Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруның тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады. «Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі. «Қоғамдық сана». Бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. «Әлеуметтік топ» - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік; «тұлға» - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады. Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді. «Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.