Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті
Тәтіқара — Абылай ханның тұстасы болғандықтан жауынгер сарбаз ретінде қалмақтара қарсы жорықтарға да қатысып, сол жорықтарды жырға қосқан. Оның бір өлеңін кезінде орыс тіліне аударған Шоқан Уәлиханов Тәтіқараның ірі ақын болғанын айтып, ақын Абылай ханның ғана емес, ол басқарған сарбаздардың жыршысы екенін ескертеді және Абылай қолының жаудан беті қайтқан бір шағында айтылған өлеңнің мазмұнын баяндайды. (Ш.Уәлиханов. 5 т. шығ. жинағы.1-ші том. А.,1961). Ақын-жыршылар шығармашылығын терең зерттеген ғалым Есмағамбет Ысмайылов Бұхар жырау мен Тәтіқара ақынды Абылайдың қалмаққа қарсы күресін шыншылдықпен жырлаған ақындар деп атап көрсетеді. (Е.Ысмайылов. Ақындар. А., 1956.) Академик Әлкей Марғұлан Тәтіқара жырау ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысында жасаған қазақтың ірі ақыны, жыршы- импровизатор екенін атап айтып: «оның өлеңдері мен жырларынан тек ауыз әдебиетінің ерекшеліктері ғана емес, жазба әдебиетке тән сипаттар да байқалады» - деген анықтама берген. Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанова Қостанай өңірінде тұратын кісілердің аузынан Тәтіқара ақын жырларын жазып алған. Кезінде «Үш ғасыр жырлайды» (кейін «Бес ғасыр жырлайды») антологиясына енген осы жырлар.

Абылай қолы тығырыққа тіреліп, алдан жау, арттан су қысқан сәтте Тәтіқараның суырып салып айтқан жыры сарбаздардың рухын көтереді:

дегенде, аты аталған батырлар тәуекелге бел буып, өзенге қойып кетеді. Жырда есімдері аталған Жәнібек, Маңдай, Деріпсәлі Қостанай-Торғай өңірінен шыққан әйгілі батырлар.
М. Мағауин және М. Байділдаевтың құрастыруымен жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды» антологиясында Тәтіқара туралы деректер бар.

“Бес ғасыр жырлайды” антологиясы
Мұхтар Мағауин «Ғасырлар бедері» атты кітабында XVIII ғасырда жасаған қазақ ақындарының ең мәшһүрінің бірі Тәтіқара ақын шығармашылығына жан-жақты тоқталады. М.Мағауин:«Импровизатор ақын туғызған жырлардың дені сақталмаған. Бұл жалғыз Тәтіқараның емес, қазақтың өткендегі талай талантты ақынының трагедиясы», – деп атап көрсеткен.

“Қобыз сарыны”
Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» кітабында Тәтіқара уақ ішінде қалмақ тайпасына жатады деп көрсеткен. (орыс тілінде «Кобыз и копье». Алматы: «Жазушы», 1970 г.)
Тәтіқараның біздерге жеткен аз сөзінің өзі алтын. Оның қайтпас, қайсар міңезі ұрпаққа үлгі-өнеге.