1-тақырып. Жалпы ережелер


-тақырып. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әкімшілік-құқықтық саясаты



бет67/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

12-тақырып. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әкімшілік-құқықтық саясаты
Жоспар
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы бойынша теріс қылық түсінігі
2. Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты теріс қылықтар
3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы әкімшілік теріс қылықтың субъектісі және объектісі
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы бойынша теріс қылық түсінігі

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты теріс қылық мағынасын дұрыс түсіну үшін аясында аталған құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (қысқартылған нұсқасы – ҚР ӘҚБК) заңды көріністерін тапқан жеке үғымдарды түсініп алған жөн.


Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру және олардың атқарушы-өкім беруші қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін құқық саласы (1917 жылғы Октябрь революциясына дейін әкімшілік құқық полиция құқығы деп аталған)*.
Әкімшілік құқық бұзушылық теріс қылық деп аталады. Әкімшілік теріс қылық үшін ҚР ӘҚБК нормаларымен заңды әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Әкімшілік теріс қылық қылмыстық және қылмыстық тұрғыда жазаланатын қылмыстан
___________________
* Қараңыз: Үлкен заң сөздігі. – М.: ИНФРА-М. – 2002. – 17 б.

қоғамдық қауіптіліктің төмен дәрежесімен өзгешеленеді. Әкімшілік теріс қылықтың синонимі бар – деликт. «Деликт» термині заңнамалық тұрғыда бекітілмеген, бірақ ғылыми еңбектерде кеңінен қолданылады.


Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл жеке тұлғаның заңға қайшы, айыпты (қасақана немесе абайсыз) әрекеті немесе әрекетсіздігі, не болмаса заңды тұлғаның заңға қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі, ол үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде әкімшілік жауапкершілік қарасты-рылған (25 бап, бірінші бөлім).
Бұл ретте, егер құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тудырса ғана әкімшілік жауапкершілік әрекет ете бастайтынын ескерген жөн.
Әкімшілік және қылмыстық теріс қылықтар шектес сипатқа ие болғандықтан әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтау қиындық тудырады.
Әкімшілік жауапкершілікке тек жеке тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалар да тартылуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін анық білу қажет, оларды есепке алу әкімшілік теріс қылықты қылмыстық немесе тәртіптік теріс қылықтан ажыратуға мүмкіндік береді.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне мыналар жатады:
- қоғамға қарсылық;
- құқыққа қайшылық;
- айыптылық;
- жазаланушылық.
Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіретін әрекеттердің жасалуы әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамға қарсы белгісі ретінде ұғынылады.
Әкімшілік құқық мәнмәтінінде ұсақ бұза-қылық, тыныштықты бұзу, алкогольдік сусын-дарды ішу немесе мас күйінде қоғамдық орын-дарда болу оқиғалары әкімшілік құқық бұзу-шылықтың әлеуметке қарсы сипатының мысал-дары болып табылады.
Құқық нормаларын бұзатын әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылықтың құқыққа қайшылығы ретінде ұғынылады. Бұл ретте әкімшілік құқық нормалары ғана емес, сондай-ақ құқықтың шектес салаларының (еңбек, жер, қаржы және т.с.с.) нормалары бұзылуы мүмкін. Әкімшілік құқықтағы құқыққа қайшы белгілердің бар екенін растау үшін құқықтың өзге шектес салаларының нормалары әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалуы маңызға ие.
Құқыққа қайшылық секілді әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісінің мәнмітінінде мысал ретінде мыналарды келтіруге болады: кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы ҚР ӘҚБК нормалары (29 тарау), алайда бұл саладағы қарым-қатынастар кедендік құқық нормаларымен реттеледі; қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар туралы ҚР ӘҚБК нормалары (21 тарау), бұл ретте аталған салалардағы қарым-қатынастар экологиялық құқық нормаларымен реттеледі.
Нақты субъектпен әкімшілік заңмен тыйым салынған әрекетті жасалғанына қатысты шынайы айыптылығы заңмен белгіленген тәртіпте дәлелденген осындай әрекет әкімшілік құқық бұзушылықтың айыптылық белгісі ретінде ұғынылады.

Тұлға әрекетті саналы түрде жасағанда мұндай әрекет айыпты түрде жасалады. Х.Ю. Ибраги-мовтың пікірінше, әрекетті құқық бұзушылық ретінде тану үшін бұл әрекет еріктің немесе сананың білінуі болатынын, яғни ақыл-есі дұрыс адамның психикалық қызметінің өнімі болатынын анықтау (дәлелдеу) қажет*.


Осылайша, әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне сай келетін әрекеттердің ақыл-есінде ауытқуы бар тұлғамен (психикалық ауытқулармен ауыратын тұлғамен) жасалуы айыптылық белгісіне ие емес.
Әкімшілік құқық бұзушылықты абайсыздықта жасау жазалауды жоққа шығармайды, себебі ерік пен ақыл белгілері бұл жағдайда да жоқ емес.

Жасалған әрекет үшін әкімшілік заңнамада (ҚР ӘҚБК) әкімшілік жазаның қарастырылуы әкімшілік құқық бұзушылықтың жазаланушылық белгісі ретінде ұғынылады.


Жазаланушылық секілді әкімшілік теріс қылықтың белгісі туралы сөз қозғағанда әкімшілік заңнамада жаза қолданылмайды.


Дегенмен, ӘҚБК 40 бабының ережелеріне сәйкес, жасалған құқық бұзушылық үшін әкімшілік ықпал ету шаралары ретінде жазалау емес (бұл қылмыстық құқықта қарастырылған), әкімшілік жаза қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет