1-тақырып. Жалпы ережелер



бет52/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Заңсыз ойын бизнесі – бұл ойын орнын ашу және ұстау, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру, соынмен қатар заңсыз ойын бизнесі үшін бөлмелерді ұсыну немесе Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасымен белгіленген орындардан тыс жерде құмар ойындарды ұйымдастырк және өткізу, не болмаса ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асыру.
Заңсыз ойын бизнесі ойын аумағында құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу қызметін жүзеге асыру үшін рұқсаттың жоқтығы фактісімен анықталады.
Ойын бизнесін жүзеге асыруға рұқсат беру дегеніміз, заңмен реттелетін арнайы ойын аумақтарында жүргізуге, ойын орындарының түрлері мен санына шектеу қойылмастан, құмар ойындарын ұйымдастырушыға құқық беретін арнайы рұқсат етілген құжат. Ойын бизнесін заңсыз жүзеге асыру фактісінің өзі заңды мойындамаушылықтың көрінісі болып табылады.
Ойын бизнесін жүзеге асыруға арнайы рұқсат ретінде жүретін құжат лицензия болып табылады.
Лицензияның болмауы ойын бизнесін заңсыз жүзеге асыру деп танылып, заңдық жауаптылыққа негіз болады.
ҚР ҚК 307 бабымен қарастырылған аталмыш әрекет «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыс бұзушылықтар» атты 11 тарауда аталады. Заңсыз ойын бизнесі халықтың денсаулығына тікелей әсер етпей, адамгершілікке кері әсерін тигізетінін ескере отырып, біз әдіснамалық тұрғыдан оны адамгершілікке,

имандылыққа қарсы әрекеттер тобына жатқыза отырып қарастыруымыздың өзі, осы заңдардың сақталуын қамтамасыз етіп отыр.


Ақшаны жасырумен күресу жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) деректері бойынша Қазақстандағы казино мен ойын автоматтарының нарығы жылына шамамен 1 млрд. долларды қамтиды. Pricewaterhouse Coopers (PwC) аудиторлық тобының деректеріне сүйенсек, әлемнің барлық казиноларының сомалық табысы 2012 жылы 150 млрд. долларды құраған, 2015 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 200 млрд. долларға дейін жетеді деп күтілуде.
Қазақстанда әрекет ететін букмеркерлік конторалардың минимал айналымы жылына 30 млрд. теңгені құрайды. Таза табыс 10-15%-ды қамтиды. Букмерекерлік конторалардың дүниежүзілік айналымы жылына 650 млрд. долларды қамтиды, оның ішінде АҚШ-та – 240 млрд. доллар, Ресейде – 500 млн. доллар.
Ойын бизнесі саласындағы қылмыстардың жасалу серпіні тұрақты өсім тенденциясына ие. Қазақстанда осы саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлесі мынадай: 2010 жылы – 34 факті; 2011 жылы – 51; 2012 жылы – 483; 2013 жылы – 500-ден астам.
Анықталған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 7 мыңнан астам ойын автоматы, 266 ойын үстелі, 29 млн. теңге сомасына ақшалай қаражат тәркіленген. Жалпы алғанда 2012-2013 жылдары 78 астыртын казино мен 208 ойын автоматтар залының қызметі тыйылған.
Ойын бизнесінде қалыптасатын қарым-қаты-настарды 2015 ж. 29 мамарыныда қабылданған өзгерістер мен толықтырулармен, 2007 ж. 12 қаңтарында қабылданған ҚР "Ойын бизнесі" ту-ралы Заңымен реттеледі.
Бүгінгі таңда ойын бизнесі лотерея бизнесімен (электронды лотерея, лотерея клубтары) жасы-рынады, казино кешенді клубтарға (онлайн-казино, интернет-казино, UNITCFSH) өзгертіледі және т.с.с.
Бұл ретте, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ойын автоматтарының казино мен залдары арнайы бөлінген аймақтарда орналастырылуы тиіс: Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучинск ауданында. Интернет-казино жарнамасына тыйым салынған, жалпы алғанда шынайы уақыттың кез келген режиміндегі онлайн-казиноға тыйым салынған (бір пайдаланушысы бар, көп пайдаланушысы бар).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет