ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Физика, математика және цифрлық технологиялар институты №2 Тапсырма
Алматы 2022
Мемлекеттiк бiлiм стандарты - бұл пәндер бойынша мазмұнның мiндеттi минимумы және оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтiк құжат.
1998 жылы жасақталған стандарттың негiзгi мазмұны 7-11 сыныптарда дүниетанымдық көзқарас, алгоритмдеу және программалау, техникалық және қолданушылар аспектiлерiне бөлiнiп қарастырылған. Аталған аспектiлер базалық, негiзгi және мамандыққа баулу курстары бойынша жеке-жеке концентрлi түрдегi мазмұндарға бөлiп, анықталған. Мұнда қарастырылған мазмұндар ақпараттық технологияның жеделдетiп дамуына байланысты оларды өзгерiстерге ұшырату қажеттiгi туындады. Сондықтан бұл стандарт ҚР БжҒМ-нің 24.09.2002 жылы №693 бұйрығымен бекітіліп төмендегі түрде өзгертiлiп, қайтадан жасақталды. Ол стандартқа қойылатын жалпы талаптың ережелерiне сай айқындалды.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Стандарт ережелерi төмендегідей қарастырылған:
Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм берудi жүзеге асыратын барлық ұйымдарда, олардың меншiктiк формасына, типiне және түрiне тәуелсiз “физика” пәнiн оқытуды жүзеге асыру кезiнде;
мемлекеттiк бiлiм стандарттары және тестiлеудiң ұлттық орталығында қабылдау емтихандары материалдарын дайындау кезiнде;
жоғары оқу орындарында педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезiнде;
бiлiм беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi дайындау барысында;
бiлiм беру жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн жетiлдiру және қайта даярлау институттарында педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн жетiлдiру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында;
бiлiм беру саласындағы орталық және жергiлiктi атқару органдарында оқыту сапасына мемлекеттiк бақылау жүргiзу кезiнде қолданылуы және сақталуы мiндеттi.
Дайындалған стандарт бiлiм берудiң сәйкес сатысының базистiк оқу жоспарымен, бiлiм беру ұйымдарының типтiк оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.