1-тақырып. Жалпы ережелер


-тақырып. Имандылыққа қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары



бет51/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

9-тақырып. Имандылыққа қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары
Жоспар
1. Имандылыққа қарсы сыбайлас жемқор-лық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
2. Ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісі
3. Ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі


1. Имандылыққа қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының ҚК 3 бабының 29 тармағының негізінде тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қарсы жемқорлық қылмыстарына «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» атты ҚР ҚК 30 бабы (3 тармақ), үшінші бөлімі жатқызылады.
Ойын бизнесі ретінде ойын орнының құмар ойындар мен бәске қатысудан ұтыс және оны өткізу үшін алынатын төлем түріндегі табысты алуға байланысты кәсіпкерлік қызмет ұғынылады.
Ойын орны – бұл ойын бизнесі саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясы бойынша құмар ойындар өткізілетін және (немесе) бәске ұтыс тігілетін кәсіпорын: казино, тотализатор, букмекер конторасы, ойын автоматтарының залы және басқа да ойын үйлері (орындары)*.
Құмар ойындар – кездейсоқ, алдын-ала бол- ______________________
* Қараңыз: Үлкен заң сөздігі. – М.: ИНФРА-М, 2002. – осы жерде және ілгеріде анықтамалар осы дереккөзден алынған.

жанбайтын нәтижелерге ие ойындар нәтижеге қол


еткізу ойынға қатысатын бір де бір тараптың әрекеттерінен тәуелді емес. Құмар ойын нәтижесі ақшалай немесе басқа мүліктік эквивалентпен анықталады.
Ойын құралдары – құмар ойындарын өткізуге, сонымен қатар, ойын автоматтарына да қолда-нылатын, икемделген құрал-жабдықтар мен саймандар.
Ойын автоматы – бұл ойын орнында орнатылған және ойындарға ойын орнының иелерінің қатысуынсыз ақшалай ұтысы бар құмар ойындар үшін пайдаланылатын арнайы жабдық (механикалық, электрлік, электронды және басқа да техникалық жабдық).
Казино – ойын орны, мұнда рулетканың, ойын үстелдерінің (карта ойындарына, сүйек ойнына арналған), сонымен қатар басқа ойын жабдығының пайдаланылуымен жарияланған ақшалай немесе өзге мүліктік ұтыспен құмар ойындардың өткізілуі жүзеге асады.
Тотализатор – қатысушы ойын, спорт немесе өзге әлеуметтік маңызға ие оқиғаның мүмкін нұсқасына болжам жасайтын (бәс тігетін) ойыны, мұнда ұтыс болжамның болған фактімен арадағы жартылай немесе өзге сәйкес келуінен тәуелді болады.
Ойын аумағы – құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырудың Қазақстан Республикасынан арнайы аумақ бөлінген, заңды түрде реттелген тәртіппен қарастырылған шекарасы.
Букмекер – бәйгелердегі, жарыстар мен спорт жарыстарына тотализатордағы ойын кезінде ақшалай бәстерді қабылдайтын тұлға.
Осы анықтамалар мен олардан туындайтын

анықтамалардың мәні әрекетті дұрыс сыныптауға және заңды әділетті жазаны тағайындауға мүм-кіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет