Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайда біріңғай білім беру кеңістіктерін қалыптастыру принципі ретінде мектепке дейінгі және мектеп білімі арасындағы сабақтастық
Қазіргі заманда білім беру саласына үлкен өзгерістер енгізіліп жатқаны барлығымызға мәлім. Соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін сапалық деңгейге көтеру болып тұр. Бұл өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтарымызды жеке тұлға етіп қалыптастыруға, тәрбиелеу мен білім беруге, алға қойған мақсаттарын айқын етуді міндет етіп отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің маңызы өте зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, мұғалімдер және ата-аналар көтеріп отыр.
Балабақша мен бастауыш буын білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады. Себебі, білімді игеру көлемі мен әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Сондықтан екеуінің сабақтастығын айқындап көрсетету үшін біріншіден: білім берудің өзіндік мақсаттары айқын олуы керек, білім мазмұны біріңғай және жүйелі құрылу сонымен қатар баланың белсенді дамуы қамтамасыз етілуі.
Екіншіден: білім беруде мазмұны, мақсаты, міндеті және әдістеменің дұрыс ұйымдастырылуы.
Осы сабақтастықтар сақталуы үшін, баланың өзін-өзі бағалауға, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығын қарастыру керек.
Сабақтастық дегеніміз- мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудағы бір-бірімен байланысын айтамыз.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арсындағы сабақтастың негіздемесін атап көрсетсем:
балалардың білімге деген құмарлығын дамыту (ізденімпаздығы) ;
балалар тапсырмаларды өздігінен шеше білу қабілетін дамыту (ойлау қабілеті);
балалардың интелектуалдық және тұлғалық қиялын дамыту (көзқарасы);
тілдік қарым-қатынасын дамыту яғни құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу ( қоршаған ортаға сіңісу);
Сабақтастық (байланыстың) үрдісін екі топқа бөлуге болады:
Мектепке дейінгі баланың балалық шақтың құндылығы қысқартылады және жеке тұлғалық сапасы қалыптасады (рухани байлығы).
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш үрдісінің мақсатын бағыттап отырады, денсаулығының дамуына жағдай жасап отырады (жауапкершілік).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда мұғалімдер 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып баланы мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасап отыру керек.
Ал енді екі ұйымның өз міндеттеріне тоқтала кетсем:
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
Салауатты өмір салтын ұғындыру (әдептілік, ұқыптылық)
Әр түрлі көркемдік іс-әрекетіне жағдай жасау (ойын дамыту)
Талабын дамыту (оқуға құштарлығын ояту)
Әлем жайында білімін қалыптастыру (жан-жақтылық қасиетін дамыту)
Бастауыш мектептің міндеттері:
Өзінің тәртібін реттеу (тәрбие)
Қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас жасау (тіл табысып кетуін дамыту)
Мектепте оқуға үйрету сияқты міндеттері бар. Осы міндеттер бір-бірімен өте тығыз байланыста болып келеді.
Қорыта келетін болсам, сабақтастық деген бір-бірімен байланыс деген мағынаны береді. Біз мұғалімдер біріге күш жұмсап, жұмылған жұдырықтай осы байланысты нығайта түсуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |