Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс Орындаған: Төлегенова Қ. д



Дата23.12.2021
өлшемі117,22 Kb.
#128254
Байланысты:
125828.pptx
Документ, Документ, Документ, Документ, Документ, Документ, Документ, Документ, Документ, Документ, Документ, -1210157399

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс

Орындаған: Төлегенова Қ.д

2-курс биология полияз.

Тексерген: Майсатаева А.Ш

  • Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері: 

1) әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;  2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;  3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;  4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің түрлері

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің екі түрін бөліп алуға болады, олар әдеттегідей және оңайлатылған әдеттегі өндіріс түрі істердің көпшілігіне тән, ол заңнамада жан-жақты реттелген. Кодексте тікелей көзделген істер жеңілдетілген өндіріс тәртібінде қаралады. Онда іс жүргізу әрекеттері аз әрі жеңіл болады.

ӘҚтК-ке сүйеніп әкімшілік өндірісте бірнеше дербес іс жүргізу сатыларын бөліп алуға болады.

  • 1)әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істі қозғау;
  • 2)істі қарау;
  • 3) іс бойынша қаулы шығару;
  • 4)шешіімге шағым және наразылық келтіру;
  • 5)қабылданған шешімді орындау.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау- әкімшілік өндірістің негізгі сатысы онда іс жүргізу қызметінің осы түріне тән барлық негізгі ерекшеліктер, сипаттар көрініс табады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді мына органдар иен лауазымды адамдар қарауға құқылы:

  • әкімшілік комиссиялары;
  • поселке, ауыл, село әкімшілігінің басшысы;
  • кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия;
  • аудандық (қалалық) соттар, судъялар;
  • ішкі істер органдары;
  • әкімшілік қадағалау функцияларын жүзеге асырушысы органдар мен лауазымды адамдар.
  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісіне қатысушы адамдардың құқықтық мәртебесін заң анықтайды. Оларға жататындар: әкімшілік жауапқа тартылатын адамдар, жәбірленуші, заңды өкілдер, адвокат, куәгер, сарапшылар, аудармашы, маман, Прокурордың қатысуы міндетті емес.

Істі қараудың жалпы мерзімі

Уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және басқа материалдарды алғанна кейін 15 күн. Істердің кейбір санаттары бойынша қысқартылған мерзімдер көзделген: ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу немесе көпшілік орныдарда мас болып жүру және тағы басқа істер туралы – бір тәулік ішінде; рұқсатынсыз радиотартқыш құралдарын жасау және пайдалану туралы істер – үш тәулік ішінде; ұсақ ұрлық туралы істер – бес тәулік ішінде қаралады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:

  • істі қарайтын органның құрамын жариялау немесе лауазымды адамды таныстыру;
  • қандай істің қаралатындығы және кімнің жауапқа тартылатындығын төрағалық етушінің хабарлауы, іске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дауыстап оқу;
  • Іске қатысушыларды таңдау, дәлелдемелерді зерттеу.

 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару.

  • Қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган қаулы шығарады, онда: қаулы шығарған органның аты, іс қаралған күн; іс бойынша шешім шығарылған адамға қатысты мәліметтер; қаралған кезде анықталған мән-жайлардың баяндауы; осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік актіге сілтеме; іс бойынша қабылданған шешім; қаулыға шағым келтірудің тәртібі мен мерзімі.

Іс бойынша қаулы 2 түрлі болады:

  • әкімшілік жаза беру туралы;
  • іс өндірісін қысқарту туралы.
  • Қаулы іс қаралып болған бойда жарияланады. 3 күн мерзімде қаулының көшірмесі өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға, сондай-ақ, сұрап өтініш жасаған жәбірленушіге тапсырылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым және наразылық келтіру.

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған қаулыға прокурор наразылық келтіруі мүмкін. Бұл өндірістің факультативтік белгісі болып табылады.
  • Шағымның немесе наразылықтың қаралу мерзімі – 10 күн, шағымды немесе наразылықты қараушы орган шығарылған қаулының заңдылығын және дәлелдігін тексеруге, істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге міндетті. 

Шешімі:

  • қаулы өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалады;
  • қаулы бұзылады, ал іс қайта қарауға жіберіледі;
  • қаулы бұзылады, іс қысқарады;
  • жазалау шарасы өзгереді, бірақ күшейтілмейді.

Қабылданған шешімді орындау сатысы - өндірістің ақырғы пункті.

Әкімшілік жаза беру туралы қаулы барлық мемлекеттік және қоғамдық органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен лауазымды адамдардың орындалуына міндетті болып келеді.

Мына жағдайларда атқарушы өндіріс қысқартылуы мүмкін: рақымшылық актісі, жауапкершілік белгіленген акт бұзылса, өзіне қатысты қаулы қабылданған адам қайтыс болса.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет