Әдебиеттер: 2, 5-7.
7. Тақырып.Классикалық неміс философиясы. Дәріс мақсаты: Еуропалық философиялық дәстүрді дамытудағы неміс классикалық философиясы және оның рөлін, XIX ғасырдың философиясы: рационализм, ХІХ ғасырдың философиясы: иррационализмін қарастыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар. 1. Неміс классикалық философиясы.
2.XIX ғасырдың философиясы: рационализм.
3.ХІХ ғасырдың философиясы: иррационализм.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер); Классикалық неміс философиясы. ХУІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңдерді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Бұл кезеңді бастап берген И. Кант /1724-1804/ болса, оны Людвиг Фейербах /1804-1872/ философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Георг Вильгельм Фридрих Гегель /1770-1831/ философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: Иоганн Готлиб Фихте /1726-1814/, Фридрих Шеллинг /1775-1854/.