1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет4/10
Дата15.06.2022
өлшемі0,54 Mb.
#146578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 ТАЛАП
2
4
3
1
логикалық талдау олардың ішкі қарама-қайшылығы жоқтығын анықтауы да міндетті нәрсе.
4 ТАЛАП
гипотезалар зерттелетін проблемамен барабар болуы қажет, яғни, проблема шеңберіне сай мәнді қамтығаны орынды.
2 ТАЛАП
зерттеудің барысында тексеруге және бақылауға қолайлы болғаны дұрыс.
3 ТАЛАП
Бағдарламаны жасауда гипотезаларды құрау процесі 3 сатыдан өтеді.
1
2
3
1 саты
Алғашқы ақпараттар жиналады, зерттелетін проблема мен объект туралы теориялық және эмпирико- практикалық міндеттер алынады
2 саты
Объектіге байланысты сипаттама, проблемалық жағдай факторлары, проблеманың шешу тәсілдері, зерттеудің міндеттері тұрғысындағы жұмыс гипотезалары ұсынылады.
3 саты
Гипотезаларды топтастыру іске асырылады, зерттеуші гипотезаларды негізгі және негізгі емес (қосымша) етіп анықтайды және оларды белгілі жүйеге түсіреді.
Әлеуметтанымдық зерттеулер практикасында гипотезаларды жіктеу, топтастыру, жүйелеудің түрлі тәсілдері қолданылады. Зерттеудің міндеттеріне сай негізгі гипотезалар анықталады. Олар негізгі міндеттерден келіп туады. Онымен қатар негізгі емес міндеттерден-негізгі емес гипотезалар пайда болады. Гипотазаны тұжырымдаумен негізгі методологиялық жұмыс аяқталады. Енді әлеуметтанушы маманға бағдарламаның екінші әдістемелік тарауын жасау кезегі келіп тұрады. Бұл жұмыс ішінара іріктеу, жинақтау процедураларын анықтаудан басталады. Сондықтан әлеуметтанымдық зерттеулерде объект басты және ішінара іріктеу ретінде анықталатынын бөле көрсеткен жөн.
Басты іріктеу деп- проблемаға қатысы бар бақылау бірлігінің барлық жиынтығын айтады. Бақылау бірлігі ретінде тікелей мәлімет көздері есептеледі. Оның қатарына зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне тәуелді әрі байланысты жеке адам немесе адамдар тобы жатады. Зерттеуге тікелей қатысты басты іріктеудің бөлігі ішінара жинақтау деп аталады. Сондықтан оны операциялардың барысында «ішінара» атауымен белгілеу қажет.
Жалпы практикада зерттеулер объекті адамдардың ірі топтарын біріктіруі мүмкін. Соған орай тексеру объектісіне қатысты барлық адамдарды сұрау-жауаппен қамту ұтымды нәрсе емес. Себебі оған қомақты материалдық шығындар мен уақыт талап етіледі. Ал, «ішінара» бөліп қарастыру бұл процесті аса жеңілдетеді. Сондықтан бұл ереженің мәні мынада: басты жинақтау құрылымының әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және т.б. әлеуметтік көрсеткіштерін бейнелейтін бақылаудың белгілі сандық бірлігін таңдап алу болып табылады. Нақтылағанда, «ішінаралық» бөліп зерттеу жоғарыда аталған көрсеткіштердің бәріне тән үлгі жағдайында болуға тиісті. Бұл ортақтық зерттеуге қатысты барлық тұрғындарға да қатысты.
Әлеуметтік құбылыстардың заңдылықтары жайлы дұрыс қорытындылар жүргізілген операциялардың сапасына байланысты. Ішінара бөліп зерттеу есептері жеке құжат ретінде бағдарламаға қосылады. Әлеуметтанымдық зерттеулердің теориялық бағдарламасының міндетті бөлігі болып бастапқы мәліметтер жинау әдістерінің сипаттамасы саналады. Егер де бастапқы мәліметтерді талдау мен өңдеу әдістері көрсетілмесе, онда бағдарлама толық болып саналмайды. Сондықтан оған электронды есептеу машинасына (ЭВМ) ұсынылғын өңдеудің логикалық схемасы қосылады.
Сонымен, әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасын жасау жәй нәрсе еместігіне көз жеткіздік. Зерттеудің өзіне қарағанда оған көбірек уақыт жібереміз. Тек барлық талаптарды ескеріп мұқият жасалынған, өзінің барлық құрылымды элементтері ғылыми негізделген әлеуметтанымдық зерттеу бағдарламасы ғана оның жоғары сапалы деңгейде өтуіне кепілдік бере алады. Топтап айтқанда әлеуметтанымдық зерттеу әдістемелік бөлімінің негізгі элементтері: негізгі түсініктерді анықтау, зерттеу гипотезалары, зерттеу объекті, проблемалық жағдай, ғылыми проблема, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, зерттеудің пәні болып саналады.
Әлеуметтану әдістерін түсінудің түрлілігі бірқатар факторлармен шарттас. Әлеуметтанудың әдістері жайлы пікірге ғылымға тән қоғам туралы түсінік ықпал етеді. Ал, жекеленген қоғамдық құбылыстарды талдағанда қоғамды бүтін түсінудегі анықтамаларға сүйенеді. Қоғамды осылай түсінуді ғалымдар өзге пікірлерден алғандықтан қоғамға өзіндік соны көзқарас сирек жасалынады. Әлеуметтану дамуында қоғамның мәні тұрғысында бір-бірінен алшақ әрі қарама-қайшы көзқарастар пайда болып оның әрқайсысы әлеуметтану әдістерін түсінуге түрліше ықпал жасады.
Әлеуметтану әдістерін түсінуге елеулі ықпалды екінші фактор - ғылымның әлеуметтік рөлі туралы ұғым. Шындыққа жүгінсек, онда осы мәселенің төңірегінде түрлі бағыттағы және қарама - қайшылықтағы көзқарастар көп кездеседі. Ғылым не болды және тап қазіргі кезеңде не болып жатыр деген мәселені ғана зерттейді, дегенмен келешек туралы ештене айта алмайды дейтін пікір де өмір сүруде. Басқа көзқарасқа сүйенсек, онда ғылым тарих ағымы мен қоғам жағдайына негізінен ықпал етуге қабілетті емес оны өзерте де алмайды, қоғамның құрылымы мен ұйымдарындағы жекелеген кемшіліктерді жоюға қабілеттілік көрсете алмайды екен.
Ғылымдардың басым көпшілігі ғылымның қоғамды қайта жасау, өзгерту рөлін бағалайды. Ғылым қоғамды зерттей отырып оны сындық талдауды іске асырып, қоғамдық қатынастарды қайта құрудың құралы ретінде қызмет етеді деген пікірді жақтайды.
Әлеуметтанудың әдістері туралы пікірлердің сипатына ықпал ететін үшінші фактор - әлеуметтану ғылымына тән зерттеу техникасының даму деңгейі, зерттеу сапасы және жекелеген көрнекті әрі белгілі әлеуметтанушы ғалымдардың бейімділігі болып табылады.
Тағы әлеуметтану әдістері жайлы пікір алшақтығын жақындатуға ұмтылған факторлар да болды. Дегенмен олар осы әдістерді түсіндіруге бірыңғай тұжырым жасай алмады. Соның салдарынан әлеуметтануды түрліше түсіну позитивизм, функционализм, структурализм, «әлеуметтануды түсіну» және марксизм шеңберлерінде қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет