1 Тақырып. Философияның пәні, мақсаты және қызметтері. Дәріс мақсаты



бет21/46
Дата08.02.2022
өлшемі264,5 Kb.
#98576
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Байланысты:
1510691601359 дәріс

Экзистенциализм философияда құдайшылықты, жалпы тағдырды жаратушы мадақтау жайында көп жазады. Оның негізгі өкілдері: С. Кьеркегор /1813-1855/, М. Хайдеггер /1889-1976/, К. Ясперс /1883-1969/, Ж.П. Сартр /1903-1980/, Г. Марсель /1889-1973/, Л. Шестов /1866-1938/, Н.А. Бердяев /1874-1948/. Экзистенциализм (өмір сүру) тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С. Кьеркегордың адам - өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген, бірақ құдіретті құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі деген ілімнен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф. Ницше мен Э. Гуссерльдің ілімдері де зор әсер етті.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында жаңа философиялық ағымдар структурализм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика алдыңғы қатарға шықты. Структурализм (К. Леви Стросс, Ж. Лакан, М.П. Фуко, Л. Альтюсер). Бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау олардың мәнін түсінуге талпыну. Сыни рационализм (К. Поппер, И. Лакатос, П. Фейерабенд) ғылыми білімнің даму мәселелерін талдай отырып, қандай болмасын ғылыми білімнің болжамдық бағытта болатынын мойындайды (Поппер). Герменевтика (Э. Бетти, Г.Г. Гадамер, М. Ландман) талдау жасау (түсіндіру) және түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика көне әдеби ескерткіштерді саналы түрде түсіну негізінде қалыптасқан тіл туралы ғылымның ерекше әдісі ретінде дүниеге келіп, ХІХ ғасырда Шлейермахердің, Дильтейдің ілімдерінің арқасында рух туралы ғылымның тәсіліне айналды. Осыдан келіп, олар түсіну проблемаларын философияның негізгі мәніне айналдырып, герменевтикаға универсалды (әмбебаптық) мән берді (Гадамер).
Герменевтика өкілдерінің пікірінше, философияның пәні адамдардың қатынасы ретінде түсінілген адамдар әлемі болып табылады. Сөйтіп, тек осындай қатынастарда ғана адамдардың күнделікті өмірі өтіп жатады, мәдени және ғылыми құндылықтар туындайды. Ал, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігінен болып жатқан құбылыстар.
Орыс философиясыны қалыптасуының бастапқы кезеңі – ХІ-ХУІІ ғасырлар өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, сонымен қатар оның төлтумалылығымен да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев русінде пайда болады және 988 жылы русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер ХУІ-ХУІІІ ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы ХІХ ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісі славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың қалыптасуында П.Я. Чаадаев /1794-1859/ үлкен рөл атқарды. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И. Герцен, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, Н.Г. Чернышевский, Т.Н. Грановский сияқты ойшылдар жатады В.Г. Белинский, И.С. Тургеневтар тығыз қатынас орнатты. Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдегі өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.
Славянфильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдіктің негізін қалаушылар А.С. Хомяков, И. В. Киреевский, К.С. Аксаков, Ю.Ф. Самариндер болды. Бұл ұғымды даярлаған А.С. Хомяков /1804-1860/. «Соборшылдық» ұғымы да осымен байланысты. Славянофильдердің тұжырымдауынша реселік қоғамда «қауымдық принциптің» таралуына байланысты «соборшылдық рух» беки түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет