1 тапсырма Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпалы



Дата13.09.2020
өлшемі14,66 Kb.
#78538
Байланысты:
1 тапсырма(Нұрланқұл Гүлім) (1)


1 тапсырма

1.Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпалы.

Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған интернет пайда болды. Соңғы жылдардағы телекоммуникациялар технологиялары арасындағы лидер ретінде Интернетті танимыз. Бүгінгі күнде ол әлемдік қауымдастықтың ақпараттық инфрақұрылымындағы маңызды элемент. Сонымен қатар, Интернеттің қолданысқа енуі мамандар арасында «компьютерлік қауіпсіздік» ұғымын енгізді. Жаһандық компьютерлік желіні қорғау мәселесі ерекше жұмысты қажет етеді. Әсіресе, бұл мәселе Интернетті мемлекеттік билік органдарына енгізуде өзекті болып саналады. Оның саяси мағынасының да астары оның мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігімен тығыз байланыстылығында жатыр. Өйткені, ақпарат тек ұлттық байлық қана емес, ол мемлекеттің бағалы ресурсы



2.Ақпараттық қоғам және Интернет-журналистика.

Ақпарат – бүгінгі адамзат дамуының басты факторы, адам дамуының маңызды ресурсы, өркениеттің өзекті қайнары, мемлекеттік қауыпсыздық мәйегі. Ақпарат – адамзатты жаһандандыру үдерісінде ұлттардың бірін бірін рухани және материалдық жағынан байытатын шикізат, олардың біріне бірін рухани араластыратын катализатор. Сондықтан да, қай ел ақпаратты қаншалықты қолдана алады, қаншалықты оны өзіне әлеует етеді, қаншалықты оны өзіне құрал мен жабдық, ресурс қылады, соншалықты көлемде ғана қуаттанады және дами алады. Оның үстіне ақпарат объект ретінде жалпыадамзаттық болғанмен, оның субъектісі – ұлттық, этностық, елдік сыйпатта. Осы жағынан қарағанда, ақпараттық әлеует - елдің ұлттық өндіріс өзегі. Сол себепті де, ақпаратты өндіру мен тұтынудағы және таратудағы басты тетік әзірге субъектілік тіл болып қалуда. Яғни, ақпарат қайткенде де білгілі бір тіл арқылы өндіріледі, өңделеді, таралады, өрбиді. Бәлкім, болашақта жалпыадамзаттық ортақ ақпарат тілі жасақталуы да мүмкін. Алайда, этностық тіл – ақпарат өндірісінің қазырғы жабдығы. Қазырғы адамзат дамуы кезеңінде тіл қаншалықты ақпарат көзі, қаншалықты ақпарат өндірісіне жабдық болса және оның қаншалықты ақпарат тарату ауқымы болса, сол тілдің соншалықты ықпалы мен қолданылу аумағы және ғұмыры болмақ. Демек, бүгінгі таңдағы тіл дамуын ақпаратсыз елестету – жабайы жылқыны сырттай иемденумен бірдей. Яғни, ақпарат пен тіл бір бірінен ажырағысыз ат пен ер-тұрмандай.



Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды. Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы – бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу тағы басқа толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиіс. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет. Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі – интернет-БАҚ немесе интернет-журналистика дүниеге келді. Оның дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол – интернеттің ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі еді. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. «The San Jose Mercury News» газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған болатын. Қазіргі таңда АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың таралымы жарты жылда, 2009 жылғы қазан айынан бастап, 2010 жылғы наурыз айына дейінгі аралықта 2,5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің таралымы 3,1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет қауымдастығы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттер бойынша жүргізген болатын. Қауымдастық мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар аталмыш мерзім ішінде 56 миллионға жетіп, интернетке кіретін адамдардың 37 пайызын құраған.

Ал Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліп үлгерді. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны – әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет