1 тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі (1 сағат)


- ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ



бет2/23
Дата11.05.2022
өлшемі78,25 Kb.
#142227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ЭМР дәріс
Силлабус Философия 2022каз скан, Ұлпан. Ғабит Мүсірепов 2
2 - ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
(1 сағат)
Жоспары:
1. Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы
2.ЭМР пәні, мақсаттары.
3.ЭМР негізгі концепциялары мен принциптері.
4.Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі
1. Мемлекеттік реттеудің ғылыми тұжырымдамасын анықтайтын негізгі ережелер:

  1. Меншіктің мемлекеттік және жеке түрлерінің болуы, сондай-ақ макро- және микроэкономиканың болуы объективті түрде шаруашылық қызметін үйлестірудің жоспарлы және нарықты модельдерін пайдалану қажеттілігін білдіреді.

  2. Макроэкономикалық реттеу барысында үкімет қызметтерінің бағыттары, қағидалары айқын қадағаланып отыруы керек, өйткені олай болмаған жағдайда бұл істің тікелей және болашақтағы нәтижесін болжау қиынға соғады.

  3. Құрылымдық–инвестициялық саладағы реттеу әрдайым халық шаруашылығы интеграциясының ең жоғарғы деңгейінде жүзеге асыратындықтап, ол макроэкономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жоғарылуына бағытталғандығы өте маңызды.

  4. Макроэкономикалық тәсіл ұлттық республикалардың әлемдік шаруашылық жүйесіне ену мәселесін шешу үшін қажет.

2. Кез – келген елде қандай-да қоғамдық саяси және әлеуметтік жүйе экономикасы аз және көп дәрежеде болсын мемлекет және оның органдары арқылы реттеліп отырады. Нарықтық экономиканы мемлекеттің экономикаға араласуы төмен дәрежеде және жанама түрде болуы қажет. Мемлекет экономикаға заңдық шектеулер, салық жүйесі, міндетті төлемдер, мемлекеттік инвестициялау, жеңілдіктер, несиелер, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруы арқылы әсер етеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаты – қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарының мұқтаждықтарын қорғау және әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Мемлекет сонымен қатар, болашақ ұрпақ қажеттілігін, кәсіпорынның қорғалуын, табиғаттың бұзылмауын міндетіне алады.
3. Кез-келген елде, қандай-да қоғамдық саяси және әлеуметтік жүйе экономикасы аз және көп дәрежеде мемлекет және оның органдары арқылы реттеліп отырады. Нарықтық экономиканы мемлекеттің экономикаға араласуы төмен дәрежеде және жанама түрде болуы қажет. Мемлекет экономикаға әр түрлі реттеу формаларымен араласады.
Экономиканы мемлекттік реттеудің тиімді жүйесін, құру үшін, келесідей негізгі принциптерді іске асыру қажет:

  1. Қаржы жүйесін сауықтыру, қаржы тетіктерін пайдаланудың индекативті әдісіне көшу;

  2. Табыссыз немесе табыстылығы төмен кәсіпорындар үшін жаңа жүйеге дағдыланып, дамуына жағдай жасау; Оларға нарық жағдайында жұмыс жасауы үшін, дотациялар мен субсидиялар беру;

  3. Елдін барлық шаруашылық кешеніне құрылымдық қайта құрылымдылығы енгізу, яғни технологияның соңғы жетістіктерін, жаңа технологияны енгізу, шикізатты тиімді пайдалануды дамыту.

  4. Тұрғындар үшін кері салдарлары жеңілдетуге бағыталған, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін белсенді әлеуметтік саясаты іске асыру;

  5. Нарықты монополияға қарсы саясатты іске асыру.

4. Дамудың тарихи тәжіриесі тиімді нарықтық экономиканы құруда нарықтық қатынасарды ынталындырушы және реттеушілерді пайдаланудың қажеттілігін анықтады.
Нарық анықталған өтпелі кезеңді талап ететін ұзақ заңды тарихи процес. Осындай өтпелі кезенде еліміздің экономикасының жоспарларының алдағы қатарда халық шаруашылығы тепе – тендігінің бұзылуын қайта қалпына келтіру, сұраным мен ұсынымның тепе – тендігін қамтамасыз ету, содан кейін нарықты реттеушілерді енгізу міндеті түрды.
Экономикалық мемлекеттік реттеу қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде іске асырылады және іске асырылуда. Мемлекеттің белсенді реттеуші ролісіз тиімді нарықтық экономиканы құру мүмкін емес.
Әлеуметтік – экономикалық даму процесін мемлекеттік реттуден толық бас тарту, нарыққа шектеусіз еркіндік беру терең дағдарысқа әкеледі. Реттелмейтін нарытық экономика мен әлеуметтік саланың даму мәселелері, сонымен қатар нарық ифрақұрылымын құру мәселесін мемлекетсіз шешу мүмкін емес.


Бекіту сұрақтары:
1. Мемлекеттік реттеудің ғылыми тұжырымдамасын анықтайтын негізгі ережелерді атаңыз
2. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаты дегеніміз не?
3. Экономиканы мемлекттік реттеудің тиімді жүйесін, құру үшін, қандай негізгі принциптерді іске асыру қажет?
4.Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөліне тоқталыңыз.


Әдебиет:
(8,9,10,11,12,13,14)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет