Табиғи ортаны туристік бағытта пайдалану мәселелері ежелден географтардың, сонымен қатар басқа да ғылым өкілдерінің назарында болды. XIX ғасырдың бірінші жартысында-ақ географтар туристік қозғалысқа қатысушылардың шамадан тыс шоғырлануының нәтижесінде болатын табиғат ландшафының жағымсыз өзгерістеріне назар аудара бастады. Туристік базаларды салу және туристік қозғалыс шоғырлануы концентрациясы табиғи ортаның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Жыл сайын күшейіп келе жатқан туристік миграция, сонымен қатар инфрақұрылымға байланысты онымен бірге жүретін капиталдық салымдар, өнеркәсіптің, урбанизация деңгейінің және көліктің дамуы тәрізді факторлар табиғи ортаға қауіп-қатер туғызады.
Табиғи ортаға кері әсер ету түрлері алуан түрлі, ал олардың кейбіреулері болса өте зиянды. Бірақ бұлардың барлығын туризмде дұрыс жоспарланбаса, дамымаса және басқарылмаса одан ары күрделене түседі — ол кері экологиялық әсер туғызуы мүмкін, олардың ең зияндысы төменде келтірілген:
-туристік шаруашылықтың және онымен қатар жүретін базаның дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбанизациясы;
-ауаның туристік жүйе кәсіпорындары мен ұйымдарының әсерінен ластануы, әсіресе көлік құралдарымен және коммуналдық құрылымдармен, сонымен қатар туристік аудандарда іштен жану қозғалтқышының шамадан тыс қолданылуы (автокөліктер, автобустар, такси, мотоциклдер және басқалар). Белгілі дәрежедегі ластанулар көптеген туристердің алыс сапарларда және жергілікті жерлердегі ауа тасымалында қолданылатын ұшақтар әсерінен де болады;
-туристік кәсіпорындардың су көздерін ағынды сумен ластауы (канализация жүйелерінің дұрыс орналастырылмауы және қонақүйлер мен басқа да объектілердің қатты қалдықтарды дұрыс пайдаланбауыны4 әсерінен), туристік көлік құралдарымен, автокөлік жуу және т. б. Канализациялық құбыр арқылы шығарылатын қалдықтардың кеселінен өзендер, көлдер және жағалауға жақын сулар ластанады, ал қалдықтардың жерге сіңуінен -жер асты сулары ластанады;
-Бірненеше факторлардың әсерінен ландшафт эстетикасының нашарлауы және оның түбегейлі жойылып кетуі: туристік құрылымдардың шамадан тыс шоғырлануы, олардың тиімсіз орналасуы (нашар жобаланған қонақ үйлер мен басқа да туристік объектілер, объектілердің жергілікті жердің көрінісін бұзуы), аса безендірілген және өте үлкен жарнамалық тақталардың қолданылуы;
табиғи орындардығы туристердің артынан қалатын қалдықтар мен қоқыстарды жою мәселесі;
туристердің табиғат аймақтарын жиі және дұрыс қолданбауы және туристік объектілердің тиімсіз орналасуы нәтижесінде табиғат зоналарының экологиясының бұзылуы. Бұл әсіресе туристерді көп қызықтыратын теңіз жағалауы, таулы және шөлді экожүйелер үшін өте қауіпті;
туристердің шамадан тыс және дұрыс пайдаланбауы нәтижесінде археологиялық және тарихи ескерткіштерге зиян келтіруі; Жоғарыда аталған факторлар табиғи ортаның «туристік урбанизация» деген ұғымын қалыптастырды.
Рекреация, туризм және табиғи орта бірі-бірімен тығыз байланысты. Табиғат және географиялық орта туристерді қызықтыратын көптеген құрамдардан тұрады. Туризмнің дамуы оң және кері экологиялық әсерді туғызуы мүмкін. Туризмнің дамуы және оны басқару оның табиғи ортамен үйлесімді жүруі және оған кері әсерін тигізбеуі, туризмнің бірқалыпты дамуының маңызды факторы болып табылады. Туризмді экологиялық тұрғыдан дамыту жоспарын құру үшін ең алдымен туризмнің табиғи ортаға әсерін бағалау қажет. Егер туризм дұрыс жоспарланса, дамыса және басқарылса, ол оң экологиялық әсер тигізуі мүмкін:
маңызды табиғи аудандардың қорғауға алынуына, қалыптасуына және қаржыландырылуына, сонымен қатар ұлттық парктер мен қорықтардың дамуына жағдай жасайды;
археологиялық және тарихи объектілердің сақталуын қаржыландыруға көмектеседі. Қазіргі кезде туристік мақсатта кіші және ірі қалаларда тарихи аудандар сақталып, дамып келе жатыр;
табиғи ортаның сапасын жақсартуға көмектеседі;
жергілікті туристік аймақтың экологиялық мәселелеріне баса назар аудару;
туризм және табиғатты қорғау
Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау – туризм географиясын ең алдымен табиғи территориялық және аквалді кешендер әр түрлідәрежелерде анықтайтын болсақ, жеке қасиеттерінің оның ішінде атрактивтік, қоюлық пен ланшафт ырғағы кедергілерді жою мүмкіндігі географияның ерекшліктері т.б. айтамыз .
Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайларға баға беру өте қиын . Емдеу ресурстарына баға беруден айырмашылығы келесі факорлар арқылы анықталады . Табиғи тартымдылығы олардың күтімділігі эгзотикалық және қайталанбайтындығы. Баға субекті мен обектінің өзара қатынасын көрсетсе онда баға беру ретті төмендегідей кезеңдерден тұрады .
Обектіні бөлу , табиғи кешендердің компонентері мен қасиеттерін бағалау .
Субъектіні бөлу оның позициясы ойынша баға беру.
Бағалау өлшемін құрастыру , зерттеу мақсатын сондай-ақ субъект қасиеттерін анықтау .
Градиациялық баға беру шкалалар параметрлерін жасау.
Ресурстардың баға беру 3 түрі :
Медико- биологиялық ,демалысты ұйымдастыру үшін табиғи ланшафты комфорты дәрежесін табу .
Психологиялық–эстетикалық табиғи ортаның және обектілерінің дамушы ларының атративтік эмоциялық әсеріне талдау жасау .
Технологиялық - арнайы және кешенді туристік ресурстардың жүйесін құру мүмкіндігін туризмнің ұйымдастыру үшін ресурстар шараларын анықтау
Туризм халық шаруашылығының бір саласы ретінде табиғи ортаға күш түсіреді, әсер етеді. Табиғи ортаға тигізілетін бұл әсер түсірілетін күштің әр түрлі деңгейлеріне байланысты. Егер түсірілетін күш деңгейі төменгі немесе орташа деңгейде болса табиғи ортада болатын өзгерістер шамалы болады. Ал егер түсірілетін күш дәрежесі жоғары деңгейде болса, өзгерістер ауқымы кеңейеді. Бұл жерде табиғи ортада туризм әсерінен болатын өзгерістер көп жағдайда теріс бағытта болатынын айту керек. Мұндай теріс өзгерістер табиғм ландшафтардың механикалық ластануы және олардың толық және белгілі бір мөлшерде табиғи кейпін жоғалтуы тұрғысынан көрінеді.
Туризм сферасы бойынша табиғатты қорғауға байланысты жүргізілуге тиісті жұмыстарды шартты түрде екі топқа бөліп қарауға болады:
Үйірме жұмыстарында,туристік базаларда т.б. жерлердегі экологиялық бағыттағы тәрбие жұмыстары.
Туристік база туристік кешендер аумақтарында,маршруттарда жүргізілетін нақты жұмыстар.
Бірінші топқа төмендегідей жұмыстар жатады: туристік топ мүшелерімен әңгіме өткізу, әңгімелесу, жорық алдындағы нұсқаулар ,маршрут ерекшеліктерімен таныстыру т.б. Әрбір туристік топ мүшесі нұсқаулармен танысқан соң, оның орындалуы үшін арнайы құжатқа қол қоюы керек. Егер нұсқау бұзылған жағдайда,оны бұзған адам айып төлейді,маршруттан алынады және онымен жасалынған шарт бұзылады. Маршрут ерекшеліктерімен таныстыру ондағы қорғауға алынған орындар мен жерлерді туристер әсерінен сақтауға бағытталған.Табиғатты қорғауға байланысты туризм сферасында жүргізілуге тиіс жұмыстардың екінші тобына мыналар жатады: турбазалардағы санитарлық жағдайдың талапқа сай болуы,көгалдандыру жұмыстары, маршруттарда экологиялық соқпақтар құру және арнайы демалыс орындарын дайындау, маршруттарды маркировкалау,мемлекеттік және қоғамдық табиғатты қорғау орындарымен жұмыс жоспарларын келістіру т.б. Табиғатты қорғау органдарымен келісіп жұмыс жасау бойынша, мысалы, балық аулауға бақылау орындарынан арнайы рұқсат қағаздарын алуды айтуға болады,өйткені туристік жорықтар кезінде туристердің мақсатына, талап-тілектеріне байланысты балық аулануы мүмкін Ауланатын балық мөлшері арнайы балықшылар қоғамына мүше, яғни рұқсат қағазға немесе туристер үшін 5 кг дейін,ал қалған туристер үшін 3 кг- нан аспауы керек. Бұдан басқа балықты тормен емес,тек қармақпен ғана аулауға рұқсат етіледі.Табиғат қорғау орындарымен бірігіп істелінетін жұмыстардың тағы бір түрі қорықтар әкімшілігінен экскурсиялар және туристік жорықтар үшін арнайы рұқсат алу,экскурсия немесе жорық уақытын белгілеу.
Турбазалар мен маршруттарда табиғатты қорғауға байланысты жүргізілуі тиіс нақты жұмыстардың ішіндегі қазіргі заманға байланысты маңыздысы- ол маршруттар бойында арнайы демалыс орындарн: тамақтанатын,шылым шегетін,қалдықзаттарды тастайтын дерлерді алдын-ала дайындау болып табылады. Бұл жұмыстар ең алдымен табиғатты механикалық ластанудан сақтауға бағытталса,екінші жағынан туристерге,әсіресе шет елдерінен келетін турисерге,көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталады.
Туризмнің табиғи ортаға,яғни белгілі бір аумаққа халық шаруашылығының бір саласы ретіндегі түсіретін күш салмағы шектен шықпауы керек. Егер түсірілетін күш салмақ аумақтың табиғи тұрақтылығынан артып кетсе,онда ол аумақта болатын теріс өзгерістер ауқымы кеңейеді. Екінші сөзбен айтқанда,табиғи ортада болатын теріс өзгерістер сипаты оған тигізілетін сыртқы ортаның шамасына байланысты болады. Табиғи ортаға әсер ететін сыртқы орта күштері табиғаты жағынан екіге бөлінеді:
табиғи сыртқы орта күштері.
адам қоғамы күштері немесе антропогендік фактор.
Табиғи сыртқы орта күштеріне немесе жер сілкіністері,қар көшкіндері ,селдер,борандар т.б. табиғи апаттар жатады,ал екінші күшке,яғни адам қоғамы әсерінен болатын күштерге адам қоғамының шаруашылық әрекеті есебінен болатын әсерлер жатады. Туризм халық шаруашылығының бір саласы ретінде табиғи ортаға әсер ететін осы күштер қатарына жатады.Табиғи ортада,яғни белгілі бір аумақтарда болатын өзгерістер сипаты жоғарыда айтылғандай екі нәрсеге байланысты.
табиғи ортаға түсірілетін күш салмағыны.
табиғи орталардың сыртқы орта күштеріне деген табиғи тұрақтылығына байланысты.
Табиғи орталардың,яғни белгілі бір аумақтың сыртқы орта әсеріне деген тұрақьылығы,олардың рекреациялық бағалылығы сияқты 5 немесе 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. 5 балдық жүйе бойынша аумақ 3 балдан жоғары бағаланса,оның табиғи тұрақтылығы жоғары,ал табиғи тұрақтылық 3 балға дейін мөлшерде бағаланса, онда керісінше,табиғи тұрақтылық төмен,10 балдық жүйе бойынша тұрақты түрде пайдалану көбінесе,екі түрде болуы мүмкін.
аумақты экскурсия және туристік жорықтар мақсатында жиі айдалану;
аймақтарды рекреациялық мақсатта,яғни адамдардың демалысы мен емделуін қамтамасыз ету мақсатында құрақты пайдалану; турбазалар, саноторийлер,демалыс үйлерін,пансионаттар салу және олардың тұрақты жұмыс істеуі.
Бұл екі бағыт бойынша да туризм,халық шаруашылығының бір саласы ретінде табиғи орталарға белгілі бір мөлшерде күш түсіреді,осыған байланысты оларда әр түрлі деңгейде өзгерістер болуы мүмкін.
Аумақты туристік мақсат үшін таңдап алу екі түрлі бағытта жүргізіледі:
рекреациялық мақсатта.
жалпы туризм бойынша тұрақты пайдалану үшін.
Бұл екі мақсатта да аумаққа табиғат компоненттері бойынша баға беріледі.Екі бағыт бойынша компоненттер көбіне сәйкес келеді. Алайда кейбір компоненттер сәйкес келмеуі мүмкін.Баға беру кезінде әр бағыт бойынша қандай компоненттерге таңдау берілетіне талдау жасап көрсек былай болады.
Рекреация мақсатында аумаққа баға беру мына компоненттер мен элементтер бойынша жүзеге асады: жер бедері,климат немесе ауа-райы, оның ішінде жауын-шашын мөлшері,су ресурстары және өсімдік жамылғысы.
Туризм бойынша аумақты тұрақты мақсатта пайдалану үшін баға беру төмендегідей компонеттер бойынша жүргізіледі: жер бедері,климат немесе ауа-райы,оның ішінде жауын-шашынның түсу мөлшері,су ресурстары топырақ және өсімдік жамылғысы.
Баға беру кезінде екі бағытқа да тән компоненттер мен ауа-райы элементі :жер бедерінің жағдайы, жауын-шашынның түсу мөлшері,су ресурстары және өсімдік жамылғысы. Айырмашылығы- рекреация бойынша топырақ жамылғысы,ал жалпы туристік мақсатта тұрақтылықты бағалау үшін ауа жағдайы,температура,күн радияциясы мөлшері көп жағдайда ескерілмейді.Жоғарыда аталған компоненттердің ішіндегі ең маңыздылар: жер бедері жағдайы,су ресурстары және өсімдік жамылғысы. Жер бедерінің күрделілігі және су ресурстарының жиілігі ол аумақтың рекреациялық маңыздылығын және сыртқы орта күштеріне деген табиғи тұрақтылығын арттыра түседі. Рекреациялық маңыздылық пен табиғи тұрақтылық үшін жоғарыда аталған компоненттер жеке-жеке факторлар түрінде емес бір-бірімен байланысты факторлардың жиынтығы түрінде көрінеді. Оны қарапайым түрдегі мынадай схемамен көрсетуге болады. Жер бедері жағдайы-ауа-райы- су ресурстары жиілігі және топырақ жамылғысының сипаты,өсімдік жамылғысы.Рекреациялық маңыздылық пен табиғи тұрақтылық үшін ең маңызды компонент- өсімдік жамылғысы. Аумақтарға өсімдік жамылғысы бойынша сипаттама немесе баға беру кезінде мына жағдайлар,яғни,өсімдік түрлерінің әр түрлілігі,өсімдік жамылғысының жиілігі және көп ярустылығы міндетті түрде ескерілуі керек.
Келесі қорғауға алынатын территория “тапсырушы”.Корғауға алынған территорияларды «ұлттық парктер»-деп атаймыз. Ресейге қарағанда, шетелде мұндай формальді ұйымдар өте көп. Дүние жүзінде ең бірінші ұлттық парк 1872 жылы АҚШ-та, Йеллоустон паркі ашылды. Ресейде ең бірінші ұлттық парк 1983 жылы Сочи мен Мәскеуде, Бұғы аралында ашылды. Ұлттық парктер табиғи кешендерді сақтау үшін, экологиялық, тарихи және эстетикалық құндылықтарды сақтау үшін және де мәдени-тарихи ландшафтарды мемлекеттік, рекреациялық, ғылыми және мәдени бағытта пайдалануға арналған. Ұлттық парктерде пайдалану режимі құрастырылған, өйткені онда функционалдық зоналар бар. Бұл зоналар буферлі, рекреациылық, шаруашылықты және қорықты болып төртке бөлінеді. Буферлі зонада қойылған талаптарды бұзуға болмайды, ал шаруашылық мерекелер туралы администрациямен ақылдасып отыру керек. Рекреациялық зонада экскурсиялар, санатори-курорттық емделулер, туристік саяхаттар жасауға болады. Үшінші мен төртінші зоналардың шекарасында әкімшілік мекемелер орналасқан. Олар:кемпинг, мейрамхана, кафе, атракциялар, зоологиялық және ботаникалық бақшалар, т.б. Төртінші зонада демалушыларға қызмет көрсетумен айналысады. Келесі қорғауға алынатын территория, түгелдей немесе жартылай рекреациялық шараларға қолдануға болатын жерлер. Ол тарихи , табиғи, мәдени парктер. Сонымен қатар орман парктері, өзен парктері, көгалдандырылған жерлер (газондар, аллеялар, вулварлар, бақшалар, скверлер, т.б.). Мұндай жерлерді демалушылар бір аптада немесе демалыс күндерінде келіп қарайды. Келесі қорғауға алынатын жерлер көп функционалды рекреациялық шаралармен қамтамасыз ететін орындар. Оларға емделу, сауықтыру, спорттық орындар жатады. Сонымен қатар курорттар, санаторилер, демалыс үйлері, қалада экскурция жасау орталыктары , туристік базалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |