ЛюдвигФейербах -1804 жылы Ландсгутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Таным сезімінен басталады деп уағыздады. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны керексіз деп теріске шығарды. ХІХ ғасырдың ортасында буржузиялық революциялар артта қалып Европа елдерінің көпшілігінде капитализм өз негізінде жедел қарқынмен дами бастады. Бұл бүкіл философия тарихындағы ерекше кезең, адамзат ой-өрісінің жүйеленген, топталған, жетілген, ғылыми екшеленген кезеңі болды. Бұл кезең Карл Маркс /1818-1883/ пен Фридрих Энгельстің /1820-1895/ есімдерімен аталады. Маркстің философия дамуына қосқан үлесі тек рухани фактордан экономиканың басымдылығын, қосымша құн құпиясын, тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі адамды қана мен эксплуатациялау механизімін ашуында ғана емес, бөлектенудің экономикалық формаларын да айқындауында еді. К. Маркстің пікірінше, капитализм жағдайындағы бөлектенудің ең жалпылама формасы экономикалық бөлектену болып табылады. Маркстің философияның тағы бір жаңалығы еңбекті эпистемологиялық ұғам ретінде негіздеуінде. Ф. Энгельс /1820-1895/. Ф. Энгельс табиғат диалектикасы, болмыс субстанциясы ретіндегі материя туралы идеяларды, материя қозғалысы формаларының классификациясын, материя артрибуттары ретіндегі уақыт пен кеңістік туралы жағдайды, әлемнің материалдық тұтастығы туралы идеяларды жасап шығарды («Анти Дюринг», «табиғат диалектикасы.) Оның пікірінше, диалектика - бұл табиғаттың, қоғамның және адамзат ойлауының жалпы байланысы мен даму туралы ілім. Энгельстің ойы бойынша, диалектика оның қандай екендігі (онтология), қалай ол танылатындылығы және санада бейнелеу формасына (таным теориясы мен даилектикалық логика) қарай даму туралы ілім болып табылады. Диалектика философияның үш бөлімінің тұтастығы болып табылады: онтология, гносеология және диалектикалық логика. Диалектикалық логиканың өзі дамушы теориялық ойлау заңдары туралы ілім. Марксизм материяны түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, бейнесі түстін обьективтік нақтылық деп тұжырымдайды (Ф. Энгельс, В.И. Ленин). Шын болмыс материя ғана. Оның өмір сүру түрлері – кеңістік пен уақыт. Марксистер өздерінің өздерінің дүниетанымдық көзқарастарын тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірудің негізі етір алды.