1 Тақырып. Философияның пәні, мақсаты және қызметтері. Дәріс мақсаты



бет12/46
Дата08.02.2022
өлшемі264,5 Kb.
#98576
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
1510691601359 дәріс

Рэне Декарт /1569-1650 ж.ж/- француздың атақты философы, дворяндар отбасынан шыққан. Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік берді: біріншіден, ол танымның негізін обьективті шындықтан іздемейді, керісінше, таным процесініңөзінен табуға ұмтылады; екіншіден, оны мәнділіктің екі субстанциясы (түпнегіз) бар екенін мойындауға арпарады. Декарттың пікірінше, бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат өмір) сүреді. Бенедикт Спиноза /1632-1677/ - Голландияның көрнекті философы. Ол Амстердамда дәулетті еврейлер отбасында дүниеге келген. Спиноза «бір ғана субстанция бар ол - табиғат» деді. ХУІІ ғасыр тек материалистерді ғана дүниеге келтірген жоқ, сонымен қатар идеалистер де болды. Олардың өкілдері - Готфрид Вильгельм Лейбниц /1645-1716/. Ол физик, математик, тарихшы, тіл ғылымын зерттеуші, құқық маманы. Оның еңбегі – «Монадология». Бұл еңбектегі бәріне күш беретін, оларды қозғайтын рухани күш – монада, яғни рухани атом деген пікірді негіздеді. Әрбір жеке монада - әрі жан, әрі дене дейді. Сана – монаданың сыртқы көрнісі. Беркли Джордж /1684-1753/ ағылшын философы. Негізгі еңбегі-«Танымның бастамасы туралы трактат». Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларға айна алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет