліктерін (пішінін, түсін, салмағын)

Меңгереді: ермексаздан алақан арасына салып домалақтау білімін.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «мандариндер мен апельсиндер»

Мақсаты:    апельсиндер мен мандариннің айырмашылығын ажырата білуге үйрету; үлкен және кішкентай домалақ заттарды жасауды дамыту,эстетикалық талғамды сақтап, жұмысты ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, апельсиннің мандариннің суреттері, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: цитрус, апельсин, мандарин.

Билингвальды компонент: үлкен большой, кішкентай маленький


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші апельсиннің суреттерін көрсетеді. Сондай ақ муляждарымен немесе жемісімен таныстырады. Олардың цитрустық жемістер екенін, оларда «С» дәрумені көп екендігін айтады.

 Балалар көрнекілерді қарайды. Апельсинн, мандарин жемістерімен танысады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға апельсин, мандарин туралы бірнеше сұрақ қойылады.

Апельсиннің көлемі қандай?

Мандариннің көлемі қандай?

Билингвальды компонент: үлкен большой, кішкентай малеький.
Түстері қандай?

Апельсин мен мандариннің қабығы алманыкі сияқты жылтыр ма?

Ұстағанда қайсысы жұмсақ, қайсысы қатты?

Иісі қандай? Иіскеп көрейікші.

Кәне, балалар, өз қуыршақтарымызға, апельсин, мандарин жасап берсек қайтеді?
Сергіту сәті.

Алақай ау, алақай,

Ән шырқайық, балақай.

Қызырғанша алақан

Қол соғайық балақан.

А. Асылхан



Жұмыстаң орындалу тәсілін көрсетіп, тұсіндіру:

Қызғылт сары түсті ермексазды бірін үлкен, бірін кіші етіп бөлікке бөлу;

Алапқанға салып, домалақтар жасау;

Апельсин үлкен домалақ, мандарин кішкентай домалақ;

Салыстыру, қайсысы апельсин, қайсысы мандарин?

Неге олай ойлайтындарын сұрау.



Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балаларға ермексаздан апельсин, мандарин мүсіндеуге уақыт беру.

Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек беру.


Сұрақтарға жауап береді.

Үлкен


Кішкентай

Үлкен большой, кішкентай маленький сөздерін қайталайды.

Қызғылт сары.

Жоқ, кедір бұдыр.


Мандарин жұмсақтау, ал апельсин қатты.

Хош иісті, керемет.


Балалар келіседі.
Балалар өлең жолдарын айта отырып, жаттығулар жасайды.
Жұмыстарын орындау тәсілін мұқият тыңдайды.

Үлестірмелі материалдағы суретті қарастырады.

Балалар қызғылт сары түсті ермексазды таңдап алып, мандаринді және апельсинді мүсіндейді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардан жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін және не үшін беретінін сұрау.

Балалардың жұмысын бағалау, рақмет айту.



 Балалар жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін, не үшін таңдағанын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ермексазды домалақ пішінді апельсин мен мандарин бейнесіне келтіреді;

Игереді: апельсин мен мандариннің пайдасын және цитрустық жеміс екендігін;

Меңгереді: үлкен, кішкентай домалақтар жасау білімін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «қояндарға арналған сәбіздер»

Мақсатықоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру, қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру.

Сопақша пішінді және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеуді үйрету, сондай ақ ермексазды дұрыс қолдану жолдарын дамыту.

Жануарларға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған сәбіздің үлгісі, қояндардың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: көкөніс.

Билингвальды компонент: сәбіз марковь, қоян заяц.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Қояндардың суретін көрнекі құрал етіп алу.
Қоян қандай аң?
Қояндар не жейді?

Балалар, қояндар бізге қонаққа келіпті.

Олар үшеуі дауласып отыр. Не үшін дауласып отыр екен? Кәне, кім біледі?

Тәрбиеші олар сәбізге дауласып отырғанын айтады.



 Суретке қарап, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. Жүйрік, құлағы ұзын, қорқақ аң.

Сәбіз жейді.

Балалар әртүрлі жауап береді.


Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші қоян туралы өзі білетін шағын ертегі немесе әңгімені айтып береді.

Қонақтардың қысқы азықтарын жинап үлгермегенін айтады.

Балалар, қояндарға қысқы азықтарын жинауға, сәбіз жасауға көмектесеміз бе?

Сәбіздің пішіні қандай?

Оның түсі қандай?

Сәбіз көкөніске жатады.

Сөздік жұмыс: көкөніс.

Көкөністердің муляжын балаларға ұстап көру үшін таратып береді.


Сергіту сәті.

Секірейік, секірейік

Ұзын құлақ қоянша

Шаршағанды кетірейік

Болар сонда тамаша.

Билингвальды компонент: сәбіз морковь, қоян заяц.

Жұмыстын орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Қызғылт сары түсті ермексазды жұмырлап, сопақша пішінге келтіріп, бір жағын үшкірлеп, сәбіз пішінін жасау;

Осы әдісті пайдалана отырып, қояндарға бірнеше сәбіз мүсіндеп беруді тапсыру.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.

«Көкөністерді ата» дидактикалық ойынын ұйымдастыру.

Ойын барысы:

Көкөністердің суреттері таратылады. Балалар көкөністердің атын атап, сипаттайды.


Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тындайды.
Иә.
Сопақша

Қызғылт сары.

«көкөніс» сөзін қайталайды.

Балалар көкөністерді ұстап көреді.

Өлең жолдарын айтып, қимылдар жасайды.
«сәбіз морковь», «қоян заяц» сөздерін қайталайды.
Сәбіз жасаудың әдіс тәсілдерімен танысады.

Балалардың әрқайсысы бір бірден бірнеше сәбіз мүсіндейді.


Әркім өзінің қолындағы сурет бойынша көкөністі атайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, бүгін не мүсіндедік?

Сәбізді нелерге береміз?

Балаларға суреттегі үш қоянның көңіл күйлерін байқатып, ұнатқан қоянына сәбізді сыйлауын ұсыну, мадақтау.


 Сәбіз

Қояндарға

Бала жасаған сәбізін қалаған қоянға беріп, ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:  сопақша пішінді ермексазды сәбіз бейнесіне келтіреді;

Игереді: қоянның азығы көкөністер екендігін;

Меңгереді: ермексаздан сопақша пішін жасай алу дағдысын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»

Мақсатысаңырауқұлақтармен таныстыру, олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайту; екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін қолдана отырып дамыту, табиғатқа деген қызығушылықты қалыптастыру,табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, саңырауқұлақтардың суреті, үлгі сурет, тақтайша, ермексаз, сулық

Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ алаңқайы.

Билингвальды компонент: саңырауқұлақтар грибы.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларды орманға серуенге шығару.

Саңырауқұлақтар алаңқайын көрсету. Баларға саңырауқұлақтарды себетке жинату.



Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ алаңқайы. Саңырауқұлақ туралы әңгімелеп, сұрақтар қояды.
Балалар, біз не жинадық?
Саңырауқұлақ қанша бөліктен тұрады екен?
Балалардың көңілін суреттегі саңырауқұлақтарға бөлу, түстерін сұрау.

Билингвальды компонент: саңырауқұлақтар грибы.

Орманға баруға қызығушылықтарын танытады.

Саңырауқұлақ алаңқайы қайталайды. Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Саңырауқұлақ жинадық.

Саңырауқұлақтар екі бөліктен тұрады.

Қалпағы, аяғы.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

«саңырауқұлақ грибы» сөзін қайталайды.


Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға в. Сутеевтің «саңырауқұлақ саясында» ертегісін айтып беру.

(балалардың жас ерекшелігіне байланысты, ертегіні қысқаша айтып беру)

Орманда кенеттен не басталды?

Саңырауқұлақтың астына нелер жиналады?

Жаңбырдан кейін не болды?

Ендеше, біз де саңырауқұлақты мүсіндеп көрейік.

Тәрбиеші өзі жасаған үлгіні көрсетеді.

Жұмыстын орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру.

Қызыл түсті ермексазды екі алақанымыздың ортасына салып, қалпақ жасаймыз.


Сұрақтарға жауап береді.

Үлкен


Кішкентай

Үлкен большой, кішкентай маленький сөздерін қайталайды.

Қызғылт сары.

Жоқ, кедір бұдыр.


Мандарин жұмсақтау, ал апельсин қатты.

Хош иісті, керемет.


Балалар келіседі.
Балалар өлең жолдарын айта отырып, жаттығулар жасайды.
Жұмыстарын орындау тәсілін мұқият тыңдайды.

Үлестірмелі материалдағы суретті қарастырады.

Балалар қызғылт сары түсті ермексазды таңдап алып, мандаринді және апельсинді мүсіндейді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардан жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін және не үшін беретінін сұрау.

Балалардың жұмысын бағалау, рақмет айту.



 Балалар жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін, не үшін таңдағанын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ермексазды домалақ пішінді апельсин мен мандарин бейнесіне келтіреді;

Игереді: апельсин мен мандариннің пайдасын және цитрустық жеміс екендігін;

Меңгереді: үлкен, кішкентай домалақтар жасау білімін.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Ұлу»

Мақсаты: ұлу жайлы жалпы түсінік беру,ермексазды ширатып созу,жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту,ұқыптылыққа, дербес іс әрекет жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, ұлудың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық

Сөздік жұмыс:жәндік

Билингвальды компонент: ұлу улитка, бақалшақ ракушка.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жұмбақтың шешуін табуды ұсыну.

Жұмбақ

Арқасында үйі бар

Басында екі мүйізі бар

Күн шықса жатады салқын үйде

Күн жауғанда кетеді серуенге.

(ұлу)


Билингвальді компонент: ұлу улитка, бақалшақ ракушка.

 Балалар жұмбақты шешуге тырысады.
Балалар «ұлу улитка», «бақалшақ ракушка» сөздерін қайталайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Ұлу өте нәзік, өте сұлу жәндік.

Сөздік жұмыс: жәндік.

Ол қыста ұйықтайды, көктемде ұйқыдан оянады. Арқасындабақалшақтан үйі бар.өз үйін өзі көтеріп жүреді.кез келген қатерден өз үйіне тығылып қалып қорғанып қалады. Жаңбыр жауғаннан кейін сыртқа шығып серуендейді.

Ұлу жалғыз өзі келіпті, достары жоқ екен, сондықтан ол көңілсіз. Оған көп достар жасап беріп, көңілін көтерсек қайтеді. Алдымен ұлумен бір ойын ойнап көрейік.



Сергіту сәті. «күн және жаңбыр» ойыны.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Әуен қосылып, ойын басталады. «жаңбыр жауады» дегенде балалар қолшатырдың астына жиналады.

Педагог балаларға өзі дайындаған ұлудың үлгісін көрсетеді.

Жұмыстын орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды жұмсарту;

Ұзын ширатпа есу;

Дөңгелектеп орау;

Басына көз, ауыз, мүйіз жасау.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда, жеке балаға көмек көрсетіледі.



Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

Жәндік сөзін қайталайды.

Ұлудың суретімен, дене құрылысымен танысады.
Балалар ұлуға достар жасап беруге келіс еді.

Балалар ойын ойнайды.

Ұлу жасаудың әдіс тәсілдерімен танысады.
Ұлуды мүсіндейді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, бүгін не мүсіндедік?

Ұлу достарының көбейгеніне қуанып, рахмет айтып жатыр. Сендердің жасаған ұлуларыңмен достасып, ойнағысы келіп тұр.

Балалардың жұмыстарын талдату.


 Ұлуды мүсіндедік. Жасаған ұлуларын суреттегі ұлумен достастырып, ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ұзын «шұжық»пішінді ермексазды орау арқылы ұлудың бейнесіне келтіреді.

Игереді: ұлудың арқасында бақалшақтан үй болатындығын;

Меңгереді: ермексазды алақан арасына салып есу арқылы ұзын «шұжық» пішінін жасауды.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Қуыршақтар»

Мақсаты:Балаларды ойыншықтар әлемімен таңыстыруды жалғастыру, жұмбақ жасыра отырып, қуыршақтың ерекшелігіне көңіл бөліп, құрастыру жолдарын үйрету, домалақ пішіннен әртүрлі көлемде сопақша және «шұжықша» пішіндерді жасауды дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, қуыршақтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық

Сөздік жұмыс: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек.

Билингвальды компонент: қуыршақ кукла.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға ойыншықтар әлемін бейне таспадан тамашалату.

Жұмбақ:

Аяғы бар жүрмейді

Аузы бар күлмейді

Айнымайды бөпемнен

Тек сөйлеуді білмейді.

(қуыршақ)



Билингвальді компонент: қуыршақ кукла.

 Балалар жұмбақты шешуге тырысады.
Қуыршақ

«қуыршақ кукла» сөзін қайталайды..



Ұйымдастыру-іздестіру

Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суретпен жұмыс.

Балалар, бізге айсауле, інісі айдос екеуі қонаққа келіпті.

Кімнің бойы ұзын?

Айсауленің киімінің түсі қандай?

Айдостікі ше?

Оларда достары жоқ екен, оларға дос жасап берсек қайтеді.

Тәрбиеші өзі жасаған қуыршақтың үлгісін көрсетеді.

Жұмыстын орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды жұмсарту

Тақтайшаның үстіне домалақтау

Үлкен бөлігі денесі, кішкентай бөлігі басы.

Ермексазды «шұжықша» пішінге келтіру, ол қолы.

Бөліктерді біріктіру, біріктірген жерін тегістеу.



Балалардың өз бетінше жұмысы.

Көзін, қасын, аузын жасауға тәрбиеші өзі көмектеседі.



Сергіту сәті.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым әкем,

Балаң үйрек анам

Ортан терек ағам

Шылдыр шүмек мен,

Кішкене бөбек сен!

Балаларға өздері жасаған қуыршақтарына ат қойдыру.


Суреттерді қарайды,

Қызығушылық танытады.

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Үлгіні тамашалайды.

Балалар өз беттерінше жауап береді.


Жұмыстың орындалу барысын мұқият тыңдайды.


Қуыршақты мүсіндейді.

Балалар сергіту сәтін орындайды.


Балалар жасаған қуыршақтарына ат қояды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Айсауле мен айдос балалардың жасап берген қуыршақ достарына қуанып, рақмет айтады. Балаларға жасаған қуыршақтарымен ойын ойнауды ұсынады. Оларды мақтап, мадақтайды.

 Балалар жасаған жұмыстарын айсауле мен айдосқа береді, ойын ойнайды..

Каталог: uploads -> doc -> 0685
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0685 -> Сабақтың тақырыбы М. Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет