Әр адам өзін тура айтады, мәселен «Өзім жайлы 100 факттегідей» Бірақ мамандар адамның дене қимылдарына қарап қандай жауап айтар екен. Мына дене қозғалыстары арқылы адамның мінезін байқауға болатын тест жақсы құрастырылған екен



бет1/2
Дата25.12.2016
өлшемі0,88 Mb.
#5303
  1   2
Әр адам өзін тура айтады, мәселен «Өзім жайлы 100 факттегідей» Бірақ мамандар адамның дене қимылдарына қарап қандай жауап айтар екен.


Мына дене қозғалыстары арқылы адамның мінезін байқауға болатын тест жақсы құрастырылған екен. Қаншама жақын-таныстарыма жасап көрдім дұрыс шығады. Сіздерменде бөлісуді жөн санадым. Оның үстіне қызықты психологияға қызығамын.



Бір ақ парақ алып жазып отырсаңыздар үлкен А4 алудың қажеті жоқ, бар болғаны 4-ақ сан)) тіпті есте сақтасаңызда болады, бірақ бәрі ретімен болуы тиіс.
Ескерту: суреттегі тек үлгі ретінде берілген, оны дәл солай қайталаудың қажеті жоқ, өзіңізге ыңғайлысын жасаңыз. 

Ал бастадық, тәуекел

1)Қолыңызды құлыптай жұмыңыз

Егер ең үстінде оң қолдың басбармағы болса «2» санын, егер сол қолдың бас бармағы болса «1» санын жазыңыз

2)бір көзіңізді жұмып, көрінбейтін мишеньге кез-келген тесікке қараңыз

Егер сол көз ашық қалса «1» санын, ал оң көз ашық қалса «2» санын жазыңыз

3) қолдарыңызды қиыстыра жинаңыз

Егер сол қолыңыз оң қолдың үстінде болса(суреттегідей) «1» санын, ал оң қолыңыз сол қолдың үстінде болса «2» санын жазыңыз.

4) Шапалақ соғыңыз

Егер үстінде сол қол болса «1» санын, оң қол болса «2» санын

Дайын болсаңыздар жауыбына көшейік, өтініш, егер өзіңізге сәйкес келмейтін, қанағаттанарлық емес жауап алсаңыз мені жазғыра көрмеңіздер:)

«2222»-(жүзпроценттік оңақай)- мінездің тұрақты типі, консерватизм, кіммен болса да пікір-таласқанды, дауласқанды қаламайды.

«2221»-Аса батылсыздық 

«2212»- Сіз тіл тапқышсыз, кез-келген адаммен оңай тез тіл табыса аласыз.

«2111»- Сіз тұрақты емессіз, барлығын өзіңіз жасайсыз, ешкімнен қолдау іздемейсіз.

«2211»- Аса көп кездеспейтін үйлесімділік. Тіл тапқыштық, адамдармен араласасыз, дегенмен де өте жұмсақ мінезді келген жансыз.

«2122»- Сіз «техникаға жақын адамсыз», аналитикалық ойлау жүйесі дамыған және жұмсақ мінезді, барлығына абайлап қарайсыз, адамдармен араласу кезінде салқындық байқалатын сияқты.

«2121»- Ең сирек кездесетін үйлесімділік. Қорғансыздық, адамдардың әсеріне ұшырағыш.

«1112»- Сіз эмоциялы адамсыз, жігерлі әрі тез шешім таба аласыз.

«1222»- Аса көп кездесетін мінез. Сіз эмоциялы жансыз, бірақ өмірдегі маңызды мәселелерді шешуде 
сізге табандылық пен қайсарлық жетіспейді. Өзге адамның әсеріне ұшырағышсыз. Жақсы тіл тапқыштық болса, адамдар сізге ұмтылатын болады.

«1221»- Эмоцияшыл, табандылық жетіспейді, өте жұмсақ мінезді, аңғалдық. 

«1122»- Сіз дос құмар жансыз, соның өзінде аздап аңғалдаусыз және қарапайым, өздігімен жүретін өзіне есеп беретін жан, қызығушылықтары көп, бірақ бәріне уақыт табыла бермейді

«1121»- Сіз адамдарға қатты сенесіз және қой мінезді жансыз. Сіз шығармашыл тұлғасыз

«1111»- (жүзпроценттік солақай) – консерватизм сізге жат, шығармашылық сіздің өміріңізде соңғы орынға ие секілді, көп жағдайларды сіз стандартты түрде қарамайсыз. Қатты эмоцияшыл, тәкаппарлық, өзімшілдік. Сіз қырсық әрі өзімшілсіз, бірақ бұлар сіздің өмір сүруіңізге еш кедергі келтірмейді.

«1212»- Сіз рухы өте мықты адамсыз. Қайтпас деуге де болады, алға қойған мақсаттарыңызға жетесіз! 

«1211»- Өзіңізбен өзіңіз жүрген жансыз, аздап тұйықтаусыз, дос табу сізге қиынға соғады, бірақ рухыңыз мықты, алға қойған мақстарыңызға жетуде сізге ешнәрсе кедергі бола алмайды.

«2112»- Сізде жеңіл және еркін мінез көріністері бар, сіз оңай жаңа достар таба аласыз, көп танысасыз және жиі әуестікті өзгертесіз.

Үлестірмелі текшелері.

 


Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні

 


Ренжіп тұрған адамның бет-әлпет кескіні

 


Қайғылы адамның бет-әлпеті

 


Таңданған кейіп көрсету.

 


Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті

 


Ашуланып тұрған адамның бет-әлпеті

 


Қуанып тұрған адамның бет-әлпеті

 


Жайбарақат тұрған адамның бет -әлпет кескіні

  

Ағашыңыз қандай болса, мінезіңіз де  сондай

1. Тез қозу энергия, жан - жақтылық сіздің өміріңіздің бір белгісі. Сіз көңілсіз, арманшылсыз. Сіздің тез қозатындығыңыз, қатты энтузиазміңіз кейде өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Сондықтан да әрекет етпес бұрын ойланып алыңыз.

2. Өте сезімшіл адамсыз, сіз әрдайым да жүрегіңіздің әмірімен әрекет еткіңіз келеді. Өз мәселелеріңізді өзіңіз шешкіңіз келеді. Сондықтан да ылғи өз- өзіңізді бақытсыз сезініп, алаңдап жүресіз. Сондықтан таңдау мәселесінде ақылға жүгініңіз. 

3. Сіз өзіңіздің адамгершілігіңізге қатты мән бересіз, атаққұмардасыз. Бірақ бұл жаман емес. Өйткені, сіздің үлкен мақсаттарыңыз негізделген. Және жетістіктерге жету үшін айналаңызға зардап жасағыңыз келмейді. 

4. Сіз салмақты, байсалды адамсыз. Содан да шешім қабылдарда әділ болғыңыз келеді. Алайда өз ойыңызды сөзбен жеткізер кезде өз идеяңызды қорқынышсыз сезінгеніңіз дұрыс.  

5. Сізді айналаңыз өз- өзіне сезімді және сенгіш адам деп қабылдайды. Сіз басқалардан қолдау күтесіз. Бірақ, бұні білдірткіңіз келмейді. Сол үшін айналаңызға басқаларда шаруасы жоқ адам болып көрінуге тырысасыз. Жақын жолдастарыңызға сен біліңіз.

6. Сіз өмірді сүйесіз. Сіздің іс- әрекетіңізді алдын- ала жоспарлау мүмкін емес. Ойыңызға не келсе соны айтасыз. Бұл мінездің өзіңізге ұқсамайтын жұмбақ, әсершіл адамдар арасында өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдыратынын ескеріңіз. Сондықтан да тәртіпке бағынып, өз сөзіңізге мән беріңіз.

7. Сіз толысқан тұлғасыз. Сіз жас болғаныңызбен өте тәртіпті, жауапты,  өз- өзіне және айналасындағыларға сынмен қарайтын адамсыз. Сіздің жолдастарыңыз бен туысқандарыңыз сізге нұсқағысы келмейді. Бірақ, бұл сіздің өз- өзіңізге деген сенімділігіңізге сызат түсірмейді.

8. Сізге керектінің бәрі жаныңызда. Дипломат, сіз адамдарды қабылдай білесіз, оларға қолдау да көрсетесіз. Сіз үшін өмір дегеніңіз мәңгілік көктем. Қарапайым болғанды қалайсыз, және басқалардың сіздің өміріңізге араласқанын қаламайсыз. Өзіңіздің нәзік қалпыңызды сақтай біліңіз. Байсалды және сенімді әрекет етіңіз. Жоқ деп айтуға дағдыланыңыз.

 9. Сіз бейбітшілік және табанды адамсыз. Сіздің өз жолыңыз бар. Жан- жағыңызға сыр шашқанды ұнатпайсыз. Мақсатыңызға тіке тартасыз. Сіз туралы жаныңыздағылар эгоист, адамдарға билік жүргізуге, таптап өтуге құмар деп ойлайды. Сондықтан да шамалы болса да жұмсаруға тырысыңыз.

10. Қорғау- сіз үшін кілт сөзі. Сіз үшін ең бастысы бақытты ошақ. Өз махаббатыңызды білдіре алатын махаббат отаны. Сіздің нәзік сезіміңіздің қайтарымына өзіңізді қорғап жүргенді қалайсыз. Соншалықты тәуелді болмауға тырысыңыз. Өз қанатыңызбен ұшуды үйреніңіз.

Робинзон Крузо

(үзінді)

Менің аралға келіп тұра бастағаныма жиырма үш жыл толып, жиырма төртінші жылға аяқ баксты. Жалғыздықтан құтылу үшін, уақытты тез өткізу үшін өзіме аз да болса көңіл көтерерліктей жағдай да туғызып бақтым. Оқушының өзіне белгілі, бірінші  ермегім-тотыны сөйлету, тотым аузына келгенін анық сөйлейтін болды, тыңдауға өте қызық.. Ол менімен бірге жиырма алты жыл өмір сүрді. Мұнан кейін оның қанша өмір сүретінін білмеймін. Маған ұқсап, тотымен сөйлесуді тағдыр жұмыр басты пендеге бермесін. Егер мен сықылды бақытсыздыққа ұшыраған бейшара адам жақсы түсінеді. Өзіммен бірге келген төбетім аралда өзіммен бірге он алты жыл өмір сүрді: ақыры қартайып өлді. Ал енді мысықтарымның көбейіп өскенін орманға жіберіп, өзіме ұнаған екі-үшеуін алып қалып, үй ішімнің белгілі бір мүшесіндей көрдім. Бұдан басқа асыранды екі-үш ешкім болды, маған үйренгендігі сондай, шақырсам шөпті, жемді қолымнан жеуші еді.

Осында өткен уақыттың тұрмысыма  қандай ауыр әсер еткенін айтып жеткізе алатын емеспін. Тыныш ұйқы болмады, түн сайын түрлі жаман түстер көріп, жатқан жерімен ұшып түрегелетін болдым. Күндіз де тыныш тауып тұра алғаным жоқ.

Мамыр айының орта кезі, жаңылмасын он алтысы болу керек. Қатты дауыл тұрып, ертеден кешке дейін теңіз шайқалып, толқын тулады да жатты, сол күні –түнімен соқты. Мен ол уақытта өзімнің ауыр халімді ойлап, терең қиялға шомып, ауыр күрсініп отырған едім. Бір кезде  атылған зеңбіректің  дауысы естілді, дауысы теңіз жақтан шыққандай болды.  

Ойда жоқ жерде зеңбірек дауысы естілгесін не қыларымды білмей сасқалақтап қалдым. Мылтық дауысы естілгесімен-ақ басыма неше түрлі ой келді.  Бір минут кідіріп тұрғаным жоқ, басқышты қойдым да, көзді ашып-жұмғанша өрмелеп төбенің басына шықтым. Зеңбірек дауысы тағы атылды. Зеңбіректің дауысы баяғы біздің кеменің апатқа ұшыраған жақтан шығып жатыр, байқауымша сол маңнан қашық емес.

Әрине, бұл дыбыс- кеменің апатқа ұшырауының белгісі. Бір кеме қазаға ұшыраған, ол кемеге таяу бір кеме болу керек, сол кемені бұл жәрдемге шақырады, бәрін біліп отырмын. Зеңбірек даусын естіп, толқыған көңіл аласұрып, не қыларын білмеді, мүмкін олар мені құтқарар деген ой түсті. Осыны ойладым да уақыт өткізіп тұрмай, дереу қолыма түскен құрғақ ағаштарды үйіп, от жақтым. Егер кеме екені рас болса, отты көру керек. Сірә, көрген болу керек, оттың жалыны шаршып, аспанға шыққанда, зеңбірек үсті-үстіне атылды. Отты сөндіргем жоқ, таң ағарғанша жаға бердім. Таң әбден атып жарық болған кезде аралдың күн шығыс бетінде кеменің желкені екенін немесе арт жағы екенін білмеймін, қараңдап бір нәрсе көрінеді.

Қолыма мылтығымды алдым да, баяғы өзімді алыс алып кететін жағындағы биік жартасқа қарай жүгіре бердім. Жаңылмаппын әлгі көргенім кеме екен. Кемені көрген кездегі пайда болған сезімімді суреттеп жеткізуге тілім жетпейді. Кеме екенін анық айырған уақытта аузым күбірлеп, ерінім жыбырлап сөйлей бастадым: "Әй, ең болмаса екі-үш адам, тым болмаса біреуі тірі қалып, маған келіп, қасыма жолдас болар еді, тірі адаммен тілдесер едім". Пәлен жыл бойы жалғыз тұрғанымда, адам баласының қоғамына ынтық болдым емес пе, бірақ өзімнің жалғыздық хәлімнің ауырылған нақ сол күндегідей сезінгенім жоқ. Құмартқан нәрістенің құпия тетігі болады, ол тетік көзге түсетін немесе көзге түспейтін бір заттың күшімен қозғалады, сол құмартқан нәрсеңді көруге жанталасып ынтық болсаң, ал ол талабың жүзеге аспаса, күйіп-пісіп жарылып кете жаздайсың.

    Ең болмаса кемеде бір адам аман қалса игі еді- деген менің тілегім нақ сондай болды. "Е, солай болса игі еді! ең болмаса біреуі тірі қалса игі еді", - деген сөздер аузымнан күбірлеп қайта-қайта шыға берді. Әбден ынты зар болып, зарыққаным ғой әлгі сөздерді айтқанда, денем дірілдеп, жұдырығымды түйіп, тісімді қайта-қайта қайрай бердім. Егер сол кезде менің алақанымда жұмсақтау зат болса, езіліп мылжа –мылжа болар еді, тістене тістене жағым қарысып қалған екен, артымнан аузымды ашудың өзі үлкен күшке түсті.

   Ғылым иесі адамдар ондай көрністің себебін өздері аша жатар, мен тек кемені көрген кездегі өз басымда болған хәлімді ғана айтып отырмын, мен көріністің шыққан жерін, ата тегін түсіндіріп отырғам жоқ, дегенмен адам баласымен кездессем, арманым болмас еді деген ынтызарлық тілектің салдарынан болғандығына дау жоқ қой деп ойлаймын...

І. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ

* «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ

Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.



Нұсқау:

Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.



Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.

Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.



Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….

ІІ. ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.

Сіз қандай мұғалімсіз?

Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.



1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?

а) жүрек қалауымен

ә) кездейсоқ

б) лажым жоқтықтан



2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:

а) керемет жұмыс

ә) күнкөріс үшін

б) бас қатыру



Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы

а) өте сауатты деп есептейді

ә) қанағаттанарлық

б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ



4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:

а) міндетті түрде менен көмек сұрайды

ә) кейде

б) маңыма мүлде жоламайды



5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?

а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын

ә) сирек қолданамын

б) оқулықпен шектелемін

6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:

а) қатені мойындап, кешірім өтінемін

ә) үндемей құтыламын

б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін



7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда

а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын

ә) басшылар ескерткенде ғана

б) бас ауыртқым келмейді



8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?

а) мүлде қол жұмсамаймын

ә) анда-санда

б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін



9. Мұғалім болғаныңызға

а) ризасыз

ә) сізге бәрібір

б) өкінесіз



10. Ұжым арасында беделіңіз:

а) өте жоғары

ә) жақсы

б) орташа



Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.

45-50 ұпай жинасаңыз:

Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.



30-21 ұпай жинасаңыз :

Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.



15-11 ұпай жинасаңыз:

Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңызжөн.



ІІІ. Психогеометриялық тест

1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;

2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;

3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға

мүмкіндік береді.

Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі – 85%!



Нұсқау











































Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз

Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз – Сіздің негізгі фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалғандары – Сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөліктер болып табылады. Ал соңғы фигура сіздің қарым-қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы. Егер сізді ешбір фигура тұтас қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын комбинациясы сипаттай алады.



Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.

Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.

Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;

Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.



Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.

Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;

Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.

Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…

Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;

Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық,пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!

Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.

Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!

Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.

Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.

Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;

Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.

ІҮ. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде өзіңізгеұнаған түсіңізді таңдаңыз.

Таңдаған түсін жазады.



АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.

КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.

ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.

САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.

КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.

ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.

Әуенді терапия

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Уақыты: 7-10 минут



Ұйымдастыру кезеңі:

а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.



Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.

Жүректен жүрекке

Әр адам бір- біріне жылы лебіздерін білдіріп, бір- біріне жүрекшелерін сыйлайды.

Психологтың қорытынды сөзі.

Күнде өсіп-қарап, зерттеп бағады,

Зерттеген соң, зердеге сап алады.

Не тілесе соны біліп, түсінер,

Білген сайын іштен жиі күрсінер.

Ілім білген дана атанар ақыры,

Білім елге пайда берер ашығы!

Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,

Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса…

Бала білім жолын қусын десеңіз,

Бесігінде-ақ ілім жоғын көсеңіз…

Бала миы – дақ тимеген қағаз нақ,

Миға сөзін ұмытпасқа жазар бақ.

Жүсіп Баласағұни



Сіз қандай ата-анасыз?
(өз-өздерін тест арқылы тексеру)

1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.

А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.

2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.

А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.

3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.

А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін
Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас тартасыз
Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз

4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.

А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз
Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз
Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз

5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.

А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.
Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз
Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз

6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.

А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз
Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз

7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.

А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз
Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз
Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.

8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді

А) Есесін қайтаруға үйретесіз
Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз

9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды

А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)
Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға
Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз

Жинаған баллды ата —аналар өздері санайды

      


     a      ә     б
1    3      0     5
2    2      5     0
3    0      3     5
4    3      5     0
5    0      2     3
6    5      0     3
7    3      0     5
8    5      3     0
9    0      5     3



нәтижесін психолог хабарлайды:

0 — 18 Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы екенін ескермейсіз. Балаңыздың заманында ең бастысы — адамдардың өз-өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сізде ескі көзқарас қалыптасқан.

19 — 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып бағасыз. Тәрбиеде ескі әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз. Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз. Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.

36 — 50 Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымдырақ,ақыл, ойды, ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір сүретініне сенесіз.

Сіз қандай ата-анасыз?

  Сауалнама

 

1.         Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?



2.         Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3.         Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

 4.         Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

 5.         Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.         Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.         Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

8.         Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.         Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.       Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

11.       Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.       Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

13.       Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

 Жауабы:

  1.         Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай

2.         Кейде ғана келісемін - 2 ұпай

3.         Келіспеймін - 1 ұпай

0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру   үшін педагог немесе  психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиелік қабілет бар,  тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай,  әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.


Каталог: download -> version -> 1413620044 -> module
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы
module -> «Аққаланы жина» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет