1 тақырып. Инвестициялық қызмет және инвестицияның экономикалық мәні


тақырып. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау



бет12/12
Дата07.02.2022
өлшемі186,07 Kb.
#96540
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
529699910741 лекциялар Кәсіпорынның инвестициялық қызметі

14 тақырып. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау

Дәріс мақсаты


Жалпы инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштері мен экономикалық тиімділігін қарасттыру .
Негізгі сұрақтар:
1.Инвестициялы қ жобалардың тиімділігін бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштер.
2. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жодары.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қосымша көрсеткіштері Көрсеткіштер Сипаттамасы Қарапайым және динамикалық өтеу мерзім шараларын мемлекеттік қолдау Инвестицияны өтеу мерзіміне ұқсас есептеулер анықталады. Жобаның валюталық өтелуі Ақша ағындарының балансы еркін айырбас валютасында жобаны іске асыру үшін қаражат тарту. Жоба үшін қосылған құн Қосылған құн сатудан түскен түсіммен сәйкес келеді (ҚҚС, акциз және басқа да міндетті төлемдерді алып тастағанда ) материалдық және басқа да шығындарды Есептемегенде. Жоба бойынша бір жұмыскерге қосылған құн Көрсеткіш ұйым қызметкерлердің қабілеттілігін жоба бойынша қосылған құн жасауды сипаттайды.
нвестициялық жүзеге асырудағы тәуекелдік және беймәлімділік факторларын есепке алу. Операциялық левередж және тәуекелділік. Жобалардың тәуекелділігін бағалау. Қоржын шеңберіндегі тәуекелділік.
Инвестиция жобаларын саралау ықтималдылығы. Инвестицияның тиімділігіне амортизация мен салықтардың әсері.
Инфляция жағдайында инвестициялар тиімділігін бағалау.
Мемлекеттiк реттеу проблемасы мына себептер бойынша реттеудiң бiр факторлы моделi ретiнде қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп факторлы, күрделi нарықтық категория болып табылады.
Екiншiден, өсiм ақы (реттеушi ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен дәрежеде әсер етедi.
Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн:
Шетелдiк капиталды тарту кезеңi;
Тартылған капиталды қолдану кезеңi;
Кәсіпорындарға шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет қызметтерi мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және акционерлiк емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды халықаралық кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi талап етедi. Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер маңызы артады. Осы ерекшелiкке байланысты шетелдiк капитал аумағындағы заңдылықтар сыртқа заем беру және шетелдiк инвестиция заңдылықтарына бөлiнген. Шетелдiк капиталды тарту және қолдану кезiндегi мемлекеттiк реттеу қызметтеру көрсетiлген. Реттеу әдiстерi сондай-ақ шетелдiк капитал және инвестиция түрiне байланысты жiтеледi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несие беру. Бұл жағдайда реттеу дәрежесi мемлекет халықаралық несиенiң аралық заемщигi болып табылумен анықталады. Мемлекет несиелiк келiсiмге қол қояды, үкiметтiк кепiлдiк берумен оның жабылуын қамтамасыз етедi. Мемлекет несиенi заемге берушi ретiнде бiрнеше қызметердi атқарады.Бұл жағдайда мемлекет ролi мынамен анықталады:
ол кредитор, донор, гарант және заем берушi рөлiн атқара отырып, халықаралық несиелiк қатынастың белсендi қатысушысы болып табылады;
мемлекеттiк несие беру бюджет құралдарын жинақтау жолдарымен жүзеге асырылады;
көптеген елдерде мемлекеттiк бюджет есебiнен кәсіпорындар мен банктерге экспорттық несиелер берiледi;
әлемдiк нарыққа сай қызмет көрсету үшiн жеке банктiк экспорттық несиелерiне кепiлдiк беретiн сыртқы саудалық операцияларды несиеге беру және сақтандыруды көздейтiн мемлекеттiк немесе жартылай мемлекеттiк кәсіпорындар құруы мүмкін.
Кәсіпорындарға жағымды инвестициялық климат қалыптастыру үшін елдің саяси тұрақтылығы өте маңызды шарт болып табылатыны анық.
Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.
Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы инвестициялар мен жинақтар бiрдей деуге болады. Жалпы жинақтар мен инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек экономика секторларында басқаша болуы мүмкiн. Дамыған несиелiк-қаржылық жүйе жағдайында жинақтардың иесi кiс екендiгiнiң принципиалды маңызы жоқ, себебi, бұл қаражаттар қаржы қорларында несиелеу операцияларында мобилизацияланады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бағалау көрсеткіштері.
Әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жүргізу керек, ол үшін оның тактикасы болу керек. Біз оны стратегялық инвестициялық саясат дейміз.
Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның жиынтық көрсеткішін іске асыру және сол іске асырудын механизмі.
Табыс алу мақсатында көлемді кұрлымды белгілейтін шаруашылық шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында (кәсіпорын, фирма, компания) жүргізетін негіз – кәіпорынның инвестициялық саясатын құрайды. Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы: өңдірістің құрлымын жетілдіру,даму қарқын жылдамдату және т.б. Ерекше орын алатын – жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін жоғарлату.
Басқарудың экономикалық әдісін кең қолдану жағдайында кредиттік жағдайды кешіру және нарыктық қатнастарға өтуде перспективаға инвестициялық саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамассыз ету керек, жаңа шаруашылық механизіммен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін байланыстыру және салымдардың ұтымды жолдарын қамтамассыз ету, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының бірі сияқты оның нәтижелігін жоғарлату болып табылады.
Кәсіорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынандай шараларды қолдану керек:
экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің жолдарын табу;
пайданы көздеу;
жалпы шығындарды азайту;
мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны, гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;
дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
инвестициялық тәуекелділік;
инвестицияның өтімділігі.
Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына , ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын , өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Инвестициялық өтімділіктің бір түрі – пайдық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай – атаулы бағалы қағаз болып табылады. Әр инвестициялық пай иемденушісіне бірдей құқық береді. Инвестициялық пайды шығару тәртібі, оларды орналастыру, айналымға жіберу бағалы қағаздар нарығындагы федералды комиссия шешеді.
Инвестициялық пай – құжатты және құжатсыз нысанда шығарылады. Инвестициялық пайдын мерзімі аңыкталмайды.Инвестициялық пай бойынша прцент және дивидент есптелінбейді.
Инвестициялық пай қорының мүлкі және инвесторлардын құқығы жүргізуші кәспорынның келісім шарты негізінде мамандырылған депозиттарімен жүзеге асады.Инвестициялық пай қордын тек бір ғана маманданған депозитариі болады.
Инвестициялық пай қоры инвесторлардын мамандырылған депозиттари есебіне берілген және жүргізүші кэсіпорынның сенімді жерінде болған мүлкі негізінде құрылады.
Мамандырылған депазитариға және жүргізуші кәсіпорынға есеп үшін берілген мүлік инвестициямен пайды, инвестициялық пай қорын алу үшін жүзеге асады.
Инвестициялық пай қордын құрылуы инвесторлардын жүргізуші кәсіпорыннан инвестициялық пайды алу негізінде болады. Инвестициялық пай қорынан инвестициялық пайды алатын инвестордын қаржысы мамандандырылған депозиттари есебінен түседі.
Инвестициялық пай қоры 2 нысанда болады:
ашық;
интервалды.
Егер жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды инвесторлардын сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп бойынша сұрау күннен бастап 15 күннен кешіктірмей сатып алуды міндеттіне алса, онда ол қор ашық болады.
Егер жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды инвесторлардын сұрауы бойынша уакытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп бойынша, бірақ жылына бір реттен артық емес болса, онда ол интервалды қор болады.
Жүргізуші компания инвестициялық пай қорының мүлкін инвестициялауға құқылы. Ол инвестициялық қорының мүлкіне кездейсоқ зақымдап алса, жоғалтса өз мүлкімен жауап береді.
Инвестициялық пайды орналастыру жағдайында ол тек қана ақша қаражаттарымен төленеді. Орналастыру жағдайында ескере кететен бір жағдай: толық төленбеуге немесе төлемді кейінге кқлтыруға болмайды.
Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады.Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да келісімдер жасай алады. Барлык кәсіпорындар инвестициялық қарекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстардың шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекелділіктер.
Инвестицияны қажет ететін себептер көп болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды үш түрге бөлүге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қарекеттің көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қаңдай сиппаттамалармен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі әрекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында кәсіпорынның жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру жэне т.б.
Болжанған инвестиция көлемі маңызды болып келеді. 100 мың $ мен 1 млн.$ тұратын инвестициялық жобамен байланысты жауапкершілік деңгейі әртүрлі. Сол себептен экономикалық тұргыдан талдаулық зерттеудің деңгейі әртурлі болу керек. Сол себептен инвестициялық сиппатты шешім қабылдау дифференциалдық құқұық тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда күнделікті бекітіледі, яғни инвестицияның максималды көлеміне шектеу қойылып, кәсіпорынның басшылары өзіндік шешім қабылдайды.
Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру жэне бағалау жатыр.Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады, объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.
Қаржылық мененджмент тәжірибесі инвестициялық қызметтерді бағалаудың келесі әдістерін атап көрсетеді.
Капитал мен табысты дисконтау. Матариалдық негізін ақша құрайтың қаржы ресурстары уақытша құндылыққа ие. Қаржы ресурстардын уақытша құндалығы екі аспектіде қарастырылады. Бірінші аспект ақшаны сатып алу қабілеттілігімен байланысты. Екінші аспект ақша қаражаты капитал сияқты айналымымен және осы айналымнан табыс алумен байланысты. Ақша жаңа ақшаларды тезірек жасау керек.
Табысты дисконтау- капитал салу мерзіміне байланысты табысты әкелу. Дисконтау есебімен өскен капитал мен қосымша табысты аудару үшін келесі формула аңықталынады:
К=К*(1+n),
К- салымдардың бастапқы сомасынан t-мерзімінің аяғында капиталдың салымдарының мөлшері.
К- салынған капиталдын мөлшерін ағымдағы бағалау, яғни бастапқы салым салынғаннан кейін бастапқы мерзімнің позизиясы.
n-дисконтау коэфициенті (яғни табыстылық нормасы немесе пайыз мөлшерлемесі) бірлік үлесі.
Д=К (1+n)-К,
Д- косымша табыс, тенгемен
Ағымдағы мезгіл позициясынан болашақ ақша түсімдерін бағалау үшін табысты дисконтау қолданылады. Инвестор капиталды салғанан кейін, келесі жағдайларды басшылыққа алады.
Біріншіден, әр уақытта ақшаның құнсыздануы болады, екіншіден,анықталған минимум мөлшерінен төмен емес капиталға табыстың мезгілдік түсуі. Инвестор болашақта қандай табыс алатынын бағалау керек және табыстың болжанған деңгейінен жұмыстың басталуына максималды мүмкін болатын қаржылық ресурстар соммасына салуды жіберу.
Таза табыс келтіретін эффекті есептеу әдісі. Бұл әдіс бастапқы инвестиция көлемін дисконттау таза ақша түсімдерінің жалпы соммасын келтірілгеннен құралған. Өйткені ақша қаражаттардың құйылымы уақыт бойынша бөлінген. Ол аналитик инвестициялығысы келетін немесе инвестициялай алатыннын жылдық қайтарылу пайызынан шыға қоятын r-коэффициенті арқылы дисконттталады. Мысалы мынандай болжам жасалынады, инвестиция (IC) жыл ішінде басқарылады, ал жылдық табыстар P1,P2,………….Pn көлемінде. (NPV) сәйкесінше мына формулалар бойынша есептелінеді:
PV= Рк/ (1+r )e ;
NPV= Рк/ (1+r )e -С-С ; 
Егер: NPV> 0, онда жобаны қабылдау керек
NPV<0, онда жобаны қабылдамау керек
NPV=0, жоба не пайдалы емес , не зиянды емес.
Мынаны ескеру қажет, NPV көрсеткіші қаралып отырған жобаны қабылдау кезде кәсіпорынның экономикалық потенциалының өзгеруінің болжамдық бағалауын көрсетеді. Бұл жоба уақыт бойынша әр түрлі жобалардың NPV соммалауға болады. Бұл өте ерекшке белгі, бұл критерияны басқалардан ерекшелейтін және оптималды инвестицияланған қоржынды талдау кезінде оны негізгі етіп қояды.
Инвестицияның табыстылық индексін есептеу әдісі. Бұл әдістің мәні бойынша алдыңғының жалғасы болып табылады. Табыстылық индексі PI мына формула бойынша есептелінеді.
PI=РК / ( 1+r)k/ИсИ ;
Егер :PI>1, жобаны қабылдау керек
PI<1, жобаны қабылдамау керек.
PI=1, жоба не табысты емес не зиянды емес.
Таза келтірілген эффектімен салыстырған да табыстылық индексі қатынасты көрсеткіш болады. Осыған орай, NPV мәні бірдей альтернативті жобалардың ішінен біреуін таңдап алуға қолайлы.
Инвестицияны пайдалылық үлесін есептеу әдісі. Инвестицияның пайдалылық нормасының түсінігінің астында дисконттау коэффициентінің мәні жатыр. Сонымен қатар , жобаның NPV=0:
IRR=r, бұнда NPV=f(r)=0
Жоспарланған инвестицияның нәтижелігін талдауда бұл коэффициенттердің мәні мынада жатыр:IRR- берілген жобамен асоцоцияланатын шығындарды максималды қатысты жіберу деңгейін көрсетеді. Мысалы, егер жоба толығымен банктің ссудасы арқылы қаржыландырылса , онда IRR-банктің пайыздық мөлшерлемесінің жіберілу деңгейінінің жоғарғы шекарасын көрсетеді, оның жоғарлауы жобаны зиянды жасайды.
Инвестицияның нәтижелік коэффициенттерін есептеу әдісі. Бұл әдістің екі белгісі бар: ол табыстың көрсеткіштерін дисконттауды ұсынбайды; табыс таза пайданы PN көрсеткіштерімен сипатталады. Есептеудің алгаритімін ерекше оңай, сондықтан бұл коэффициенті тәжірибеде көп қолданады. Инвестицияны нәтижелік коэффициенті ARR орта жылдық пайданы PN инвестицияның орта көлеміне (коэффициент % алынады) бөлумен есептелінеді. Инвестицияның орта шамасы капиталды салымдардың бастапқы соммасын 2 бөлгенде табылады, егер талданатын жобаны өткізу мерзімі өткенде барлық капиталды шығындар шығарылып тасталынады немесе қолдық құнының қома- қолдығын жіберсе RV онда оны бағалау шығарылып тасталу керек.
ARR= PN
½ (IC-RV)
Осы көрсеткіш кәсіпорынның жалпы таза табысын оның іс-әрекетіне авансталған (орта баланстың нетто қорытындысы) қаражаттың жалпы сомасына бөлумен анықталады, авансталған капиталдың пайдалылық коэффициентімен салыстырылыды.
Инвестицияның өтелу мерзімін анықтау әдісі. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде ең оңай және кең таралған әдістердің бірі.
Өтелу мерзімін есептеу алгаритімі (РР) инвестициялаудан түсетін болжанған табыстарды бөлудің бір қалыптылығына тәуелді. Егер пайда жылдарға бір қалыпты бөлінсе онда өтелу мерзімі жылдық табыстың көлеміне бір уақытылы шығындарды бөлумен анықталады. Бөлшек сан шыққанда оны бүтін жақын санға айналдырамыз. Егер пайда бір қалыпты бөлінбесе, онда өтелу мерзімі жылдар санын тура есептеумен анықталады, ол сол жылдар ішінде инвестиция куммулятивті табыспен жабылады. РР көрсеткіші есептеудің жалпы формуласы мынандай болады.
PP=n Pk , мұнда Pk >IC
Инвестицияны өтелу мерзімінің көрсеткішін есептеу қажет. Сонымен қатар талдауда ескеретін бірқатар кемшіліктер бар. Біріншіден, ол соңғы мезгілдердегі табыстың әсерін ескермейді. Екіншіден, ол кумулятивті табыстардың сомасы бірдей жобаларды ерекшелемейді, бірақ оларды жылдар бойынша бөлуді ерекшклейді. Бірқатар жағдайларда өтелу мерзімін есептегеннен тұратын әдістерді қолдану дұрыс бола алады. Мынандай жағдайларда:
кәсіпорын басшылары жобаның табысты емес, көбінесе өтімділік проблемасын шешумен айналысуда ;
инвестиция тәуекелділіктің жоғарғы деңгейімен байланысты, сондықтан өтелу мерзімі қысқа болған сайын жобаның тәуекелделігі де аз болады.
Мұндай жағдай тез техникалық өзгерістер болатын іс-әрекеттің түрлеріне немесе салаларына сәйкес келеді. 
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары.
Кәсіорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынандай шараларды қолдану керек:
экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің жолдарын табу;
пайданы көздеу;
жалпы шығындарды азайту;
мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны, гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;
дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
инвестициялық тәуекелділік;
инвестицияның өтімділігі.
Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына , ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын , өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Инвестициялық өтімділіктің бір түрі – пайдық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай – атаулы бағалы қағаз болып табылады. Әр инвестициялық пай иемденушісіне бірдей құқық береді. Инвестициялық пайды шығару тәртібі, оларды орналастыру, айналымға жіберу бағалы қағаздар нарығындагы федералды комиссия шешеді.
Инвестициялық пай – құжатты және құжатсыз нысанда шығарылады. Инвестициялық пайдын мерзімі аңыкталмайды.Инвестициялық пай бойынша прцент және дивидент есптелінбейді.
Инвестициялық пай қорының мүлкі және инвесторлардын құқығы жүргізуші кәспорынның келісім шарты негізінде мамандырылған депозиттарімен жүзеге асады.Инвестициялық пай қордын тек бір ғана маманданған депозитариі болады.
Инвестициялық пай қоры инвесторлардын мамандырылған депозиттари есебіне берілген және жүргізүші кэсіпорынның сенімді жерінде болған мүлкі негізінде құрылады.
Мамандырылған депазитариға және жүргізуші кәсіпорынға есеп үшін берілген мүлік инвестициямен пайды, инвестициялық пай қорын алу үшін жүзеге асады.
Инвестициялық пай қордын құрылуы инвесторлардын жүргізуші кәсіпорыннан инвестициялық пайды алу негізінде болады. Инвестициялық пай қорынан инвестициялық пайды алатын инвестордын қаржысы мамандандырылған депозиттари есебінен түседі.
Инвестициялық пай қоры 2 нысанда болады:
ашық;
интервалды.
Егер жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды инвесторлардын сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп бойынша сұрау күннен бастап 15 күннен кешіктірмей сатып алуды міндеттіне алса, онда ол қор ашық болады.
Егер жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды инвесторлардын сұрауы бойынша уакытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп бойынша, бірақ жылына бір реттен артық емес болса, онда ол интервалды қор болады.
Жүргізуші компания инвестициялық пай қорының мүлкін инвестициялауға құқылы. Ол инвестициялық қорының мүлкіне кездейсоқ зақымдап алса, жоғалтса өз мүлкімен жауап береді.
Инвестициялық пайды орналастыру жағдайында ол тек қана ақша қаражаттарымен төленеді. Орналастыру жағдайында ескере кететен бір жағдай: толық төленбеуге немесе төлемді кейінге кқлтыруға болмайды.
Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады.Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да келісімдер жасай алады. Барлык кәсіпорындар инвестициялық қарекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстардың шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекелділіктер.
Инвестицияны қажет ететін себептер көп болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды үш түрге бөлүге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қарекеттің көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қаңдай сиппаттамалармен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі әрекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында кәсіпорынның жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру жэне т.б.
Болжанған инвестиция көлемі маңызды болып келеді. 100 мың $ мен 1 млн.$ тұратын инвестициялық жобамен байланысты жауапкершілік деңгейі әртүрлі. Сол себептен экономикалық тұргыдан талдаулық зерттеудің деңгейі әртурлі болу керек. Сол себептен инвестициялық сиппатты шешім қабылдау дифференциалдық құқұық тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда күнделікті бекітіледі, яғни инвестицияның максималды көлеміне шектеу қойылып, кәсіпорынның басшылары өзіндік шешім қабылдайды.
Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру жэне бағалау жатыр.Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады, объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде көптеген факторлар маңызды роль ойнайды. Соның ішінде ерекше орын алатын – инвестицияны мемлекеттік қолдау.
Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндермелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар.Оның ажырамас бөлігі болып инвстициялық жобаның құнның аңыктайтын смета табылады.
Жоба – бұл техникалық материалдар(сызба, есептер, жаңа құрылған гимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өндеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады- идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.
Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аякталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін- алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.
Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процесстін жасалуы емес, оны өткізуден алатын пайда қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жүұыстын аякталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстын аякталуы – қаржыландырудын тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.
Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде негізделу керек.
Жобаның басталу кезінен өтімділік кезенге дейінгі уақыт аралығы инвестициялық цикл деп аталады.
Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әркайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:
нвестицияға дейінгі- бастапқы зертеулерден инвестициялық жобаны қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін
ивестиция кезеңі- келісім шарт жасау кезеңі
өндірістік- кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.
Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші дисциплинадар ( өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, анализ т.б ) облысына кіреді.
Инвестицияға дейінгі кезде болашақ объектіні жобалау қарастырылады. Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық бағалауын, өтімділік бағасын зертеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады.
Дамыған елдерде инвестицияға дейінгі кезеңді орындау шығындары жобаның сомасынан 1,5-5,5 % құрайды, соның ішінде: инвестициялық мүмкіншіліктің құрылуы 0,2-1%, инвестиция негізінде 0,25-1,5% шағын жобалар үшін техника-экономикалық зертеулер үшін 1,0-3,0 %, ірі жобаларға 0,2-1,2 %.
Жобаның алғашкы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес- жоспарын құру. Бірақ, уакытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.
Екінші инвестициялық кезенде жоба мыналарды енгізеді:
жобалық кәсіпорынды таңдау;
жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
жобалық және құрлыстық жұмыстын алдын – ала жоспары;
деталдық жоспарлау және спцификация;
құрлыстық орындардын сызбасы.
Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қыска мерзімді зайымдар аңыкталады.
Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны, оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрлымын құрлыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану шығындарына да тәуелді.
Жобалау үрдісін 2 кезеңге бөлуге болады:
жоба алдындағы;
нақты жобалау.
Жобалау алдындағы кезең инвестиция салудың алғы шарттарын жасайды. Дәл осы кезеңде жобаның өміршеңділігі мен инвестициялық тартымдылығы қалана басталады. Жобалау алдындағы кезең зерттеулері нақты инвестициялық жобаның толық сипаттайды. Инвестициялық жобаның өмірлік циклін бұл кезеңде дәл анықтау мүмкіндігі қиынға соғады.
Нақты жобалау өзі екі кезеңді енгізеді:бастапқы және соңгы жоба. Әр кезеңде болашақ объектінің сметасы аңықталады.
Өндірістің техника-ұйымдастырушылық дәрежесінің көтерілуі соның ішінде: еңбек,еңбек құралдары және еңбек заттары деңгейінде көрінеді. Міне осындай экономикалық көрсеткіштер, еңбекті іске асырумен бірге техника мен технологияның тиімділіктерінің дәрежесін көтереді. Жоғарыдағы көрсеткіштер (еңбек өнімділігі,қорқайтарымдылық,материалсыйымдылық) интенсификацияның жеке көрсеткіштері деп аталады. Оларды талдау технико-ұйымдастырушылық дәреженің факторымен шығару керек. Жеке көрсеткіштерге байланысты жалпылау да қолданылады.
Барлық жалпы көрсеткіштер жиынның технкалық және ұйымдастырушылық тиімділігін сипаттайтын, келесі топтарды қарастыруға болады:
Еңбек өнімділігінің, еңбекақы қоры жоғарылауы;
Материал қайтарымдылығының өсуі (материалдар шығынын азайту);
Негізгі қор қайтарымдылығын көтеру;
Айналым коэффициентінің артуы;
Өнім көлемін жоғарылату;
Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;
Қаржылық тұрақтылық жағдайын көрсеткіштерін жоғарылату;
Инвестициялық мүмкіншіліктерді қолданудың экономикалық тиімділігі барлық материалдық салаларға ортақ. Әдістік ұсыныстар іс-шараларының кешені ғылыми-техникалық прогресті үдетуге бағытталған.
Жобалау үрдісіндесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты пайдалануда.
Отандық тәжірибеде кәсіпорынның жобасын жасау, өндеу кезінде мынандай бөлімдерді өзіне енгізеді:
түсіндірмелі хат;
техника-экономикалық бөлім;
бас жоспар;
енбек күші;
құрлыстық бөлім;
өндірісті баскару жүйесі;
сметалық құжаттар.
Инвестициялық жобаның әр жұмысының кезенінде оның құндық бағасы аңықталады. Шетелдік тәжірибеде оның кем дегенде төрт түрін есептейді және олардың нақты денгейі жобаны өңдеу кезінде өседі. Инвестициялық мүмкіншілікті зертеу кезінде алдын-ала құнның бағасы есептелінеді. Оның мөлшері 25-40% аралығында болу керек.
Инвестициялық процестін әр кезеңінде жобаның экономикалық өтімділігі, табыстылығы аңыкталады.Басқа сөзбен айтқанда шығындарды алынатын табыстылықпен салыстырғанда алатын жобалық анализ жоспарланады.
Кәсіпорындар барлық инвестициялык ұсыныстарды «жинағанда» оларды бағалау жэне ранжирлеу процесі басталды. Сонымен қатар инвестицияның нәтижелік көрсеткішін есептейтін жобаның бизнес жоспары кұрылады, олар өз кезегінде, банк және басқа да кредиторларға ұсынылатын техника-экономикалық жағдайда жүзеге асырылады.
Барлық өркенниетті мемлекеттерде неғұрлым болашағы бар кәсіпорындар өз қызметтерін кеңейте келе, міндетті түрде инвестиция тартуға есік ашады. Бұл өз кезегінде инвестициялық жобаларын тиімді де тартымды түрде ұсыну арқылы инвестиция тарту тәжірибесі кеңінен қолданалынады.
Әдебиеттер: 1-7

15 тақырып. Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық


Дәріс мақсаты
Қазақстан Республикасындағы халықаралық инвестициялық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды игеру.
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы ұлттық Тақырыпқа негізгі сұрақтар:
1.Халықаралық инвестициялардың ерекшеліктері мен артықшылықтары. Халықаралық инвестициялардың тәуекелділіктері.
2.Халықаралық инвестициялардың принциптері.
3.Тікелей шетелдік инвестиция және трансұлттық компаниялардың саясаты. Шетелдік инвестицияны реттеудің халықаралық тәжірибесі.
экономиканың басымды салаларына бағытталған сыртқы қаржылық ресурстар ретінді.
Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуін қамтамасыз ету және Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлінеді. 
Біз әртүрлі қауымдастықтарға қатысу, халықаралық институттармен өзара іс-қимыл жасау және тұрақты біліктілікті арттыру арқылы басқа да табысты жұмыс істейтін даму институттарының тәжірибесін зерттеуге және жұмыста пайдалануға тырысамыз.
Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту тек ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес, сонымен қатар экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерді тез арада шешу мақсатында елге шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. 
Банк құрылған сәттен бастап Дүниежүзілік банк, HSBC, Merrill Lynch, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ және т.б. ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.
Инвесторлар үшін презентация
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТАРИХЫ.
2019
2018
2017
2016
2015
2014
2013
2007
2003
Previous
2019 жылғы сәуірде «Бір белдеу бір жол» бастамасының халықаралық форумы шеңберінде Банк пен China Development Bank арасында жобаларды қаржыландыру үшін Кредиттік келісімге қол қойылды.
2019 жылғы маусымда Даму Банкі Басқарма төрағасының басшылығымен Шаңхай ынтымақтастық ұйымының шеңберіндегі Банкаралық бірлестік кеңесінің (ШЫҰ ББК) XV отырысына қатысты. 2019 жылғы маусымда Қазақстан Даму Банкінің өкілдері Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің жәрдемдесуімен польшалық әріптестермен – Польшаның Bank Gospodarstwa Krajowego ұлттық даму банкімен тығыз ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.
2019 жылғы 11 қыркүйекте ҚХР-дағы Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесіне қатысу үшін сапар шеңберінде Банк пен Қытай Мемлекеттік Даму Банкі арасында мәмілелерді юаньмен қаржыландыру үшін 1,500,000,000 юаньға дейінгі сомаға Негіздемелік келісімге қол қойылды. 2019 жылғы 24-26 қыркүйекте Банк делегациясы JP Morgan (JP Morgan Emerging Markets Credit Conference) дамушы нарықтар бойынша Конференцияға қатысу шеңберінде институционалдық инвесторлардың, портфельдік менеджерлердің, шетелдік банктердің және т.б. мүддесін білдірген 30-дан астам компанияның қатысуымен роад шоу өткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті К. Тоқаевтың Германияға ресми сапары шеңберінде
2019 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылды:
- Deutsche Bank AG-мен экспорттық кредиттік агенттіктердің (ЭКА) сақтандыру өтімімен қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Euler Hermes Aktiengesellschaft-пен өзара түсіністік туралы меморандум.
2019 жылғы 6 желтоқсанда қол қойылды:
- KfW IPEX-Bank GmbH-мен ынтымақтастық туралы келісім;
- Commerzbank AG-мен ынтымақтастық туралы меморандум.
2018 жыл. 2018 жылғы маусымда ШЫҰ БАБ Кеңесінің кезекті отырысы аясында Банк пен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі арасында Банктің инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін Бас келісімге қол қойылды.
Банк Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited, Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ Ltd., Deutsche Bank Hong Kong Branch, Credit Agricole Corporate and Investment Bank-тен тұратын банктердің синдикатымен кредиттік келісім жасады, "Шымкент МӨЗ-ін қайта құру және жа­ңғырту" инвестициялық жобасын қа­ржыландыру үшін Sinosure сақтандыру жабындысымен. Жасалған келісім үшін синдикатталған қарызды тарту бойынша үздік мәміле үшін марапат алынды.
Сәуір айында ҚДБ 100 млрд теңге сомасына деноминацияланған еврооблигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды. 2017 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылған теңге евробондтарының алдыңғы шығарылымымен салыстырғанда Банк қарыздану мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға және купон ставкасын жылдық 9,5%-дан 8,95% дейін азайтуға қол жеткізді.
2018 жылдың соңында Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында «Бәйтерек» холдингі мен Даму Банкінің делегациясы «Бәйтерек» холдингі Басқармасы төрағасы орынбасарының басшылығымен Корей Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар бағдарламасына K-Sure сауданы сақтандыру корпорациясы, KOLON Investment, EximBank және т.б. сияқты Кореяның аса ірі компанияларының басшыларымен іскерлік кездесулер кірді. Korea EximBankпен кездесу шеңберінде тараптар Кореяның қаржы ұйымдарын Қазақстан нарығына тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты қанағаттанарлық сезіммен атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Korea EximBank кредиттік желісін ашудың орындылығы атап өтілді.
2018 жылғы қарашада Даму Банкі Мәскеу қаласында «Еуразиялық экономикалық интеграция» ХІІІ халықаралық конференциясына қатысты, онда сауданы қаржыландыру және интеграция процестерін қолдаудағы экспорттық агенттіктердің рөлі талқыланды.
2017 жыл. 2016 жылғы 26 қазаннан бастап 2017 жылғы 25 қазанға дейін - Қазақстанның Даму Банкі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Банкаралық бірлестігін (бұдан әрі – ШЫҰ БАБ) басқарды. Осы кезеңде ҚДБ ШЫҰ БАБ-қа мүше банктердің сарапшылары мен үйлестірушілерінің кеңесін, ШЫҰ БАБ Кеңесінің отырысын және ШЫҰ Банкаралық Бірлестігінің және ШЫҰ Іскерлік Кеңесінің Форумын өткізді.
Банктің ұйымға төрағалық ету кезінде ШЫҰ БАБ 2017-2021 жылдарға арналған одан әрі Даму стратегиясы қабылданды, сондай-ақ бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, Жібек жолы қорымен әріптестік қарым-қатынастардың негіздері туралы, экспорттық қаржыландыруды қолдау бойынша Қазақстанның Даму Банкі мен РФ Внешэкономбанктің арасындағы өзара түсіністік туралы, Қазақстанның Даму Банкі мен РСК Банкі ААҚ арасындағы экспорттық қаржыландыруды қолдау бойынша өзара түсіністік туралы, Қазақстанның Даму Банкі мен Беларусбанк АЖБ ААҚ арасындағы экспорттық қаржыландыру бойынша өзара түсіністік туралы.
2017 жылғы 14 желтоқсанда ҚДБ Қазақстан эмитенттері үшін 100 млрд теңге сомасына деноминацияланған дебюттік еуробондтардың бұқаралық шығарылымын (шетелдік және отандық инвесторлардың кең шеңберіне арналған) жүзеге асырды. Қағаздар эмиссиясы көлемінің 98% халықаралық инвесторлар сатып алды.

2016 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Польшаға ресми сапары барысында ҚДБ Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды күшейтуге және кеңейтуге бағытталған "Bank Gospodarstwa Krajowego" Польша Мемлекеттік Банкімен ынтымақтастық туралы Негіздемелік Келісімге қол қойды. Негіздемелік Келісімде 300 млн. EUR дейінгі сомаға бірлескен жобаларды іске асыру көзделеді.


Сондай-ақ, биылғы жылы "ҚДБ-Лизинг" АҚ (ҚДБ еншілес ұйымы) "Исткомтранс" ЖШС темір жол жүк тасымалын ұйымдастыру үшін вагон-цистерналарды жеткізу бойынша жобаны ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ашты.
1,1 млрд теңгеден астам көлемдегі мәміле ислам лизингі – "Иджара" шартымен қаржыландырылған алғашқы жобаға айналды. Қорландыру көзі ТМД елдерінің эмитенттері үшін дебюттік "Сукук" ислам облигацияларын шығару барысында 2012 жылы Банк тартқан қаражат болды.
2015 жыл. ҚДБ 400 млн USD дейінгі сомаға China Expor&Credit Insurance-пен Сақтандырушылық өтеу туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
Банк Sumitomo Mitsui Banking Corporation-мен (SMBC) 37,2 млн USD дейінгі сомаға қарызды тарту туралы келісімдерге қол жеткізді. SMBC қарызы 7 жылға дейінгі мерзімге Банктің инвестициялық жобаларын қаржыландыруды немесе қаржыландыру көздерін алмастыруды қоса алғанда, ҚДБ жалпы корпоративтік мақсаттарына бағытталған. 
2015 жылы Даму Банкі халықаралық Кредиттік нарықтар қауымдастығына (Loan Market Association) кірді. Бұл қадам Банктің инвестициялық жобаларды синдикатталған қаржыландыруды енгізу аясында іске асырылды.
2014 жыл. ҚДБ HSBC Bank plc.-пен түрлі елдердің экспорттық кредиттік агенттіктерін жабу үшін жалпы сомасы 500 млн EUR кредит желісін ашуға негіздемелік келісім жасады.
Банк сондай-ақ "Мемлекеттік мамандандырылған Ресей экпорттық-импорттық банкі" ЖАҚ-пен түрлі салалардағы стратегиялық әріптестікті дамыту туралы, оның ішінде Қазақстан мен РФ компаниялары арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды қаржылық қолдау арқылы Ниеттер туралы келісімге қол қойды. 
2013 жыл. The Banker "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ны "жыл мәмілесі-2013" санатында марапаттады. Сондай-ақ, ҚДБ "Сукук "аль-Мурабаха" ислам облигацияларын шығару арқылы малайзиялық нарыққа шығу аясында Азиядағы ең ірі рейтинг агенттіктерінің бірі RAM Ratings марапатына ие болды.
2007 жыл. 2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қазанға дейін - Қазақстанның Даму Банкі ШЫҰ БАБ басқарды.
2003 - 2011 жылдар. Банк Азия мен Океаниядағы Қаржы Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP) мүшесі болып табылады және Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.
2019 жылғы 30 сәуір - Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (ХЖТИЖО) басшысы Рәпіл Жошыбаевтың Женеваға іс-сапары шеңберінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның (БҰҰ ЕЭК) Атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова және Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасының Еуропалық аумақтық бюро (ЮНЕП) директоры Бруно Поццимен екіжақты кездесулері өтті.
Р.Жошыбаев халықаралық ұйым басшыларына жасыл экономикаға көшуі, ұлттық жасыл экономика Концепциясын жүзеге асыруда ХЖТИЖО көмек көрсету, елдің экологиялық заңнамасын өзектілендіру процесіне қатысу және климатты өзгерту жөніндегі мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелерді іске асыруға үлес қосу бойынша Қазақстанның қызметі туралы хабарлап, ХЖТИЖО-тың БҰҰ ЕЭК және ҚОЕАБ-мен өзара әрекеттесуінің бірқатар маңызды мәселелерін талқылады.
БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы О.Алгаеровамен кездесу барысында Р.Жошыбаев «Ғимараттардың энерго тиімділігін жоғарылату» атты БҰҰ ЕЭК ұсынған жобаны жүзеге асыруға, сонымен бірге ХЖТИЖО негізіндегі қоршаған ортаны қорғау және энергетика саласындағы басқа да мүмкін жобаларға қызығушылығын танытты.
Өз кезегінде, БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы ХЖТИЖО бірге мүмкін ынтақтастықтың бірнеше спектрін атап, екі ұйымның бұдан әрі қарай өзара әрекеттесуінің нығайуы мен ұлғаюына сенім артты.
О.Алгаерова ХЖТИЖО БҰҰ ЕЭК қатысуымен қалыптастырылған, Озық тәжірибе орталықтар желі (Network of Centers of Excellence) және Академиялық желі қатарына қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Озық тәжірибе орталықтар желісінің ұқсас орталықтары Нью-Йорк, Канада және Ирландияда бар, ал Академиялық желіге – Пенсильвания мемлекеттік университеті, Сингапур және Далянь университеттері жатады. БҰҰ ЕЭК басшысы Назарбаев Университетті Академиялық желіге қосуға ниет білдірді. БҰҰ ЕЭК көзқарасына сәйкес, ХЖТИЖО тұрақты қоршаған орта және жасыл экономика мәселелерін алға жылжыту мен өзара қарым-қатынасын нығайту үшін аталған желілерді байланыстырып тұратын буын болуы мүмкін. О.Алгаерованың ойынша, ХЖТИЖО осы жұмысқа қатысуы ұқсас орталықтар арасында тәжірибесімен алмасуды, халықаралық нормалар мен стандарттарды енгізуді және «жасыл» энергетика және экономика саласындағы жергілікті мамандарды дайындауды қамтамасыз етеді.
ЮНЕП Еуропалық аумақтық бюро директоры Б.Поццимен кездесу барысында Р.Жошыбаев ХЖТИЖО-тың Қазақстанның экологиялық ұйымдар Ассоциациясымен (ҚЭҰА) ынтымақтастығы туралы, сондай-ақ а.ж. 5маусымда "Jasyl Jol" және Форум "Экомост в будущее" электромобильдеріндегі автомарафон сияқты Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне арналған бірлескен іс-шараларды өткізу туралы хабарлады.
Б.Поцци Орталық Азия аумағында жасыл экономика және қоршаған орта мәселелері бойынша Қазақстанның белсенді рөлі жөнінде атап өтіп, ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономикаға көшу жөніндегі Кеңес құрамына ҚОЕАБ қосқандығына алғысын білдірді.
Қосылған : 1.05.2019, 11:50, Өзгертілген : 1.05.2019, 11:50



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет