21) «Туған жер» мәтінді әңгімеле
Туған жер. Туған ел. Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн. Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық.Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда.
22)«ҚР тіл туралы заңы» мәтінді әңгімеле
Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ұлтаралық тілі орыс тілі және тағы басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.Aна тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті
23)«Өз отбасың туралы» әңгімеле
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.
24)«Киіз үй» мәтінді әңгімеле
Киіз үйді тігу оңай емес.Тәжірбиесіз адам тіккен киіз үй бір жағына қисайып немесе уығы шығып кетеді.Киіз үйді тігу үшін,Алдымен кереге жайып,оның сығанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады да,есігін орнатады.Содан кейін бақанмен шаңырақ көтеріледі,оған уық шаншады.Әрбір уық қаламын шаңырақ қаламдығына кіргізіп,кереге басына байлайды.Осыдан кейін туырлық,үзік,түндікпен киіз үй жабады.Олардың ортасына шым ши салады.
25)«Қазақстанның кіндік қаласы Астана» мәтінді әңгімеле
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. Қала қазіргі атауын 1998 жылы алды. Астана Сарыарқаның солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қазір Астанада 700 мыңнан астам халық тұрады. Қала тұрғындарының көпшілігі үшін спортпен айналысу және салауатты өмір салтын ұстану күнделікті өмірдің маңызды бір бөлігі. Астанада жиырмадан аса ірі спорт нысандары бар. Олардың ішінде «Сарыарқа» велотрегінің орны ерекше.
26)«16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні» мәтінді әңгімелe
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.Бүгінгі таңда елімізде халықаралық стандарттарға сай заң базасы құрылды, әділет органдарының өкілеттігі кеңейіп құлаш жайып, алға қойылған міндеттерді атқаруда.
27)«Қазақстан мемлекетінің ұлттық теңгесі» мәтінді әңгімеле
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған.
28)«Қазақ ақындарының өлең-жырлары» мәтінді әңгімеле
өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
29)«Қазақ тілі қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл» мәтінді әңгімеле
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
30)«Менің тілімнің мәдениетінің тағдыры» мәтінді әңгімеле
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.
31)«Мемлекет және біз» мәтінді әңгімеле
Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз байланыста жұмыс істейді.Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.
32)«Қазақстандағы білім беру жүйесі» мәтінді әңгімеле
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.
33)«Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі» мәтінді әңгімеле
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн.
34) «Қазақстан қалалары» мәтінді әңгімеле
Алматының табиғаты өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас, егер әрбір тұрғын өзінің ауласын, жүрген жерін таза ұстап, Табиғат-Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді.
35)«Алтын адам» мәтінді әңгімеле
Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
36)«Ана тілі» мәтінді әңгімеле
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
37)Дыбыстардың құрамы әңгімеле
Қазақ тілінің белгілі дыбыстық құрамы бар. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Оның ішінде дауыстысы – 9 дыбыс-фонема; дауыссызы – 19 дыбыс-фонема. Тілдегі дыбыстардың мұндай екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн мен салдырдың қатысына байланысты.Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
38)Үндестік туралы әңгімеле
Буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға содан кейін буындарды сөзге біріктіреді.Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады.
39)Қазақ тіліндегі екпін ерекшеліктері туралы әңгімеле
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді.Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән.Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы.
40)«Киіз үй бөлшектері» мәтінді әңгімеле
Киіз үй негізі уық,кереге,шаңырақ,есік,түндіктен тұрады.Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды. Ежелгі аты “қаңқа” сөзі болғанымен соңғы атау қазіргі ауызша да, әдеби тілде де көбірек пайдалануына байланысты біз де “киіз үй сүйегі” атауын пайдаландық.Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды етіп жасалынуы қажет.Киіз үй формасының дөңгелек түрде алынуы, барлық бөлшектерінің бір-бірімен айналмалы, қозғалмалы (шарнирлі) етіп жалғастырылуы киіз үйді жел екпініне, жер сілкінісіне төзімді етеді жҽне киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты дауылға шыдамай құлаған жағдайда үйлерді аз ғана шығынмен қайта тұрғызуға мүмкіндік береді
41)Буын туралы айту, түрлері
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады.Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.
42)Омоним, синоним, антоним туралы айту, мысал келтіру
Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді. Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді.Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді. Мысалы, әдемі, сулу, келбетті.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Ащы-тұщы, жақсы-жаман, аз-көп, алыс-жақын т. б.
43)Сөз құрамы туралы айту, мысал келтіру
Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік
44)Түбір және қосымша туралы айту
Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір сөз дейміз.Сөздің түбірге жалғанатын бөлігін қосымша дейміз.Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.Тәрбие + ші,еңбек + кер, құрылыс + шы, жұмыс +кер, дос + тық, дойбы + шы.
45)Жұрнақ, жалғау туралы айту, мысал келтіру
Жұрнақ– жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.
46)Көптік, тәуелдік жалғаулары туралы айту, мысал келтіру
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер).Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: әкем, дәптерім.
47)Жіктік, септік жалғаулары, мысал келтіру
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Қазақ тілінде 7 септік бар.Олар;атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес.
48)Жай және тәуелді септеу, мысал келтіру
Жай септеу деп септік жалғауларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын, септелуін айтсақ, ал, тәуелді септеу деп септік жалғауларының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз.Септік жалғауы үндестік заңына бағынып жалғанады. Сондықтан, әрбір септік жалғаудың бірнеше дыбыстық варианттары бар. Көмектес септік жалғауы буын үндесуіне бағынбай, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де тек жіңішке түрінде жалғанады. Мысалы: қала-мен, өлеңмен. Орыс тілінен енген 6, в, г, д дыбыстарына аяқталатын сөздерге септік жалғаулары қатаңнан басталып жалғанады.
49)Сөз жүйесі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Лексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология, т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім, т.б.Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.
50)Зат есім, грамматикалық категориясы
ақтылы лексикалық мағынасына орай зат есім сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптік мағына берудің негізгі жолы болғанымен, бірден-бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болуының бұдан да басқа амал-тәсілдері бар.Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы, негізінен алғанда, көптік жалғауының қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік жалғауы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер деген алты түрлі фонетикалық нұсқада ұшырайды.Сөздің тәуелденуі деп нақтылы бір заттың кімнің меншігі екенін білдіретін грамматикалық белгіні айтады. Тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі, әрі оны иемденуші адам – мұның екеуі де қоса ұғынылады. Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септікжалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады. Қазақ тілінде септік жалғауының жеті түрі бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері.Зат есімнің жіктелуі. Сөздің жіктелуі деп оның грамматикалық үш жақтың әрқайсысына тән жіктік жалғауын қабылдауын айтады. Сөзге жіктік жалғауының жалғануы – бастауыш пен баяндауыштың сөйлем ішінде бір-бірімен синтаксистік қарым-қатынасқа түсуінің негізгі амалы.
51)Көмекші есімдер, сын есім.
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.Cын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке мекенге, уақытқа мезгілге қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы қыры көпірдің асты, үсті, бойы аралығы екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы тұрғысынан саралап атайды.
52)Сан есім, мағыналық топтары
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады.Сан есімдер қолданылу ерекшеліктеріне қарай бір тобы зат есіммен тіркесіп,оны анықтап, есебін,ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, бөлшелік үлесті, болжалдық, шамалық мағыналарды білдіреді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай қарай сан есім алты топқа бөлінеді.Олар: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім және бөлшектік сан есім.
53)Үстеу түрлерін атау, мысал келтіру
Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің етістіктің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.Мезгіл үстеулер.Мекен үстеулер.Мөлшер үстеулері.Сын (я бейне) үстеулері.Күшейту (я ұлғайту) үстеулері.Мақсат үстеулері.Себеп-салдар үстеулері.Топтау (я бөлу) үстеулері.Мысалы:алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде,
54)Шылау туралы айту, мысал келтіру.
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін.
55)Септеулік, демеулік, жалғаулық туралы айту, мысал келтіру
Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.Жалғаулықтар-Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді.ысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп.Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім?Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша мағыналар жамайтын сөздерді айтамыз.
56)Тұрлаулы мүшелерді атау, мысал келтіру.
Тұрлаулы мүшелер - сөйлемге негіз болатын мүшелер.Тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауыш жатады.Мысалы:Сен оқыдың,білім алдың.
57)Тұрлаусыз мүшелерді атау, мысал келтіру.
Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады.Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді.Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Неге? Не үшін?
58)Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы.Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” .Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі.Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі.Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты.
59)Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Сөйлемде үстеу негізінен пысықтауыш қызметін атқарады. Өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әртүрлі сын-сипатын яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін.
60)Синтаксис туралы түсінік.
Синтаксис- сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.Синтаксистік байланыс — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.