1-тақырып. Жалпы ережелер


-тақырып. Әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстары



бет62/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

11-тақырып. Әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстары
Жоспар
1. Әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық си-паттамасы
2. Әскери сыбайлас жемқорлық қыл-мыстарының субъектісі
3. Әскери сыбайлас жемқорлық қыл-мыстарының объектісі

  1. Әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

ҚР ҚК 3 бабының 29) тармағында қарас-тырылған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тізбесіне, сонымен қатар «Әскери қылмыстық құ-қық бұзушылықтар» деп аталатын 18 тараудың ережелеріне сәйкес әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстарының класына ҚР ҚК-ның мына баптарында қарастырылған әрекеттер жатқызылады:
- 450 – билікті теріс пайдалану;
- 451 (2 тармақ), екінші бөлім) – билікті асыра пайдалану;
- 452 – биліктің әрекетсіздігі.
Әскери қызмет жалпы сипаттағы заңдармен ғана емес, сондай-ақ арнайы сипатқа ие норма-тивтік құқықтық актілердің біртұтас жүйесімен реттеледі. Әскери қызметті атқару жөніндегі бұйрықтардың оқшаулануына әскер мен флот атқаратын функциялардың ерекше болуы себеп. ҚР Конституциясының 36 б. ең маңызды құқықтық бұйрық болып табылады. Бұл бұйрықта «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» делінген.
Әскер мен флот мемлекеттік органдардан оқшауланбайды, олар ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктерге мыналар жатқызылады:
- басқару органдарының қатаң орталық-тандырылуы;
- басқару жүйесіндегі қатаң сатылы иерархия және осы иерархияны бұзғаны үшін тәртіптік және өзге жауапкершіліктің қарастырылуы;
- жүйенің, құрылымның, әскери бірліктердің, стратегиялық тұрғыда маңызды құжаттардың құпиялылығы;
- аумағы қорғалатын әскери бөлімдер мен бөлімшелер орналасуының жергілікті сипаты;
- әскери бөлімдер мен бөлімшелердің өмірі мен қызметінің әскери қызмет туралы арнайы заңдармен, жарғылармен, қаулылармен, ҚР Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен реттелуі;
- соғыс уақытында немесе әскери ахуал жағдайларында жасалатын әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарының қоғамдық қауіптілігінің едәуір жоғарылауы.
Бұйрық – бұл атқарылуы міндетті ұйғарым, өкім, бағынышты адамның қызмет жөніндегі бұйрықта көрсетілген әрекеттерді орындауы немесе орындамауы туралы бастықтың талаптары.
Соғыс уақыты мен әскери жағдай ұғымдарын ажырата білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет