1-тақырып. Жалпы ережелер



бет55/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Негізгі тұжырымдар:
1. Ойын бизнесі – заңдастырылған коммерциялық қызмет. Оны жүргізу ережелерін бұзу қылмыстық жауапкершілікті қоса алғанда, белгіленген заңды жауапкершілікке ұшыратады.
2. Қазақстандағы ойын бизнесі оның қатаң түрде белгіленген аймақтарда орналастырылуына қатысты шектеулерге ие: Ақмола облысы, Щучинск ауданы; Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының ауданы. Оны басқа аумақтық аймақтарда орналастыру, сонымен қатар басқа қызмет түрлерімен жасыру әрекеттері заң алдындағы жауапкершілікке ұшыратады.
3. Ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісі арнайы белгілерге ие.
4. Халықтың адамгершілік тұрғысындағы есен-саулығы қылмыстық қол сұғушылық объектісі болып табылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ойын бизнесі саласындағы қылмыстар неге халықтың имандылығына қарсы әрекеттерге жатады?


2. Заңдық тұрғыда неге жалпы осы (ойын бизнесіндегі) құмар ойындарға тыйым салынбайды?
3. Құмар ойындарға не жатады?
4. Ойын бизнесінің жасырын, бүркемелі тәсілдерін қалай түсінесіз?
5. Ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан қылмыстардың субъектісінің ерекшелігі неде?
6. Ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан қылмыстардың объектісіне тән сипаттамасы неде?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Гизбрехт В.Ф. Уголовная ответственность за незаконную организацию и проведение азартных игр // Яндекс - Директ, 25.12.2014г. (интернет-ресурс).


2. Тогизбаев Г. Пресечение незаконной деятельности игорного бизнеса // Закон и время. - №2 (111). – 2010. – С. 41-43.
3. Бодықова М.Е. Парақорлықты сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыс ретінде тегреудің ерекшеліктері // Концепция правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года – новый этап в правовом строительстве: Материалы международной конференции, г. Алматы, 19 февраля 2010 года. – Алматы: КазНПУ имени Абая, 2010. – С. 324-326.

10-тақырып. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет