1 тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі (1 сағат)


- ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ



бет3/23
Дата11.05.2022
өлшемі78,25 Kb.
#142227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ЭМР дәріс

3 - ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
(1 сағат)
Жоспары:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық негізі
2. Экономиканы басқару органдары және оладың міндеттері
3. Кәсіпкерлік пен бизнесті мемлекеттік қолдау
4. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
5. Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесі пайдалану мәселелері


1. Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы «оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады». Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макронарықтық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік - нарықтық және ұйымдық - құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері болып табылады.
2. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі ҚР дың әрекетт ететін қонституциялармен анықталады және жоғарғы заң шығаратын және үкіметтін атқарушы органдарының, сонымен қатар жергілікті басқару органдары құрайды.
Олардың функционалды міндеттері негізінде конституцияда анықталады. Егер қоғамдық өмірдің тек экономикалық жағдайын қарастыратын болсақ, онда басқару органдарын мемлекеттік және мемлекеттік емес деп болжаймыз. Жеке мемшікпен нарықтық қатынастын дамуы жағдайында мемлекеттік емес органдардың (жеке кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар) ролі біртіндеп өсуде. Бірақ еңбекті әрі қарай бөлу мен халық шаруашылығының байланысының күрделенуі мен және дүниежүзілік шаруашылық интеграциясының өсуімен адам өмірінің экологиялық қауіпсіздігі үшін күресу экономиканы реттеудегі мемлекеттік басқару органдарының маныздылығын анықтайды. Олар орталық (жалпы экономикалық), салалық және әкімшілік терреториялық деп білуі мүмкін.
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу бұл – мемлекетпен кәсіпкердің қалтасып, тұрақты даму үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ететін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси жүйелерді қалыптастыруын бейнелейді.
Мемлекеттік кәсіпкершіліктін қалыптасуы кезінде келесідей негізгі қызметтерді атқарады:

  1. Экономиканың барлық саласында тәуекелшіл иновациялық қызметтерді іске асыруға қабілетті жана кәсіпкершілік субьектілерді қалыптастыру.

  2. Жаңа техника мен технологияға негізделген бәсеке қабілетті ортаны құру.

  3. Иновация негізінде жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер ұсынатын өндірістік салалардағы кәсіпкерлік құрылымды қолдауға бағытталатын ынталандырушылық көмектер.

4. Алдымен басқа елдерде мемлекеттік реттеуді игеру және оны практика жүзінде қолдану біздін әлеуметтік экономикалық дамудың жағдайына оны өзгеріссіз енгізу мүмкін еместігін айтып кету керек.
Бұл төмендегі себептерге байланысты:

  1. Республика басқа елдерден геополитикалық, табиғи экономикалық, әлеуметтік демократикалық, этно мәдениеттермен және т.б. ерекше.

  2. Қазақстан жағдайда біз ұлттық экономиканы құру және шаруашылық дерективті жоспарлы модельдің нарыққа өту процестермен жұмыс істейміз.

  3. Басқару және шаруашылық жүйесінде радиокальді өзгерістер көбіне міндеттемесіз дәлелдеулермен болып тұрады және «революциялық» сипатты иемденіп, мемлекеттік реттеу шаралары нарықтық экономика елдерінде олардың эволюциялық дамудың «өнімі» болып табылады.

5. Қазақстанның әлеуметтік шаруашылық жүйесінде шетелдің мемлекеттік басқару тәжірибесінің жақсы жақтарын қолданғанда келесі 2 негізгі ерекшілікті ескеру қажет:

  1. КСРО мемлекеттің қүлдеруі салдарынан Республика саяси – экономикалық бостандық және егемендік алғаннан кейін сыртқа экономикалық саясаттың құрылуы және іске аысрылуы жаңа маңызға ие болады.

  2. Қазіргі таңда Қазақстан, қатаң орталықтандырылған жоспарлы модельден, нарық субъектілері арасында бәсеке өскен жағдайда іске асырылатын, нарықтық шаруашылық модельге өту үстінде соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткіндей, халық шаруашылығын басқарудың орталықтандырылған жүйесінің негізгі механизмі ретінде жоспарлаудан бас тарту, экономиканы басқаруда көптеген дағдарыстар тұғыздар, еңбек өнімділігінің төмендеуі, экономикалық қылмыстың өсуі, көлеңкелі экономиканың қалыптасуы орын алды.



Бекіту сұрақтары:
1. Экономиканы басқару органдары қалай бөлінеді?
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу қалай жүзеге асырылады?
3. Мемлекеттік кәсіпкершіліктін қалыптасуы кезінде қандай негізгі қызметтерді атқарады?
4. Нарықтық экономикасы дамыған қандай елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін білесіз?


Әдебиет:
(8,9,10,11,12,13,14)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет