Сабақтың тақырыбы: Нейрондық желілердің әрекет ету қағидалары Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата29.09.2024
өлшемі228,86 Kb.
#205304
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
11 сынып Инф 6


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Жасанды интеллект

Педагогтың аты-жөні

Абдукаримова А

Күні

18.09.24

Сынып

11 АӘБ

Сабақтың тақырыбы:

Нейрондық желілердің әрекет ету қағидалары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



11.3.4.1 - мәшинелік оқыту қағидалары, нейрондық желілерді (нейрондар мен синапстарды) түсіндіру
11.3.4.2 - өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын
сипаттау
11.3.4.4 - жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Мәшинелік оқыту, нейрондық желілердің қағидаларын түсіндіре алады.
ЖНЖ қолдануға мысал келтіре алады.
Өте қарапайым нейрондық желі жасай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.



Жұлдыз
2 балл



Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Оқулықтағы материалды өз бетінше оқу.
«Тыңдаушы үштік» әдісі
Топтық жұмыс
Оқушылар үштен топ болып отырады, соның ішінде екеуі бір-біріне қарама-қарсы отырады да, үшіншісі алыстау жерде отырады, ол қатыспайды, бірақ бақылап отырады. Бұл қалай жұмыс істейді:
Оқушылар үш топта жұмыс істейді. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоятын және жазатын рөл атқарады. Сөйлеуші бір мәселені түсіндіреді немесе оған түсінік береді немесе пікір білдіреді. Сұрақ қоятын адам түсініктеме беруді өтінеді. Жазатын адам ескертпе жасайды да, әңгіменің соңында нәтиже береді.
Келесі жолы рөлдер өзгереді.


Жұптық жұмыс:
№1 тапсырма: Анықтамада қалып қойған сөздерді жаз.
_______________ - кіріс сигналдарының олардың сәйкес салмақтарына
көбейтілген қосындысы.
_______________ - өлшенген соманың нәтижесіне байланысты нейронныі
кірісі тек 1 немесе о болатын белсендіру функциясының түрі.
_______________ - нейрондық желінің оқытуға арналған деректер жиынтығы.

2 тапсырма: Егер нейрондардың кіру деректері, салмағы және 5-ке тең


белсендіру функциясының шекті мәні белгілі болса, нейрондардың шығу мәнін
есепте.

Білу және түсіну
1. Нейрондық желілер әрекетінің негізгі қағидаларын ата.
2. «Белсендіру функциясы» деген не және ол не үшін қажет?
3. ЖНЖ-да қандай негізгі белсендіру функциясы қолданылады?
4. Мына терминдерге анықтама бер: оқыту іріктелімі, итерация, кезең, қате.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет