Жастарда тәуелді мінез-құлықтың қалыптасуына әлеуметтік желілердің әсерін талдау.
Орындаған: Баратай Еркебұлан
Қабылдаған: Есбергенова Г. Б.
Кіріспе
Әлеуметтік желілер — ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары.
Барлық әлеуметтік желілерде бар ортақ ерекшеліктері:
пайдаланушының тіркелуінің (яғни тіркелгінің) болуы; тіркелу кезінде пайдаланушы өзін анықтауға болатын өзі туралы кейбір ақпаратты көрсетеді;
сеанс ашу арқылы жүйеге кіру (пайдаланушы атын көрсетеді және құпия сөзді енгізу арқылы өзінің жеке басын растайды);
ортаны орнату (мысалы, өзіңіз туралы, сіздің қызығушылықтарыңыз туралы қосымша ақпаратты көрсету).
Біздің өміріміздегі әлеуметтік желілер
Адамзат өмір сүріп жатқан жоғары технологиялар ғасыры қоғам дамуындағы жаңа әрі өзгеше деңгейге әкелді.Ақпаратпен алмасу, адамдар арасындағы тілдесу, қарым-қатынас орнату әдістері, жұмыс беру ұсыныстары мен іздеужолдары, демалыс түрлері шын өмірден виртуалды әлемге өтті. Миллиондаған адамдар күнделікті түрде әлеуметтікжелілер қызметтерін пайдаланады, жаңа достар мен клиенттер, қызметкерлер іздейді, кейбіреулері уақыттарын босөткізуге арнайды. Білім деңгейін жоғарылату мақсатында ғаламтор ресурстарын пайдаланғанымен, көбінесеәлеуметтік желілерді виртуалды тілдесу үшін ғана пайдаланушылар жеткілікті екендігі жасырын емес. Сонымен қатар,XXI ғасырдағы азаматтарды тәрбиелеу теледидардан Интернетке көшті. Сондықтан оның қоғамдағы рөлінің жағымдыжәне жағымсыз жақтарын ажырату ақпараттандыру ғасырында қиынға соғары анық.
Жастар арасындағы тәуелділіктің себептері
Тәуелділік, жалпы алғанда, өмірдің басқа салаларына қанағаттанбауды білдіреді. Адамды қоғамдық өмірден басқа белсенділіктен алыстатып, шын өмірді ұмыттырады. Интернет пен компьютерге тәуелді адамдар интернет қолданбайтын адамдардың қасында өздерін мазасыз сезіне бастайды. Қоғамға жабайы тұлға болу көбінесе компьютермен көп уақыт өткізетін балаларда байқалады. Мысалға, мектеп немесе достарының ұйымдастырған саяхат, пикник және әртүрлі іс-шараларға қатыспайтын балалардың ең жақсы досы компьютер болып табылады.Ол балалар әрдайым интернетті немесе компьютер ойынын ойлап, проблемаларды ұмыту үшін немесе көңіл-күйлері нашар болғанда компьютердің басына отырады
1.E–mail–ды тексеруге деген жабысқақ құмарлық;
2.Интернетке келесі рет кіруге дейінгі үнемі күту сезімі;
3.Адамның Интернетте тым көп уақыт өткізетініне айналадағылардың шағымдары;
4.Адамның Интернетке тым көп ақша жұмсауына айналадағылардың шағымдары.
Зерттеушілер Интернет–тәуелділігінің түрлі критерийлерін келтіреді. Кимберли Янг бұл құбылыстың 4 симптомын келтіреді:
Тәуелділіктің кезеңдері
Компьютерлік тәуелділік 6 жасар балаларда анықталады. Алайда ол 12-15 жасар жасөспірімдерде аса жиі пайда болады. Жасөспірімдік шақ – бұл өмірлік мақсаттар қалыптастыру, моральдық-адамгершілік бағдарлар жасау, әлеуметтік байланыстарды кеңейту кезеңі.
Тәуелділіктен арылу жолдары
1. Әлеуметтік желілерді қол жетімді емес ету
Әр кезде ауа райын, поштаға келген хатты қарау немесе тыңдап отырған әнді (әуенді) басқаға ауыстыру керек болып сіз телефоныңызды қолға алған кезде қолданбаға көзіңіз түседі. Сол сәтте қызығушылық туындап ашып қарайын деген ой келеді және сіз қарайсыз. Сондықтан қолданбаларды (Инстаграм, Фейсбук) өз телефоныңыздан өшіріп тастау керек немесе алғашқы бетке қоймай алысырақ бір папканың ішіне салып қойыңыз. Өйткені сіздің ақылды әрі мазасыз құрылғыңыз ылғи да жаныңызда немесе қол жетімді жерде. Ал телефоныңыздағы әлеуметтік желілердің қолданбалары сіздің ашып қарауыңызды жеңілдетеді.
2. Пайдалануды жоспарлау
Қолданбаларды телефоннан алып тастағаннан кейін, оларды компьютерге орнатыңыз. Содан кейін сіз қолданбаларды қарап, тексеріп шығу үшін күніне бір сағат бөліңіз.
Әрине әлеуметтік медиа сайттардың өзіндік құндылығы бар, ол жерде сіз достарыңызбен байланыста боласыз, жаңа жұмыс мүмкіндіктері туралы білесіз және т.б. ақпараттар аласыз.
Бұл деген қолданбаларды өз өміріңізден мүлдем аластат деген емес, пайдалануды қатаң түрде шектеу қажет деген сөз.
3. Талғампаз болу
Енді телефоныңызда қол жетімді оңай басып аша салатын қолданбалар болмағандықтан, бос уақытыңызды білімге (кітап, журнал мен газеттердегі жақсы жазылған мақалалар, білім мен ғылымға арналған сайттар) жұмсаңыз. Қазақта жақсы бір нақыл сөз бар «Ақша жұмсаған сайын азая береді, ал білім жұмсаған көбейе береді» деген. Сонымен қатар өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығына пайдасы тиетін дене белсенділігімен айналысыңыз.
Инстаграмм, Фейсбук беттерінде (парақшаларында) жарияланатын көптеген белгісіз ақпарат көздерінен алынған сенсациялық жаңалықтар туралы білудің орнына, сенімді жаңалықтар сайттарын қараған дұрыс.