Түсінік хат Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі32,51 Kb.
#85685
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Вариатив ұлттық ойын-1 (1)



«Ұлттық ойын» авторлық бағдарламасының
(вариативтік)
тақырыптық-күнтізбелік
жоспары
Тәрбиеші: Жумагулова Сару Асемтаевна

2014-2015 оқу жылы


Түсінік хат
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады.


Алғы сөз
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады.
Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бал организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.
Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет