ӘОЖ: 371. 3 Дарынды оқушылардың қабілетін дамытудың ерекшеліктері



Дата22.06.2017
өлшемі64,25 Kb.
#19877
ӘОЖ:371.3

Дарынды оқушылардың қабілетін дамытудың ерекшеліктері

Баялиева А.Ж., Нұрманалиева Ұ.Т.

Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласындағы – қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынды иелену негізінде жан-жақты, ақыл-ой өрісі кемелденген оқушы тәрбиелеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер туындап отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет [1].

Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалар мен жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет. Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық сұрақтарын қарастыруымен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті айналыспады десек те болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасалынуы керек. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады.

Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның салдарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму меңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілілік жақтарына терең үңіле бермейміз.

Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүгінгідей бейнесін қабылдай алатын шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру. Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті, дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология-педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Осыған орай мектептердің көкейкесті міндеті – біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу болып табылады.

Дүние жүзіндегі дамыған елдердегі сияқты біздің мемлекетімізде де дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты республикада арнайы жобалар жасалып, қолжанылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Педагог ерекше оқу бағдарламаларын игеріп қана қоймай, өз оқушыларының дарындылығына жеке қарым-қатынас тауып, оның әрбіреуінен жекедаралықты көруі керек. Дарындылықтың арнайы түрлерімен қатар, олардан едәуір ауқымды, ақылдың абыройы қажет болатын, бар жерде көрінетін ақыл-ой дарындылығы бар екендігін өмір үнемі көрсетуде [2].

Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүніггі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандаруды қамтамасыз етеді.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан-жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Әр оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт-бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Осындай бағыт-бағдар бойынша жұмыс жүргізу мақсатында біз оқу жылының басында дарынды балаларға арналған тиімді жұмыс жоспарын құрамыз. Осы жоспарға сәйкес біз жұмыс жасап, оқушылардың күнделіктеріне толтырып отыруларын қадағалаймыз, яғни, мұнда оқушылар да бізбен бірге жоспарлы түрде жұмыс жүргізуге машықтанады. Әр сабақ барысында оқушыға мынадай талаптарды қою қажет:


  • қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін анықтай білу;

  • ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

  • алдына мақсат қоя білу және оған жетуге ұмтылу;

  • өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалай білуді меңгерту;

  • басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, жаңа технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта және т.б.);

  • қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу [3].

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты – олардың

шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мұнда мұғалімнің өзі қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгеруі тиіс.

Мысалы, біз өз тәжірибемізден алғанда, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін мүмкіндігінше әр сабақта көрнекіліктерді, техникалық, ақпараттық оқу құралдарын; сабақта оқушылар өздері жасаған суреттерін; электронды оқулықтар, интернет желісін пайдалану арқылы сабақты түрлендіріп өткіземіз. Оған дарынды оқушыларды үнемі қатыстырып, баланы шығармашылық ізденіске баулу бағытында әртүрлі арнайы тапсырмалар береміз. Баланың жетістігін мақтай отырып, өз ісінің нәтижелі болуына және оны талдауына ықпал жасаймыз. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа бейімдеп, ғылыми үйірме жұмыстарына қатыстырамыз. Атқарылған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап, пәндік олимпиадаларға қатысуға, интеллектуалдық пікір-сайыстарға, ойындарға дайындау, дебаттарға, ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, рефераттар қорғау, жоба қорғау, т.б.), оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауына қатысуға іріктеп аламыз.

Оқушылардың бойындағы дайындығын анықтауға ықпалын тигізетін жұмыстар жүргізу барысында мынадай нәтижелерге жетуге болады:



  • білім сапасы артады;

  • пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындар иеленеді;

  • оқушының ғылыми потенциалы артады;

  • оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды;

  • оқушының жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады;

  • дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі, яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады [4].

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу

керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Жас ұрпаққа заманауи білім беру мен тәрбиелеу, дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулу, ғылым арқылы жас ұрпақты дайындылыққа баулу – бүгінгі күнде әр ұстаздың міндеті [5].



Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалім үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді жүктейді. Өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше біздің ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы. – Астана, 2011.

  2. Ерматов С., Әбішева Т. Пәнге қызығудың қалыптасу динамикасы. «Қазақстан мектебі» №2, 2007.

  3. Эльконин Д.Б. Интеллектуальные возможности усвоение знаний. – М.: Просвещение, 1966. – 442б.

  4. Қараев Ж.А. «Деңгейлік саралау технологиясы». Алматы, 1994.

  5. Бозжанова К. Қазақ бастауыш мектептерінде І-ІІІ сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру. Дисс. на соиск. пед. канд. наук. – Алматы, 1973.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет