1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет3/10
Дата15.06.2022
өлшемі0,54 Mb.
#146578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кең мағынада
Әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады.
Тар мағынада
Әлеуметтік зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.
Зерттеудің
міндеттері
Негізгі
зерттеудің орталық
проблемаларын шешуге
бағытталады
Негізгі емес (қосымша)
проблемаға байланысты емес
әдістік мәселелерді,
жұмысшы гипотезаларды
тексеруге арналады.
Әлеуметтік зерттеудің ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар;
а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;
ә) зерттеу субъектісі;
б) социологиялық зерттеу белгілі - бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған;
в) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т.б бар
«Объект» дегеніміз қарама – қайшылықтарды өзіне біріктірсе «зерттелу пәні осы қайшылықтарды баса көрсететін объектінің қасиеттерін, белгілерін бейнелейді, яғни «әлеуметтік қайшылықтардың полюсын » алға тартады. Егерде, зерттеу объекті ретінде ғылыми ұжым алынса, онда оның пәні (анықтайтын мәселесі) болып құрылым, бағыттары, мүдделері, осы ұжымның қасиеттері және т.б. саналады.
Анығына келгенде әлеуметтанымдық зерттеулердің объекті мен пәнін анықтау теорияда айтылғандарға қарағаннан анағұрлым қиын мәселе.
Сонымен негізгі түсініктерді эмпирикалық анықтау нәтижесі арқылы әлеуметтанушы алғашқы мәліметтерді іріктеу мен талдау әдістерін топтастыруды жасайды.
Түсініктер ережелерін жүргізудегі басты шарттар-зерттеудің негізгі анықтамалары мазмұнындағы жеңілдетуді қамтамасыз ететін оның барлық түрлерінің тұтастығы мен бірлігін мүлтіксіз сақтауды қажет етеді.
Айтылған проблемалардың, зерттеулердің көрсетілген процедуралармен бірге жемісті шешілуіне бара-бар гипотезалар топтастыру ықпал етеді. Жалпы айтқанда гипотезаларды қоя білу кез-келген зерттеуді жүргізудің заңды талабы.
Гипотеза дегеніміз - талданатын фактілер, құбылыстар, процестерді дәлелдеп немесе теріске шығаруды түсіндіретін ғылыми негізделген болжау, жорамал болып саналады. Әлеуметтанымдық зертеулерде олар маңызды методологиялық құралдар ретінде оны біртұтас логикалық – танымдық процес етіп біріктіреді. Соның нәтижесінде оған жалпы бағыт береді әрі оның қарапайым фактілерді жинау процесіне айналып кетпеуіне ырық бермейді. Мұнда ескеретін мәселе-ол ғылыми гипотезаны жасау тек зерттелетін объектіні алдын-ала талдау нәтижесінде ғана пайда болады.
Әлеуметтанымдық зерттеулерде гипотезаларды қоя білу бірнеше талаптарды қажет етеді:
гипотезалар анық, дәл тұжырымдалып теориялық жағынан негізделген болуы тиіс. Сонда ғана олар дәлелденген ережелер мен фактілерге қарама –қайшы бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет