1-тақырып. Жалпы ережелер


Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісі



бет59/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісі

Қарастырылып отырған қылмыстардың жалпы субъектісі – бұл он алты жасқа толған, ақыл-есінде ауытқулары жоқ тұлға. Бұған қоса, лауазымды ьұлға, не болмаса мемлекеттік қызметкер осы қылмыстардың субъектілері бола алады. Бұл жайт осы субъектілерді арнайы ретінде белгілеу үшін негіз болып табылады.


Субъектілердің арнайы сипаты мыналармен

түсіндіріледі:


- тиісті тұлғаларға мемлекет атынан белгілі бір міндеттерді жүктеу;
- субъект тарапынан осы міндеттерді орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы саналы, қасақана сипатқа ие.
Мемлекеттік қызметкер, сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісі, ақы төленетін мемлекеттік лауазымдағы немесе мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында оған ұсынылған өкілеттіктерді жүзеге асыратын ҚР азаматы ретінде танылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының ҚК 366 және 367 баптарына сәйкес (пара алу және пара беру) субъект ретінде шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болуы мүмкін.
С.М. Рахметов пен Г.С. Мауленовтың пікі-рінше, мемлекеттік қызметкерлерге саяси мем-лекеттік қызметкерлер деп аталатын қызмет-керлер жатады. Саяси лауазымдарға саяси мемле-кеттік қызмет лауазымындағы мына қызметкерлер жатады:
1) ҚР Президенті тағайындайтын қызмет-керлер, олардың орынбасарлары;
2) ҚР Парламентінің Палаталары және Пар-ламент Палаталарының өкілдері сайлайтын және тағайындайтын қызметкерлер, олардың орынбасарлары;
3) ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментті (Жоғарғы сот аппараты) басқаратын қызметкерлер, олардың орынбасарлары;
4) Конституцияға сәйкес Президент және Үкімет өкілдері болып табылатын қызметкерлер;
5) Орталық атқарушы органдарды басқаратын
қызметкерлер (жетекшілер), орынбасарлары*.
Бұған қоса, айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 4 бабына сәйкес техникалық қымет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттің органдардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мемлекеттік қызметкерлерге жатпайды. Сол себеп-ті олар мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғалар болып танылмайды, және сәйкесінше сыйбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектілері болып есептелмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет