Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы



бет2/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#6237
1   2   3

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  домалақ, сопақша пішіндерді біріктіріп, қуыршақ бейнесіне келтіреді.

Игереді: әртүрлі қуыршақ ойыншықтардың болатыңдығын;

Меңгереді: ермексазды алақан арасына салып , домалақтау,есу тәсілдерін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты:Балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру; домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту; қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, тақтайша, ермексаз, сулық

Сөздік жұмыс: қар ұшқындап, жапалақтап,борандатып жауады.

Билингвальды компонент: аққала снеговик.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға қыс туралы өлең оқу.

Қыс келді, қыс келді,

Ақтарып ақ қарды,

Жол аппақ түске еңді,

Аралап қайтайық

Ақ күміс бақтарды.

Ә. Ысқақбаев

Неге жердің бәрі аппақ?

(жерде жасанды қарлар жатады)

Қар ұлпалары неге ұқсайды?

Тәрбиеші:

Қар ұлпалары қандай керемет, өрнектері де бар екен. Ал мына қарлар еріп, еріп, жабысып,домалақтанып қалыпты. Кәне, осы қарлардытездетіп, екіге бөліп, жинап тастайық.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Енді осы қыс мезгіліндегі көріністердібақылайды.




 Балалар өлеңді тыңдайды.

Топ ішін аралап жүріп, танданады.


Өйткені жердің бетін қар жапқан.

Жұлдызшаға ұқсайды.

Қар ұлпаларын тамашалайды. Екі ыдысқа бөліп жинайды.
Қыс мезгілі.


Ұйымдастыру-іздестіру

Даланың бәрі қандай?

Иә, қыстың сәні қар демекші, айналаның бәрі қар.

Ауа райы қандай?

Балалар қыста қандай ойындар ойнайды?



Билингвальді компонент: аққала снеговик.

Аққала неше бөліктен тұрады?


Мұрнын, көзін неден жасайды?
Түстері қандай?

Аққаланы неден жасайды?

Енді осы аққаланы жасайтынқарды зерттеп көрейік.

Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсету.

Бұл қарды қайдан алдым?

Қар қайдан пайда болды?


Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып, жерге жауып түседі екен. Олар әртүрлі болып жауады:

Ұшқындап жауады;

Жапалақтап жауады;

Борандатып жауады т.б түрлері бар. Балаларға жауған қардың суретін көрсету.



Сергіту сәті.

Балалар, қардың қалай жауатының қимылмен көрсетіңдерші.


Қар қандай, суық па, жылы ма?

Қардың түсі қандай?

Күнге шағылысқанда қандай болады?

Қар ауыр ма жеңіл ме?

Қар таза ма жеуге бола ма?
Балалар, қардан аққаланы қалай жасағанымызды еске түсірейікші:

Бірінші үлкен домалақ жасадық

Екінші ортанша домалақ жасадық, оны үлкен домалақтын үстіне қойдық,үшінші кішкене домалақты жасадық та, орташа екінші домалақтың үстіне қойдық. Басынашелек кигіздік.

Балалар, бұл аққала менің досым.

Сендер өздеріңе аққаладан дос жасап алғылырың келе ме?

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды әртүрлі үш бөлікке бөлу;

Бөліктерді алақан арасына салып, домалақтау;

Үлкен бөлікті астына, орташа бөлікті ортасына, кіші бөлікті үстіне қою;

Бөліктерді бір бірімен біріктіру;

Қолын таяқшалардан жасау.


Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.

Аққала досына ат қойдыру.


Сұрақтарға жауап береді.

Қарлы, аппақ

Суық

Шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанақ тебеді, аққала жасапойнайды.



«аққала снеговик» сөзін қайталайды. Үш бөліктен тұрады.

Сәбізден, көмірден жасайды.

Қызғылт сары, қара.

Қардан жасайды.


Даладан

Аспаннан жауып, жерге түседі.


Балалар қардың әртүрлі болыпжауғанын тамашалайды.


Балалар қардың жауғаның қимылмен көрсетеді.

Суық


Қардың түс аппақ

Күмістей жарқырайды.

Аспаннан жауғанда жеңіл. Жерде жатып көбейгенде ауыр.

Қарды жеуге болмайды. Таза емес, тамақты ауыртады, микробы бар.


Иә.

Аққаланы мүсіндеудің әдіс тәсілімен танысады.

Балалар аққаланы мүсіндейді.

Аққалаға досына ат қояды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Айсауле мен айдос балалардың жасап берген қуыршақ достарына қуанып, рақмет айтады. Балаларға жасаған қуыршақтарымен ойын ойнауды ұсынады. Оларды мақтап, мадақтайды.

 Балалар жасаған аққалаларымен ойнайды, өз текшелеріне қояды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  әртүрлі көлемдегідомалақтардыбіріктіреді, ұсақ элементтерін толықтырады.

Игереді: аққаланың қыстағана болатының;

Меңгереді: әртүрлі көлемдегі дөңгелектердіалақан арасына салып домалақтау тәсілін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Шырша ойыншықтары»

Мақсаты:Жаңа жыл, шырша, шырша ойыншықтары туралы жалпы түсінік беру, әртүрлі пішіндерді мүсіндеу және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеу іскерліктерін шындау,тақпақтар,өлеңдер айтқызып тілін, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, тақтайша, ермексаз, сулық, шырша суреті, ойыншықтар, шырша жаңғақтары.

Сөздік жұмыс: шырша, шырша тойы.

Билингвальды компонент: шырша елка, ойыншықтар игрушки.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шыршаның суретің тақтаға ілу.

Балаларға Жаңа жыл мерекесіне арналғанөлең жолдарын еске түсіруді ұсыну.

Ойыншықты мұншама

Кім ілді екен шыршаға

Маңдайында жұлдызы

Жарқырайды соңшама

«бірдей ойыншықты тап!» ойынын ұйымдастыру. Ұқсас бірнеше ойыншықтарының ішінен, бірдей ойыншықтарды тапқызу.


 Балалар тақтаға ілген суретке қарайды.

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады.

Екі бірдей ойыншықты табуға тырысады.


Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар біз қазір қандай мерекеге дайындалып жатырмыз?

Шыршаға не қажет?



Билингвальды компонент: шырша елка, ойыншықтар игрушки.
Сендер де шырша тойына ойыншық жасап, шыршаны безендіргілерін келе ме?

Олай болса, шыршамызға ойыншықтар жасап, ілейік.



Сергіту сәті.

Қар жауып, далада боран соғады.

Кішкентай шыршамыз қыста тоңвды.

Орманнан шыршаны үйге әкелдік

Әдемі ойыншықтармен оны сәндедік.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Түрлі түсті ермек сазды бірнеше бөлікке бөлу;

Әр түсті жомалақтар жасау;

Әр түсті сәбіз пішіндес денелер жасау;

Жасаған ойыншықтарды шыршаның үстіне қою.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Балалар шығармашылықпен шырша ойыншықтарын жасайды. Қиналған балаларға жеке көмек көрсету.


Жасаған ойыншықтарын үлестірмелі материалдағы шыршаға орналастырады.



Шырша тойына.

Шырша ойыншықтары.

Балалар «шырша елка», «ойыншықтар игрушки» сөздерін қайталайды.

Иә.


Өлең жолдарын әндетіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдарорындайды.

Жұмыстың орындалу барысымен танысады.

Балалар өздері мүсіндеген ойыншықтармен шыршаны безендіреді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардан шырша ойыншықтарының пішіні қандай болатынын, қалай жасағанын сұрау.

Балалардың жұмыстарын талдау, мадақтау.



Жаңа жылға жаттаған әндерін қол ұстасып, шаттық шеңберін құрып жүріп хормен айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  дөңгелек сопақша пішіндерді әртүрлі ойыншықтар бейнесіне келтіреді.

Игереді: қыс мезгілінде шырша мерекесі болатынын;

Меңгереді: алақан арасында домалақтау, есу тәсілдерін қолданып, ермексазды әртүрлі пішіндерге келтіруді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Мойынорғыш пен баскиім»

Мақсаты:қыстық киім туралы түсініктерін кеңейту; қуыршаққа арналған сойынорағыш пен баскиімді әртүрлі пішіндерден жасауды үйрету; ұқыптылыққа, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, тақтайша, ермексаз, сулық, қуыршақтың суреті.

Сөздік жұмыс: аяз.

Билингвальды компонент: мойынорағыш шарф, баскиім головной убор.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасыру.

Жұмбақ

Аяғы бар жүрмейді

Аузы бар күлмейді

Айнымайды бөпемнен

Тек сөйлеуді білмейді.

(қуыршақ)

Үлестірмелі материалдағы суретке қарап отырып әңгіме құрастыру.

Тәрбиеші:


Балалар, біздің тобымызға әйгерім деген қуыршақ қонаққа келіпті. Кәне, қонағымызбен амандасып, оның бізге қандай өтініші бар екенін тыңдайық.

 Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.
Үлестірмелі материалдағы суретке қарап,өздерінің білгеніншеәңгімелеп береді.

Балалар қуыршақпен сәлемдесіп, оның өтінішін тыңдайды.



Ұйымдастыру-іздестіру

Сендермен бірге ойнап,серуенге мен де барсам, дейді.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа райы қандай?

Қыста далада аяз болады.

Сөздік жұмыс: аяз.

Адамдар қыста қалай кйінеді?

Ал айгерім қалай киініп алыпты?


Айгерім нені киюді ұмытыпты?
Қыстыгүні далаға жалаңбас шығуға бола ма?

Әйгерім бізбен бірге серуенге шыға ала ма?

Дұрыс айтасыңдар, себебі оның баскиімі мен мойынорағышы жоқ екен.
Билингвальды компонент: баскиім головной убор, мойынорағыш шарф.
Тәрбиеші:

Балалар, біз әйгерімге баскиім мен мойынорғыш жасап берейік, сонда ғана ол таза ауаға бізбен бірге шыға алады. тәрбиеші балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.


Сергіту сәті.

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санайық екеуміз

Бас бармағым атам

Балаң үйрек әжем

Ортан терек әкем

Шылдыр шүмек анам

Кішкене бөбек мен

Бір үйде біз нешеуміз

Бір үйде біз бесеуміз


Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды жұмсартып, екі бөлікке бөлеміз;

Алақаңға салып айналдыра отырыпдомалақтаймыз;

Домалақты жалпақтап, бас бармақпен ортасынан басып, қуыс жасаймыз;

Екіншісін «шұжықша» пішінге келтіріп, жалпақтаймыз.
Балалардың өз бетінше жұмысы.

(шашақ тағу, тағы басқа әрлеу жұмыстарын жасауға тәрбиеші көмектеседі)

«Қуыршақты киіндіру» ойынын ұйымдастыру.

Балаларға қуыршақтың киімдері ұсынылады.



Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді

Қазір қыс мезгілі.

Суық
Аяз сөзін қайталайды.

Жылы киінеді.

Үстіне тон, аяғына етік, ұолына қолғап киген.

Ол мойынорағыш пен баскиім киюді ұмытып кетіпті.

Жоқ
Шыға алмайды.
«баскиім головной убор» «мойынорағыш шарф» сөздерін қайталайды.

Үлгіні тамашалайды.

Балалар саусақ жаттығуларын орындайды.

Жұмыстың орындалу тәсілімен танысады. Балалар бар ынталарымен әйгерімге мойынорағыш пен баскиім мүсіндеуге кіріседі.

Қуыршаққа жыл мезгіліне байланысты киімдерді таңдап, қуыршаққа киіндіреді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Әйгерім балаларға рақметін айтады.

Тәрбиеші:

Балалар бәріміз жылы киімдерімізді киіп, әйгерімді өзімізбен бірге далаға серуенге алып шығайық. Ол енді тоңбайтын болды.


Балалар жасаған жұмыстарын әйгерімге береді. Олар бәрі жылы киімдерін киіп, көтеріңкі көңіл күймен далаға серуенге шығады.

Балалар мақтау мен мадақтауға ие болды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:  домалақ ермексаздың ішін қуыстау арқылы баскиімпішініне, сопақша ермексазды жалпақтау арқылы мойынорғыш пішініне келтіреді;

Игереді: қыстыгүні баскиім мен мойынорағыштың қажеттілігін;

Меңгереді: ермексазды домалақтау, есу дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Мысықтың ыдысы»

Мақсаты: мысық туралы түсініктерін кеңейту,ол туралы балалардың өздеріне әңгімелету; ермексаздыдомалақтап, ортасын қуыстау машығын дамыту, сондай ақ шыдамдылыққа, төзімділікке, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, ермексаз, сулық, мысықтың суреті, ыдыс үлгі.

Сөздік жұмыс: ойыны бір қанбайды.

Билингвальды компонент: мысық кошка, ыдыс посуда.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға оқу іс әрекетіне байланысты жұмбақтың шешуін табуды ұсыну.

Жұмбақ

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды

Допты көрсе домалатып қоймайды

Беті қолын қайта қайта жуады

Тышқандарды иүйімізден қуады

(мысық)




 Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

Мысық.


Ұйымдастыру-іздестіру

Билингвальды компонент: мысық кошка, ыдыс посуда

Тәрбиеші:

Балалар,мысық қайда мекендейді?

Өте жақсы,балалар, сондықтан мысықты үй жануары деп айтамыз. Балалардың назарын үлестірмелі материалдағы мысықтың суретіне аударту.

Мысық қалай дыбыстайды?

Мысық не жейді?

Мысыққа немен тамақ береміз?
Ал, балалар, мысыққа қарайықшы, құлағы, аяғы, құйрығы, көзі нешеу?
Ал мысықтың түсі қандай?

Кім мысық туралы тақпақ біледі?


Балалар сендер мысықты жақсы көресіңдер ме?

Олай болса, мысыққа сүт ішетін ыдыс жасап берейікші.мысықтың сүт ішетің ыдысы жоқ екен. Алдымен бойымызды сергітіп алайық.


Сергіту сәті.

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып керіліп

Беті қолын жуады

Қасымнан бір қалмайды

Көзін қысып алдайды

Ойнатсам да күнімен

Ойыны бір қанбайды

Сөздік жұмыс: ойыны бір қанбайды.

Тәрбиеші балаларға өзі жасаған ыдыстың үлгісін көрсетіп, таныстырады.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды жұмсартамыз;

Алақанға салып, домалақтаймыз;

Ортасына сұқ саусағымызды батырып,ойық жасаймыз;

Кесе пішініне ұқсатып, жан жағын тегістейміз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Көмек керек болған балаға тәрбиеші көмектеседі.



«Шатасқан жіп» ойыны ұйымдастыру.

Балалар, мысық жіппен ойнағанды жақсы көреді. Әженің ұршығындағы жіпті шатастырып тастапты. Сол жіптің шатасқанын жазып беруге көмектесейік.



Ойын барысы: шатасқан жіпті жазуға тырысу.


«мысық кошка», «ыдыс посуда» сөздерін қосылып бірге қайталайды.

Мысық үйді мекендейді.


Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.

«мяу мяу» деп дыбыстайды.

Мысық тышқан аулайды, сүт ішеді.

Ыдыспен


Аяғы төртеу,көзі екеу, құйрығы біреу, құлағы екеу.

Ала мысық.

Пеш түбінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Балалар өлең шумағына сай қимыл жасайды.
Қайталайды: ойыны бір қонбайды.

Балалар жұмыстың орындалу тәсілімен танысады.


Мысыққа арналған ыдысты мүсіндейді.

Балалар ойынға қызыға кіріседі.

Шатасқан жіпті жазады.




Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, біз бүгін не жасадық?

Міне, тамаша, енді жасаған ыдысымызды мысыққа сыйлайық. Балаларды мадақтау.



Жұмыстарды талдайды, жасаған ыдыстарын мысыққа сыйлайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  домалақ ермексаздың ортасын бас бармақпен баса отырып,іші қуыс ыдыс пішініне келтіреді;

Игереді: мысықтың үй жануары екендігін, сүтті жақсы көретіндігін;

Меңгереді: ермексазды алақан арасына салып, домалақтау тәсілін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Сылдырмақ»

Мақсаты: сылдырмақ туралы түсініктерін кеңейту,оның дыбыс шығаруының сырын түсіндіру; домалақ және сопақша пішіндерді жасауды, тегістеп екі бөлікті біріктіре білуді, ұнаған түстерін таңдай білуді дамыту; ұқыптылыққа және еңбектене білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, ермексаз, сулық, мысықтың суреті, ыдыс үлгі, ермексаздан жасалған үлгі, сылдырмақ.

Сөздік жұмыс: сылдырмақ

Билингвальды компонент: сылдырмақ погремушка.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға сылдырмақ туралы өлең жолдарын тыңдауды ұсынады.

Сылдырмақ

Сылдырмақ сылдырлап

Бесікке тұрады

Бөпешім былдырлап

Бас салып, қолға алып

Ауызға салады

Сол кезде сылдырмақ

Сөйлемей қалады.

Ж. Смақов

(сылдырмақты сылдырлатып көрсету)



Билингвальды компонент: сылдырмақ погремушка.



 Балалар өлең жолдарын тыңдайды, не туралы айтылғанын айтады.

«сылдырмақ погремушка» сөздерін балалар қосылып қайталап айтады.




Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші:

Бұл сылдырмақтың сыры неде? Бұл қалай дыбыс шығарады, зерттеп көрейік.

Сөздік жұмыс: сылдырлайды.

Пластмасадан жасалған ойыншықтың ішіне салынған моншақтарды ашып көрсету, қайта жауып, шайқап, сылдырлату. Осылай әртүрлі ұсақ заттар салу арқылы дыбыс шығарылатынын балаларға түсіндіру.

Сылдырмақ не үшін керек?

Кімнің үйінде сылдырмақ бар?

Кімнің үйінде кішкентай іні қарындасы бар?

Сол бөбектерге сылдырмақ жасап берсек қайтеді.

Тәрбиеші балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.

Алдымен саусақ жаттығуларын жасап алайық.



Саусақ жаттығуы.

Қуырмаш (ойын өлең)

Қуыр қуыр, қуырмаш!

Тауықтарға бидай шаш!

Бас бармақ

Балаң үйрек

Ортан терек

Шылдыр шүмек

Кішкене бөбек

Халық ауыз әдебиеті.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

Ермексаздан қалаған түсті таңдап алып, жұмсартамыз, оны екі бөлікке бөліп, алақанға салып домалақтаймыз;

Екінші бөлікті алақан арасына салып, ширатып пішін жасаймыз;

Екі бөлікті біріктіріп, әшекелейміз.


Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қиналып отырған балаларға көмек көрсету.


Сергіту сәті. «сылдырмақпен би»

Қолымызда сылдырмақ

Сылдыр сылдыр етеді

Аяғымыз тыпылдап

Өзі билеп кетеді.

Тып, тып, тып, тып,

Тыпылдатып биге шық

А. Меңжанова

Жасаған сылдырмақтың түсі қандай?

Сабын қандай түспен жасадың? Кімге арнап жасадың? Сұрақтарын қойып, жауап алу.




Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сылдырмақтың сырымен таңысады.

Сылдырлайды сөзін қайталайды.


Үйлерінде сылдырмақтың кішкекнтай іні қарындастарының барын айтып, сұрақтарға жауап береді. Оларды сылдырмақпен ойнататындарын айтады.

Саусақ жаттығуларын өлең жолдарын қайталай отырып орындайды.

Сылдырмақтың жасалу жолдарымен таңыстырады.

Балалар тәрбиешімен бірге сылдырмақты мүсіндейді.


Қолдарына сылдырмақ алып, сылдырлатып, қимыл қозғалыстар жасайды.

Балалар өздерінің жасаған сылдырмақтары туралы әңгімелейді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, бұл жасаған сылдырмақтарынды ата аналарыңа көрсетемін. Балалардың жұмысын талдау, мадақтау.


Балалар жасаған сылдырмақтарымен ойнайды. Өз текшелеріне қояды..

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  домалақ , сопақша пішіндерді біріктіріп, ойыншық бейнесін келтіреді;

Игереді: сылдырмақтың бөбектерге арналған ойыншық екендігін;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет