Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық (Кетбұға), сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір ХІ-ХІУ ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлкез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі ХУ-ХУІ ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысы,кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді, ең алдымен жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі – толғау жанрының туып қалыптасуынан бастау қажет дер едік.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов (1835-1865жж.) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж). Қазақ ағартушылығында қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер, Абай Құнанбаев (1845-1904 жж) болды.