1-тақырып. Жалпы ережелер


Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану ретінде (ҚР ҚК 362 б.)



бет57/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану ретінде (ҚР ҚК 362 б.) мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаның немесе оған теңдестірілген тұлғаның оның құқықтары мен өкілеттіліктерінің шеңбе-рінен анық тыс жатқан, жасалынуы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына және заңды мүдделеріне немесе қоғамның не болмаса мемле-кеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін әрекеттерді жасауы ұғынылады.
Осы баптың 4-ші бөлімінің үшінші тармағына сәйкес мына шарттар орындалған жағдайда әрекет жемқорлыққа қатысы бар әрекетке жатқызылады:
а) ауыр салдардың болуы;
б) өзі немесе басқа тұлғалар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтарды табу немесе басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасау.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүліктің тәркіленуімен бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру түріндегі жаза

қарастырылған.


Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу ретінде (Қазақстан Республикасының ҚК 364 бабы) егер бұл әрекет осындай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтарды немесе өзге формадағы қамқорлықты ұсынуға байланысты заңмен белгіленген тыйымға қарамастан мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаның немесе оған теңдестірілген тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымды құруы, не болмаса осындай ұйымды басқаруға жеке өзі немесе сенімді тұлға арқылы араласуы ұғынылады.
Дәрежеленуші белгілер:
- әрекетті лауазымды тұлғаның жасауы (ҚР ҚК 364 бабының екінші бөлімі);
- әрекетті жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғаның жасауы (ҚР ҚК 369 бабының үшінші бөлігі).
Криминологтардың нұсқауынша, субъекттің осы кәсіпкерлік ұйымына жеңілдіктер мен артықшылықтарды (мысалы, салықтық, сарапшыл көмегі, тауарларды, шикізатты кезектен тыс алу, аукционға қатысу және т.с.с.) немесе өзге қамқорлықты (тексерулерден, ревизиядан босату, өзге де қолайлы жағдайларды жасау және т.с.с.) ұсынуға қатысты әрекеттерінің (кәсіпкерлік қызмет ұйымын құру немесе осындай ұйымды басқаруға араласу) тікелей байланысының болуы тұлғаны кінәлі етіп тану үшін басты шарт болып табылады.
Осы сыбайлас жемқорлық қылмысының жасалуы үшін жазаның мынадай түрлері қарастырылған:
- ҚР ҚК 364 бабының бірінші бөлімі бойынша: негізгілері – бір мың АЕК мөлшеріне дейінгі

айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не болмаса бір жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру; қосымша жаза – мүлікті тәркілеу, белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру;


- ҚР ҚК 364 бабының 2-ші бөлімі бойынша – негізгілері – екі мың АЕК мөлшеріне дейінгі айып-пұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не болмаса екі жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- ҚР ҚК 364 б. 3-ші бөлімі бойынша: негіз-гілері – төрт мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не болмаса төрт жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру.
ҚР ҚК 364 бабының екінші және үшінші бө-лімдері бойынша осы баптың бірінші бөлімін-дегідей жазаның қосымша түрлері қарастырылған.
ҚР ҚК 365 бабына сәйкес заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау ретінде ұйымдас-тырушылық-құқықтық формадан немесе меншік формасынан тәуелсіз жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сонымен қатар егер бұл әрекеттерді мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға немес оған теңдестірілген тұлға қызмет мүдделеріне қарама-қайшы өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану арқылы өзі немесе басқа тұлғалар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтарды табу, не болмаса басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалса, егер бұл жайт азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына және заңды мүдделеріне немесе қоғамның не болмаса мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, дербестікті шектеу не болмаса жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне басқа да заңсыз араласу ұғынылады.
Қарастырылған қылмыс бойынша ең жоғары криминологиялық белсенділік ересек жастағы тұл-ғаларға тиесілі: 30 бен 45 жас аралығы. С.Умбе-талиевтің пікірінше, осы қылмыстарды жасайтын түлғалардың ішінде салық органдарының қызмет-керлерінің үлесі 45,4%, жергілікті атқарушы орган-дардікі – 36,3%, саниатрлық-эпи-демиологиялық және мал дәрігерлік қадағалау органдарынікі – 18,1%. Ауылдық елдімекендегі қылмыстардың жасалуныуына 63,6% тиесілі, қалада – 36,3%*.
Осы қылмыстың жасалуы үшін жазаның мынадай негізгі түрлері қарастырылған:
- ҚР ҚК 365 бабының бірінші бөлімі бойынша – екі мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не болмаса екі жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- ҚР ҚК 365 бабының екінші бөлімі бойынша (әрекетті жасаған: а) лауазымды тұлға; б) алдын-ала келісім бойынша тұлғалар тобы; в) ірі көлемде)
– бес мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не болмаса бес жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- ҚР ҚК 365 бабының үшінші бөлімі бойынша (әрекетті жасаған: а) жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлға; б) аса ірі көлемде; в) қылмыстық топ немесе қылмыстық топ мүддесіне орай) – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге ____________________
*Қараңыз:Умбеталиев С.С. Проблемы предупреждения воспрепятствования законной предпринимательской деятельности. – Алматы: «Өркениет». -2002. – 42-43 б.

бостандықтан айыру.


ҚР ҚК 365 бабының барлық үш бөлімі бойынша қосымша жаза түрлері ретінде мыналар қарастырылған: мүлікті тәркілеу, белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда
болу құқығынан өмір бойы айыру.
ҚР ҚК 366 бабына сәйкес пара алу ретінде мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаның, не болмаса оған теңдестірілген тұл-ғаның немесе жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғаның, сонымен қатар шетелдік мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды тұлға-сының өзі немесе басқа тұлғалар үшін пара беру-шінің немесе оған өкілдік ететін тұлғалардың пайдасы үшін жасалған әрекет (әрекетсіздік) үшін, сонымен қатар жалпы қамқоршылық немесе жол берушілік үшін, егер мұндай әрекеттер (әрекет-сіздіктер) осы тұлғаның қызметтік өкілеттіктеріне жататын болса, немесе ол лауазымдық жағдайға байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіз-дітерге) себептесе алатын болса, жеке немесе делдал арқылы ақша, құнды қағаздар, өзге мүлік, мүлік құқығы немесе мүліктік сипаттағы пайда түріндегі параны алуы ұғынылады.
Ақша, оның формасынан – купюрадағы (ақашалай белгі), тиын түріндегі формасынан тәуелсіз, пара беру кезінде ұлттық, сондай-ақ шетелдік валютада келтірілуі мүмкін. Бұл ретте мынаны ажыратып алған жөн: а) олар қолданыста бар ма, қазіргі кезде есеп (жинақтау) операция-ларын жүргізу үшін пайдаланыла ма; б) олар ақша айналымынан шықты ма және коллекция жинау заты ретінде таныла ма, нумизматика ма.
Егер бұл ақша коллекция жинау үшін құнды болса, бірақ шынайы ақша айналымында болмаса, пара ретінде олар ақшаға емес, «өзге мүлікке» жатқыщылады. Бағалы қағаздарға облигациялар, акциялар, вексельдер, чектер, депозит сертификаттар, консоменттер, аккредитивтер және т.с.с. жатқызылады.
Өзге мүліктер ретінде материалдық құнды-лыққа ие кез келген заттар меңзеледі, мысалы: зергерлік бұйымдар, жиһаз, автомобильдер, тұрмыстық және басақ да техника, киім-кешек, азық-түлік өнімдері және т.с.с.
Мүліктік сипаттағы пайдаға, мысалға, анық тым төмендетілген бағамен туристтік сапарды ұйымдастыру, пәтер жөндеу жатқызылады.
Пара беруді жасағаны үшін жазаның мынадай негізгі түрлері қарастырылған:
- ҚР ҚК 366 б. 1-ші бөлімі бойынша – параның елу есе арттырылған сомасы көлеміндегі айыппұл не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
- ҚР ҚК 366 б. 2-ші бөлімі бойынша (елеулі мөлшердегі әрекетті жасау, сонымен қатар заңсыз әрекет (әрекетсіздік) үшін пара алу) – параның алпыс есе арттырылған сомасы көлеміндегі айыппұл не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
- ҚР ҚК 366 б. 3-ші бөлімі бойынша (әрекет келесідей жасалған: а) бопсалау арқылы; б) топпен неалдын-ала келісім бойынша; в) ірі көлемде; г) бірнеше мәрте) – параның жетпіс есе артты-рылған сомасы көлеміндегі айыппұл не жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
- ҚР ҚК 366 б. 4-ші бөлімі бойынша (әрекетті қылмыстық топ жасаған, сонымен қатар аса ірі көлемде) – параның сексен есе арттырылған сома-сы көлеміндегі айыппұл немесе он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚК 366 бабының барлық төрт бөлімі бойынша қосымша жаза түрлері қарастырылған:
- мүлікті тәркілеу;
- белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.
Бопсалау негізінде бөтен мүлікті немесе мүлік құқығын табыстау немесе күш қолдану немесе жойып жіберу не болмаса бөтен мүлікті зақымдау қоқан-лоқысын, сонымен қатар зардап шегушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мағлұматтарды немесе зардап шегушінің немесе оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін басқа да мағлұматтарды тарату қоқан-лоқысын көрсетіп, мүліктік сипаттағы өзге әрекеттерді жасау талабында жатыр (ҚР ҚК 194 бабын қараңыз).
Пара алуға сыбайлас жемқорлық қылмысы – пара беру етене байланысады. Қазақстан Республикасының ҚК 367 бабына сәйкес пара беру ретінде параны мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаға, не болмаса оған теңдестірілген тұлғаға немесе жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғаға, не болмаса лауазымды тұлғаға, сонымен қатар шетелдік мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасына жеке дара немесе делдал арқылы табыстау ұғынылады.
Пара беру кезінде болатын салдардың сипатынан тәуелді ҚР ҚК 367 бабында төрт бөлім қарастырылады. Бірінші бөлім бойынша жазаның негізгі түрлері қарастырылған: параның жиырма еселенген сомасы көлеміндегі айыппұл немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚК 367 бабының екінші бөлімі бойынша (елеулі көлемдегі әрекеттің жасалуы) негізгі жаза түрлері қарастырылған: параның жиырма еселенген сомасы көлеміндегі айыппұл немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚК 367 бабының үшінші бөлімі бойынша (әрекеттердің алдын-ала келісім бойынша тұлғалар тобымен; ірі көлемде, бәрнеше мәрте жасалуы) негізгі жаза түрлері қарастырылған: параның қырық еселенген сомасы көлеміндегі айыппұл немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚК 367 бабының төртінші бөлімі бойынша (әрекеттердің аса ірі көлемде немесе алдын-ала келісім бойынша тұлғалардың қылмыстық тобымен жасалуы) негізгі жаза түрлері қарастырылған: параның елу еселенген сомасы көлеміндегі айыппұл немесе он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚК 367 бабының барлық төрт бөлімі бойынша қосымша жаза түрлері қарастырылған: мүлікті тәркілеу; белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына ҚР ҚК 368 бабымен қарастырылған парақорлыққа делдал болу жатқызылады.
Парақорлыққа делдал болу ретінде пара алушы мен пара беруші арасындағы параны алу және беру туралы келісімді іске асыруда немесе оған қол жеткізуде оларға себептесу ұғынылады.
Себептесу парақорлыққа қызығушылық білдіруші субъектілер арасында белгілі бір келіссөздерді жүргізуден, парақорлықты жасасу шарттарын талқылаудан, пара берушіден пара алушыға параны тікелей табыстаудан және т.с.с. тұруы мүмкін.

Делдалдың ерекшелігі оның пара берушімен де, пара алушымен де байланысты болуында немесе балйанысқа шығуында жатыр. Ол табыстаушы түйін ролін атқарады.


ҚР ҚК 368 бабында екі бөлім қарастырылған. Бірінші бөлім бойынша жазаның негізгі түрлері ретінде мыналар келтірілген: параның он еселенген сомасы көлеміндегі айыппұл немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚК 368 бабының екінші бөлімінде (әрекеттің бірнеше мәрте немесе қылмыстық топпен немесе өзінің қызметтік жағдайын пайдалану арқылы тұлғамен жасалуы) жазаның негізгі түрлері қарастырылған: параның жиырма еселенген сомасы көлеміндегі айыппұл немесе алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚК 368 бабының екі бөлімі бойынша қосымша жаза түрлері қарастырылған: мүлікті тәркілеу; белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.
ҚР ҚК 369 бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қызмет бабында жалған құжат жасау жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет