Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы


Меңгереді: ермексазды домалақ, сопақша пішінге келтіру дағдысын. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



бет3/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#6237
1   2   3

Меңгереді: ермексазды домалақ, сопақша пішінге келтіру дағдысын.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Құламайтын қуыршақ»

Мақсаты: шар пішіндерінен, әртүрлі домалақтар жасауды үйрету; ойыншықтар туралы жалпы түсінік беріп, құламайтын қуыршақпен таныстыру; тазалыққа, эстетикалық талғаммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, ермексаз, сулық, ермексаздан жасалған үлгі, қуыршақтың суреті.

Сөздік жұмыс: ұрыншақ.

Билингвальды компонент: құламайтын қуыршақ неваляшка.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Өлең жолдарын тыңдауды ұсыну.

Қуыршақтар

Әй, қуыршақ, қуыршақ

Жуынбайсың жуынсақ

«Жат» деседе де жатпайсың,

Бола берме ұрыншақ

Құламайтын қуыршақ.

У. С. Ахметова

Сөздік жұмыс: ұрыншақ


Үлестірмелі материалдағы суретті қарауды ұсыну.

 Балалар құламайтын қуыршақ туралы түсінік алады.
Ұрыншақ сөзін ұайталайды.

Суретті қарап, сұрақтарға жауап береді.





Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар, суреттен қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар?

Билингвальды компонент: құламайтын қуыршақ неваляшка.

Олардың киімдерінің түсі қандай екен?

Қайсысы биік, қайсысы аласа?

Неге оларды құламайтын қуыршақ деп атайды?

Қандай геометриялық денелерден құрастырылған?

Ең үлкен дөңгелек денесі, орташа дөңгелек басы, кішкене дөңгелектер қолдары.

Тәрбиеші балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды жұмсартамыз;

Алақанға салып домалақтаймыз;

Үлкен бөлік денесі, кіші бөлік басы;

Екі бірдей домалақтар қолдары;

Бөліктерді біріктіріп, қосылған жерлерін тегістейміз.



Балалардың өз бетінше жұмысы.

Көзін, мұрнын, аузын жасауға тәрбиеші көмектеседі.



Сергіту сәті

Алақай ау, алақай

Ән шырқайық, балақай

Қызарғанша алақан

Қол соғайық, балақан

А. Асылхан

Балаларға өздерінің жасаған қуыршақтарына ат қойдыру.

Қуыршақпен ойын.



Құламайтын ойыншықтарды, қоянды, аюды.

«құламайтын қуыршақ неваляшка» сөзін қайталайды.

Әртүрлі.

Қуыршақ биік, аю орташа, қоян аласа.


Домалақ шарлардан.

Екі қолы бірдей домалақ.

Балалар дайын үлгіні тамашалайды.

Жұмыстың орындалу тәсілін бақылайды.

Қуыршақты мүсіндеу.

Балалар сергіту сәтін орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жұмысын талдау, мадақтау.

Мазмұнды суреттегі қуыршақтармен бірге ойнауды ұсыну.




Балалар жасаған қуыршақтарына ат қояды.

Ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:  әртүрлі көлемдегі домалақ ермексазды біріктіреді, ұсақ элементтермен толықтыру арқылы қуыршақ бейнесіне келтіреді;

Игереді: неге құламайтын қуыршақтар деп аталатынын;

Меңгереді: әртүрлі көлемдегі ермексазды алақанға салып домалақтау тәсілін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Әжеге арналған сыйлық»

Мақсаты: нанның қасиеті туралы әңгімелеу, оның дастарқанға қойылғанша қандай жолмен алынатыны, дайындалатыны жайлы балаларға түсінік беру; нанның түрлерін, әртүрлі домалақ, сопақшапішіндерін мүсіндеуді үйрету; нанды қастерлей білуге, оған құрметпен қараға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, ермексаз, сулық, ермексаздан жасалған үлгі,әртүрлі пішіндегі түймелер,ойық тоқаш, бауырсақ.

Сөздік жұмыс: тоқаш, ойық тоқаш, құрқол.

Билингвальды компонент: сыйлық подарки.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балалармен әже туралы әңгімелейді. Әжеге арналған өлең жолдарын тыңдауды ұсынады.

Әже

Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне

Үлестірмелі материалдағы суретпен жұмыс.



 Балалар өлең жолдарын тындайды.
Суретке қарайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар, мен кім туралы өлең оқыдым?

Әжеміз сендерді өз дастарқанына наурызкөжеден дәм татуға шақырып жатыр екен. Әжеміздің үйіне құрқол бармай, өзіміз қолмен сыйлық жасап, барайық.

Сөздік жұмыс: құрал.
Билингвальды компонент: сыйлық подарки.

Әжемізге қолдан бауырсақ, ойық тоқаш жасап баруға болады.



Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды жұмсартамыз

Алақанға салып домалақтаймыз

Екі алақанның ортасына салып жалпақтаймыз

«шұжықша» пішінге келтіріп, оның екі шетін біріктіреміз.

Алдын ала дайындалған үлгілерді көрсетеді.

Балалар, әженің үйіне кім не алып барғысы келсе, соны жасайды.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балаларға өз бетінше жұмыс жасауға уақыт беру.

Қажет болғанда көмектесу.

Сергіту сәті

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санайық екеуміз

Бас бармағым атам

Балаң үйрек әжем

Ортан терек әкем

Шылдыр шүмек анам

Кішкене бөбек мен

Бір үйде біз нешеуміз

Бір үйде біз бесеуміз




Әже туралы.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
Құрал сөздерін қайталайды.

«сыйлық подарки» сөзңн қайталайды.

Үлгілермен танысады. Өздеріне ұнаған жұмыстарын жасайды.
Өз қалаулары бойынша сыйлықтарын мүсіндейді.

Балалар сергіту сәтін саусақтарын бүге отырып орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардан сұрап, жауап алу:

Сен әжеге қандай сыйлық жасадың, неге осы сыйлықты таңдадың?

Балалардың жұмысын талдау, мадақтау.


Балалар өздерінің жауабын береді. Жасаған жұмыстарын әженің табағына салады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:  домалақ, сопақша, жалпақ пішіндерді тәтті нандар түріне келтіреді;

Игереді: үлкенді сыйлауды, сыйлық жасап қуанта білуді;

Меңгереді: ермексазды есу, домалақтау, жалпақтау тәсілдерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: бөлшектерді құрастыру арқылы ұшақты мүсіндеудіүйрету; қиялдау сезімдерін дамыту; ұқыптылыққа, дербес іс әрекет жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, ермексаз, сулық, ермексаздан жасалған үлгі,ұшақтың суреті

Сөздік жұмыс: ұшқыш.

Билингвальды компонент: ұшақ самолет.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Жұмбақ.

Ұшса аяғы жоқ

Қонса аяғы бар

(ұшақ)


Қысқаша ұшақ туралы әңгімелеп береді.

Билингвальды компонент: ұшақ самолет.

 Балалар жұмбақты шешуге тырысады.

Балалар мұқият тыңдайды. «ұшақ самолет» сөзін қайталайды.



Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар назарын үлестірмелі материалдағы суретке аударады.

Балалар, ұшақ қайда ұшады?

Біздің суретте не жетіспей тұр?

Ұшақты ұшқыш жүргізеді.

Сөздік жұмыс: ұшқыш.

Сендердің ұшаққа отырып ұшқыларын келе ме?

Ендеше, өзімізге ұнайтын ұшақты жасап көрейік. Неше бөліктен тұратынын қарайық.

Сергіту сәті. «ұшақтар» ойыны

Ұшақтар ұшады

Ұшақтар қонады.

Тәрбиеші балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.



Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Үлкен бөлікті алақан арасына салып сопақша пішінге келтіріп, сәбіз пішіндес жасау;

Екі кішкене бөлікті «шұжықша» тәріздес есіп, жалпақтау;

Үлкен сопақшаны ұшақтың бас жағына, кіші сопақшаны ұшақтың артқы жағына біріктіру;

Үлкен сопақшаның артқы жағын жоғары қарай қайыру арқылы ұшақтың құйрығын жасау;

Түрлі түсті ермексазды пайдалана отырып безендіру, терезе салу т.б.



Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.



Сұрақтарға жауап береді.

Аспанда.


Ұшақ.
Ұшқыш сөзін қайталайды.

Иә.


Балалар шеңберге тұрып, екі қолдарын жайып, әуеннің ырғағымен дыбыс шығарып, ұшақ болып ұшады.

Балалар жұмыстың орындалу тәсілімен танысады.

Балалар ұшақты мүсіндейді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, бүгін не мүсіндедік?

Үлестірмелі суретке балалар өздерінің жасаған ұшақтарын қойып, ойнауды ұсыну.



Жасаған жұмыстарын мазмұнды суретке қойып ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  сопақша мүсіндерді жалпақтау арқылы ұшақ пішініне келтіреді, бөлшектерді біріктіреді, ұсақ элементтермен толықтырады;

Игереді: ұшақтың аспанда ұшатындығын, қанатының болатындығын;

Меңгереді: ермексаздан әртүрлі пішіндер жасау дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Пирамида»

Мақсаты: пирамида ойыншығы туралы түсініктерін кеңейту; бөліктерді біріктіре отырып, бейне құрастыру дағдыларын дамыту; ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, ермексаз, сулық, ермексаздан жасалған үлгі,пирамида ойыншығы.

Сөздік жұмыс: ширатпалар, түтікше.

Билингвальды компонент: пирамида пирамида.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ойыншықтардан көрме ұйымдастыру.

«Ойыншықтарды ата» ойынын ұйымдастыру.

Ойын барысы: доп, машина, аю, пирамида т.б. ойыншықтар. Балалар әрбір ойыншыққа сипаттама берулері тиіс.


Ойынды қызыға ойнайды.

Балалар ойыншықтарды сипаттап атайды: доп резеңкеден, машина темірден, аю матадан, пирамида пластмассадан жасалған.



Ұйымдастыру-іздестіру

Пирамиданы қалай жасаған?
Ол неше бөліктен тұрады?

Түстері қандай?


Қалай орналастырылған?
Ол неге ұқсайды?

Сендер ермексаздан пирамида жасай аласыңдар ма?

Қараңдар, мен мынадай пирамида жасап алдым. Тәрбиеші өзі жасаған үлгіні көрсетеді. Билингвальды компонент: пирамида пирамида.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексаздан ұзын түтікше жасаймыз;

Түрлі түсті ермексаздан бірнеше ширатпалар жасап аламыз;

Ширатпалардың екі ұшын қосып, біріктіреміз;

Үлкен бөліктен кішісіне қарайдөңгелектерді бірінің үстіне бірін түтікшеге кигіземіз.

Сөздік жұмыс: ширатпалар, түтікше.



Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда балаларға көмек көрсету.



Сергіту сәті.

Алақай ау алақай

Ән шырқайық, балақай

Қызарғанша алақан

Қол соғайық, балақан.

«Түстерді ата!» ойынын ұйымдастыру.

Пирамиданы пайдаланып, түстерін атау.

Балалар алты түрлі негізгі түстерді суреттен немесе пирамидадан атайды.


Түрлі түсті дөңгелектерден.

Алты бөліктен.

Пирамиданың түстерінатайды.

Үлкенінен кішісіне қарай орналастырылған.

Пирамидаға.

Иә.
Үлгіні тамашалайды.

«пирамида» сөзін қайталайды.

Пирамида жасаудың әдіс тәсілдерімен танысады.

Пирамиданы мүсіндейді.
Ширатпалар, түтікше сөздерін қайталайды.
Балалар сергіту сәтін орындайды.

Түстерді атайды.



Ақ, қара, сары, қызыл, жасыл, көк.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жұмысын талдау, мадақтау жасаған пирамидаларын суреттегі пирамидамен салыстыру.

Балалар бір бірінің жұмысына баға береді.пирамидаларын салыстырып, ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ұзындығы әртүрлі ширатпалардың ұшын біріктіріп сақиналар жасайды, үлкенінен кішісіне қарай ретімен пирамида құрастырады;

Игереді: пирамиданың дөңгелектері әртүрлі көлемде, әртүрлі түсте болатынын;

Меңгереді: әр түсті ермексазды есу арқылы ұзындығы әртүрлі ширатпалар жасау дағдысын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет